2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 443 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысын тоқтату туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. 2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 443 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің
кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және
көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың
қолданысын тоқтату туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      ЕурАзЭҚ-ке мүше мемлекеттердің халықаралық-құқықтық базасын одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысы тоқтатылсын.

2-бап

      Осы Хаттама депозитарий Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күнінен кейінгі күннен бастап күшіне енеді.
      2010 жылғы «__» _______ ________ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.

     Беларусь              Қазақстан           Қырғыз
Республикасының       Республикасының     Республикасының
   Үкіметі үшін          Үкіметі үшін        Үкіметі үшін
    Ресей                   Тәжікстан
Федерациясының          Республикасының
Үкіметі үшін            Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады