Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 мамырдағы
№ 458 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология және
сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы
келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі
өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық
туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1. 1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге-қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспенің екінші абзацындағы «Тараптардың» деген сөз «Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің метрологиялық қызметтері Үйлестіру комитетінің қатысуымен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес шеңберінде Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану мен дамытуды келісілген түрде жүзеге асырады;»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттерде күшіне енетін ген техникалық регламенттерді, стандарттауды, метрологияны үйлестіру және сәйкестікті бағалау (растау) туралы мемлекетаралық құжаттарды олардың ұлттық заңнамасына сәйкес пайдаланады;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің өлшем бірліктерінің эталондарын және нормативтік құжаттарын өзара мойындайды;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің метрологиялық әскери бөлімдері мен бөлімшелері, техникалық реттеу және метрология жөніндегі ұлттық органдарының ғылыми-зерттеу мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдары орындайтын метрологиялық жұмыстарды жүргізу құқығына аккредиттеу (аттестаттау) нәтижелерін мойындайды.»;
3) 2-бапта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің метрологиялық қызметтері, техникалық реттеу және метрология жөніндегі ұлттық органдарының ғылыми-зерттеу мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдары орындайтын жұмыстардың нәтижелерін мойындау;»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«типті бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау (метрологиялық аттестаттау);»;
жетінші абзац алып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өлшем әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау;»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірліктерінің келемін беру эталондары мен жүйелерін дамытуда өзара іс-қимылды ұйымдастыру;»;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің мүддесінде өлшем бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын қолдану;»;
он үшінші және он бесінші абзацтардағы «Тараптардың» деген сөз «Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жоспарлар мен жобаларды бірлесіп әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау.»;
4) 3-бапта:
екінші абзацтағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясымен келісілген» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Келісімге қатысушылар арасындағы өзара есеп айырысулар кезінде оны іске асыру мақсатында ең қолайлы жағдай және өзара есеп айырысу режимі қолданылады.»;
5) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Нормативтік құжаттармен (техникалық регламенттер, стандарттар, көрсеткіштер, стандарттардың ақпараттық көрсеткіштері және басқа да нормативтік құжаттама) қамтамасыз ету 1995 жылғы 3 қарашадағы Қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы келісімде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
6) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Осы Келісімді қолдану мен түсіндіруге қатысты даулы мәселелер мүдделі Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.»;
7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.»;
8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Осы Келісім кез келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің, сондай-ақ оның мақсаттары мен принциптерін бөлісетін кез келген басқа да мемлекеттің депозитарийге қосылу туралы құжаттарды беру жолымен қосылуы үшін ашық.
Қосылушы мемлекет үшін Келісім депозитарий қосылу туралы құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.».
2. Осы Хаттама депозитарий оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң кейін күшіне енеді.
20 __ жылғы «__» _________ _________ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайды.
Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Түркіменстан Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін