Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 3-жолдың 3-бағанында:
«23136» деген сандар «23507» деген сандармен ауыстырылсын;
«19191» деген сандар «19562» деген сандармен ауыстырылсын;
«15313» деген сандар «15684» деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 23136» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, 18149**
оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері 18133**»;
Ескертпе мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«**-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппаратын, ведомствосын, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, қорытынды штат санының лимиті көрсетілген».
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов