Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және 2010 жылғы 25 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне оның орындалуы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2011 жылғы 10 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 мамырдағы
№ 458 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру жөніндегі
2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралардың атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындалуына жауаптылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
I. «Бір ел — бір тағдыр» |
||||
1. |
Азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарта отырып, ел бірлігін және қазақстандық патриотизмді нығайту жөнінде түрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-насихаттық іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ММ, БАМ, БҒМ ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
2. |
Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, есте қаларлық күндеріне және басқа да қоғамдық маңызды оқиғаларына арналған іс-шараларды әзірлеу мен өткізу кезінде Қазақстанның ел бірлігі доктринасының негізгі қағидаттарын пайдалануды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
3. |
Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыруды және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ММ ҚХА (келісім бойынша) |
2010 жыл бойы |
4. |
Қазақстан Республикасы халқының бірлігіне конституциялық құрылымының беріктігіне, аумақтық тұтастығына және біртұтас құрылымына, экономикалық және саяси қауіпсіздігіне және рухани егемендігіне қауіп төндіретін кез келген іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыстарды күшейту |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) |
2010 жыл бойы |
5. |
Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық ахуалға тұрақты мониторингті жүзеге асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ММ, ІІМ, БП (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
6. |
БАҚ, үкіметтік емес ұйымдарды, этномәдени бірлестіктерді іске асыруға кеңінен тарта отырып, мемлекеттік ақпараттық және әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру кезінде ел бірлігін нығайту тақырыбына басым назар аудару |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, MM, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
7. |
Қазақстанның ел бірлігі доктринасын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөнінде медиа-жоспар әзірлеу және оны іске асыру |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, ММ |
2010 жыл бойы |
8. |
Мемлекеттік телеарналарды тақырыптық саралауды аяқтау жөнінде шаралар кешенін іске асыруды ұйымдастыру (қолданыстағы телебағдарламалардың сапасын шетелдік деңгейге дейін көтеру, хабар тарату торын форматтау, рейтингтік жобалар құру және т.б.) |
ММ-ге ақпарат |
БАМ |
2010 жыл бойы |
9. |
Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту жөнінде шаралар кешенін іске асыру (Қазнет жобалары үшін тегін хостинг ұсыну және т.б.) |
ММ-ге ақпарат |
БАМ |
2010 жыл бойы |
10. |
Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанында БАҚ-та діни тақырыпты жария ету жөнінде әдістемелік кеңес құру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM |
2010 жыл бойы |
11. |
Дін көшбасшыларының кеңесі қызметінің тұжырымдамасын және оны құру тетіктерін әзірлеу |
Қазақстанның Республикасы Үкіметіне ақпарат |
MM |
2010 жыл бойы |
12. |
Этносаралық және конфессияаралық қатынастар тақырыбына арналған материалдарға ерекше көңіл бөле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын қазақстандық және шетелдік БАҚ-тың барлық түрлеріне қолданыстағы заңнаманың сақталуы мәніне тұрақты мониторингті қамтамасыз ету |
ММ-ге акпарат |
БАМ |
2010 жыл бойы |
13. |
Қолданыстағы заңнаманы, жалпыға ортақ қабылданған этикалық нормалар мен қағидаттарды сақтай отырып, БАҚ-та этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін объективті жария етуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
14. |
Этносаралық және конфессияаралық тақырыпты жария ету кезінде этикалық нормалардың сақталуына қоғамдық бақылау жасау тетіктерін құруды және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ |
2010 жыл бойы |
15. |
Дінаралық, этносаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамаларды іске асыратын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту (ЮНЕСКО, Өркениеттер Альянсы, Еуропа кеңесі, Ислам Конференциясы Ұйымы, Араб Мемлекеттері Лигасы, Шіркеулер Кеңесі, «Дін Бейбітшілік үшін» халықаралық конференциясы және басқалары) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM |
2010 жыл бойы |
16. |
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметіне зайырлы және діни БАҚ, әйелдер мен жастар бірлестіктерінің, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерін тарту жолымен әр түрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерінің диалогын кеңейтуге көмек көрсету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM |
2010 жыл бойы |
17. |
Шетелде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін танымал ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру |
ММ-ге ақпарат |
СІМ |
2010 жыл бойы |
18. |
ЕҚЫҰ төзімділік және кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейлі конференциясын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
СІМ |
2010 жыл бойы |
19. |
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, қазіргі заманғы мәдениеті мен өнерін шетелде танымал ету жөніндегі шаралар кешенін (Қазақстанның Мәдениет күндері, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, халықаралық экспедициялар) Ел бірлігі доктринасының басты қағидаттары ретінде Отандық БАҚ-та кеңінен жария ете отырып іске асыруды жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM |
2010 жыл бойы |
II. «Тегі басқа - теңдігі бір» |
||||
20. |
Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
Әділетмині, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
21. |
Нәсіліне, этностық шығу тегіне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қай әлеуметтік топқа немесе қоғамдық ұйымға және саяси партияларға жататынына қарамастан, азаматтық тең құқықтылықты іске асырудың тетіктерін әрі қарай жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау |
ММ-ге ақпарат |
Әділетмині, ІІМ, БП (келісім бойынша) |
2010 жыл бойы |
22. |
Этностық немесе діни қағидат бойынша құрылатын саяси ұйымдарға тыйым салу тетіктерін әрі қарай жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау |
ММ-ге ақпарат |
Әділетмині, БП (келісім бойынша) |
2010 жыл бойы |
23. |
Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарының шеңберінде бәсекеге қабілеттілікті арттырудың шарты ретінде инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, ЭДСМ, АШМ, ККМ, МГМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері «Самұрық-Қазына» АҚ |
2010 жыл бойы |
24. |
Қазақстан Республикасында ауылдық аумақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру |
ММ-ге ақпарат |
АШМ |
2010 жыл бойы |
25. |
2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу және енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы |
ДСМ |
2010 жыл бойы |
26. |
Ауыл жастарын қолдауға бағытталған 2009 - 2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасын және «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруды жалғастыру |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, АШМ |
2010 жыл бойы |
27. |
«Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде оралмандарды бейімдеуді және біріктіруді қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
Еңбекмині |
2010 жыл бойы |
28. |
«Бизнестің жол картасы - 2020» тиімді іске асыруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
ЭДСМ |
2010 жыл бойы |
29. |
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын реттеудің және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірлеу және Үкіметтің қарауына енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, БҒМ |
2010 жыл бойы |
30. |
Ауыр өмір жағдайына душар болған адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандарттарын енгізу |
ММ-ге ақпарат |
Еңбекмині |
2010 жыл бойы |
31. |
Этносаралық және конфессияаралық төзімділік мәселелері бойынша жоғары оқу орындарына арналған үлгі бағдарлама жобасын дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ММ, БҒМ |
2010 жыл бойы |
32. |
Білім беру мекемелері үшін «Төзімділіктің теориялық аспектілері» тақырыбында оқу-әдістемелік материалдар жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ММ, БҒМ |
2010 жыл бойы |
33. |
Қазақстандағы, таяу және алыс шетелдердегі танымал дінтанушыларды тарта отырып, тұрақты жұмыс істейтін «Дінтану дәріснамасын» құру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM |
2010 жыл бойы |
34. |
Полилингвистикалық қоғамдағы тіл саясаты және этномәдени құрылым; |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM, БҒМ, ҚХА (келісім бойынша) |
2010 жыл бойы |
III. «Ұлт рухының дамуы» |
||||
35. |
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге басымды назар аудара отырып, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу және енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы |
MM |
2010 жыл бойы |
36. |
«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасының орындалуын және оның нәтижелерін кеңінен танымал етуді жандандыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ММ, БАМ |
2010 жыл бойы |
37. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қазақстандық қоғамның рухани негізі болып табылатын Ұлттың, мемлекеттің, қоғам мен отбасының біртұтастығын көздейтін, дәстүрлі, моральдық және адамгершілік құндылықтарды танымал ететін ҮЕҰ жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
38. |
Қазақ тіліндегі баспа БАҚ және Интернет-ресурстардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау |
ММ-ге ақпарат |
БАМ |
2010 жыл бойы |
39. |
Этномәдени бірлестіктердің, ұлттық театрлардың, этностардың тілдеріндегі баспа БАҚ-ты мемлекеттік қолдау жөніндегі жүйелі шараларды жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ММ, БАМ |
2010 жыл бойы |
40. |
Жексенбілік мектептер желілерінің базасында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын әрі қарай дамыту жөнінде шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ММ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
41. |
Республикалық, өңірлік ономастика және терминология комиссияларының өзара іс-қимылының нақты жүйесін қалыптастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
42. |
IV Бүкіләлемдік қазақтар құрылтайын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM |
2010 жыл бойы |
43. |
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу және енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2010 жыл бойы |
44. |
Жастар саясатын іске асыру шеңберінде өзара құрмет пен патриотизм, Отанға және өзінің халқына адал қызмет ету қағидаттары негізінде жас ұрпаққа тәрбие беру жұмыстарын күшейту |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, ІІМ, Қорғанысмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
45. |
Жастар мен жастар ұйымдарына арналған ресурстық қорлар арқылы білімді танымал етуге, қабілеттерді, дағдыларды, кәсіптілікті тұрақты түрде жетілдіріп отыруды көздейтін жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ |
2010 жыл бойы |
46. |
«Жастар Отанға» жобасының шеңберінде жастар ұйымдарының қоғамдық маңызды бастамаларын іске асыру |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ |
2010 жыл бойы |
47. |
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына Қазақстанның ел бірлігі доктринасының негізгі басымдықтарын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды енгізуді көздеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
MM, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2010 жыл бойы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі