1992 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы арасындағы Халықаралық Федерацияның Алматыдағы өңірлік өкілдігінің мәртебесі туралы келісімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы түзетуге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 475 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы арасындағы Халықаралық Федерацияның Алматыдағы өңірлік өкілдігінің мәртебесі туралы келісімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы түзетудің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 1992 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы арасындағы Халықаралық Федерацияның Алматыдағы өңірлік өкілдігінің мәртебесі туралы келісімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы түзетуге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 475 қаулысымен   
мақұлданған    

1992 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қызыл Крест
және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы
арасындағы Халықаралық Федерацияның Алматыдағы өңірлік
өкілдігінің мәртебесі туралы келісімге
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы түзету

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы төмендегілер туралы келісті:
      1992 жылғы 10 тамыздағы Халықаралық Федерацияның Алматыдағы өңірлік өкілдігінің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы арасындағы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 14-бабына сәйкес Тараптар оған мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізуге келіседі:
      1. Келісімнің 6-бабының 1-тармағында «тікелей» деген сөз алып тасталсын;
      2. Келісімнің 6-бабының 2-тармағында «кеден салығынан» деген сөздерден кейін «және салықтардан» деген сөздермен толықтырылсын.
      Осы Түзету қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы Қазақстан Республикасының Үкіметінен оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Астана қаласында 2010 жылғы «___» __________ қазақ және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының       Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай
            Үкіметі үшін               Халықаралық Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады