Каспий теңізі акваториясының қазақстандық секторының жағалау инфрақұрылымын кеңейту мен дамытудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 478 Қаулысы

      Теңіз операцияларын жағалауда қолдау үшін инфрақұрылым құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағалау инфрақұрылымын салуға жауапты заңды тұлғаларға табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету шартымен Каспий теңізінің акваториясындағы су қорының жерлерінен жер учаскелерін 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге уақытша ақылы жер пайдалануға беруді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Маңғыстау облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады