Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат, № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
602-баптың 1-тармағындағы «жергілікті атқарушы органның» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж, № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
33-бапта:
екінші бөлік «өздері отырған тұрғын үйлерді» деген сөздерден кейін «тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «тұрғын жай (жатақхана)» деген сөздер «тұрғын үй» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат):
18-баптың 3) тармақшасындағы «тұрғын үй жағдайын жақсартуға» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат):
12-бапта:
үшінші бөліктегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген мөлшерде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «тұрғын үй» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж, № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
11-бапта:
1-тармақта:
«тұрғын үй жағдайын жақсартуға» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«Мемлекеттік және ұжымдық» деген сөздер «Коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«17-бабында» деген сөздерден кейін «және тұрғын үй заңнамасында» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтардың алдын aлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен
зейнеткерлерінің тұрғын үй құқығы
1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқығын пайдаланады.
2. Күнтізбелік он жылдан астам қызмет атқарған ішкі істер органдарының қызметкерлері осы аталған қызметкерлердің қалауы бойынша тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.
3. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін, егер тұрғын үй заңнамасында өзгеше көзделмесе, басқа үй-жай берілмейінше, қызметтік тұрғын жайлардан немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйлерден шығаруға болмайды.
4. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй қорының тиістілігіне қарамастан, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетуге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығыстарды төлеуге Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ақшалай өтемақы төленеді.
5. Ішкі істер органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей тұрғын үй заңнамасында белгіленген шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.».
7. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж, № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
53-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокуратура органдарының қызметкерлері тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқығын пайдаланады.
4. Күнтізбелік он жылдан астам қызмет атқаратын прокуратура органдарының қызметкерлері осы аталған қызметкерлердің қалауы бойынша тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.»;
5-тармақта:
«қызметтік үй-жайларынан» деген сөздер «қызметтік тұрғын үйлерінен немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйлерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«зейнеткерлері» деген сөзден кейін «, егер тұрғын үй заңнамасында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «заңда» деген сөз «тұрғын үй заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж, № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж, № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
20-баптың 4-тармағында:
«заңдарда» деген сөз «тұрғын үй заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын алаң» деген сөздер «тұрғын үй» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
10-7-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Күнтізбелік он жылдан астам қызмет атқаратын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері осы аталған қызметкерлердің қалауы бойынша тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.»;
екінші бөлік «қызметкерінің отбасы» деген сөздерден кейін «, егер тұрғын үй заңнамасында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 2-бапта:
20) тармақша «қызметтік тұрғын жай -» деген сөздерден кейін «мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және» деген сөздермен толықтырылсын;
21) тармақшада:
«мемлекеттік тұрғын үй» деген сөздер «коммуналдық тұрғын үй» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздерден кейін «немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, басқа адамдарға да» деген сөздермен толықтырылсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) мемлекеттік тұрғын үй қоры - мемлекетке меншік құқығымен тиесілі және коммуналдық тұрғын үй қорынан, мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұратын тұрғын жай;»;
мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-1) коммуналдық тұрғын үй қоры - жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы, тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген тұрғын жай;
22-2) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры - мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын жай;
22-3) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры - тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын жай;»;
25) тармақша алып тасталсын;
28) тармақшадағы «және басқа да міндетті» деген сөздер алып тасталсын;
41) тармақшадағы «тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңы» деген сөздер «тұрғын жайлардың жалпы алаңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) тармақшадағы «бөліктері.» деген сөз «бөліктері;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 51) және 52) тармақшалармен толықтырылсын:
«51) тұрғын жайдың, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қалдық құны - тұрғын жайдың, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) табиғи тозуын шегеріп тастағандағы бастапқы құны;
52) тұрғын жайдың, тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) тозуы - табиғи, климаттық әсердің және өзге де факторлардың нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдалану сапасын (төзімділігін, тұрақтылығын, сенімділігін және т.б.) жоғалту.»;
2) 3-баптың 3-тармағында:
«мемлекеттік кәсіпорындардың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің» деген сөздермен толықтырылсын;
«және басқа заң актілерінде көзделгендегіден басқа жағдайларда,» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ соттың шешімі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 10-1-бапта:
6) тармақшадағы «айқындайды.» деген сөз «айқындайды;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды жекешелендіру тәртібін айқындайды;
8) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайға немесе жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайға мұқтаж азаматтарды есепке қою тәртібін айқындайды;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай беру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайды жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартын айқындайды.»;
4) 10-3-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «қабылдайды.» деген сөз «қабылдайды,» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) өздеріне ведомстволық бағынысты аумақта тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
6) осы Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен өтеуді қамтамасыз етеді;
7) азаматтардың меншігіне осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жай беруді жүзеге асырады;
8) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету бойынша шаралар қабылдайды.»;
5) 10-4-баптың 2-тармағында:
6) тармақшада:
«жағдайларда» деген сөз «жағдайда» деген сөзбен ауыстырылсын;
«қамтамасыз етеді.» деген сөздер «қамтамасыз етеді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) азаматтардың меншігіне осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жай беруді жүзеге асырады.»;
6) 13-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«келісімімен» деген сөзден кейін «кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын ескере отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
«тәртіппен» деген сөзден кейін «қалдық құны бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген шарттармен және» деген сөздер «осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақтағы «(пәтерді)» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Мыналар:
сатып алуға олардың біреуі келісім бермеген жағдайда бірнеше жалға алушыға жекелеген жалдау шарттарына сәйкес жалға берілетін;
уақытша құрылыстардағы;
белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермейтін;
одан әрі тұруға жарамсыз болғандықтан, тұрғын емес үй-жайға қайта жабдықтауға жататын үйлердегі;
әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
бұзылуға жататын;
жалғыз тұрғын жайы белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтардың пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын жайлар жекешелендірілмейді.
8. Мемлекеттік тұрғын үй қорының өзі тұратын тұрғын жайларын меншігіне өтеусіз алуға мыналар құқылы:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары. Аталған тұрғын үй-жай берілген Ұлы Отан соғысының мүгедегі және (немесе) қатысушысы қайтыс болған жағдайда өтеусіз тұрғын жай алу құқығы отбасының мүшелеріне ауысады;
I және II топтағы мүгедектер;
Чернобыль АЭС-індегі, азаматтық немесе әскери мақсаттағы басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға және оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскер қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде немесе фронтта болуына байланысты науқастануы салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе жауынгерлік іс-қимыл болған басқа мемлекеттерде әскери қызметтен өткен кезде жаралану, контузия алу, мертігу салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметкерлер;
Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар;
күнтізбелік есеппен 20 және одан көп жыл қызмет атқарған әскери қызметкерлер.»;
7) 32-баптың 2-2-тармағындағы «Кондоминиумды» деген сөзден кейін «бастапқы» деген сөзбен толықтырылсын;
8) 43-баптың 2-тармағындағы «, қорғаншылары немесе қамқоршылары» деген сөздер «және өзге де заңды өкілдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай беру шарттары
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай оған мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және мыналарға:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу туралы өтініш беру алдында соңғы он екі айда әрбір отбасы мүшесіне шаққандағы өтініш берген кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 есе мөлшерінен төмен жиынтық орташа айлық табысы бар халықтың әлеуметтік осал топтарына. Ең төменгі күнкөріс деңгейін облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) статистика жөніндегі уәкілетті орган және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган есептейді;
3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз үйі белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
Жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға берілетін тұрғын жай, қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі.
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар осы кәсіпорынның тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлеріне және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, басқа адамдарға да пайдалануға беріледі. Оларға берілетін тұрғын жайлар қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі.
2-1. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын осы мекеменің тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерінің пайдалануына беріледі. Оларға берілетін тұрғын жайлар қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі.
3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар өздерінің жалғыз тұрғын үйі ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ипотека мәні болып табылған және оны тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.»;
10) 68-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «қорғалатын» деген сөз «осал» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1 және 2 топтағы мүгедектер;»;
11) 69-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі «тұрғын үйге» деген сөздер «мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан және мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын жай берген сәтте» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын жай берген сәтте осы елді мекенде өздерінің меншік құқығында тұрғын жайлары болмаса;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан пайдалануда өздерінің тұрғын жайлары болмаса;»;
12) 70-бап мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Азамат зайыбымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғын жайды ғана жекешелендіруге құқылы.
Жалға алушының отбасы мүшесі тұрғын жайдағы жалпы бірлескен меншік құқығына тиесілі үлесті сатып алған жағдайда тұрғын үй жекешелендірілді деп танылмайды.»;
13) 71-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын жай беруге болатын азаматтарды есепке алу
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында жүзеге асырылады.
Осы Заңның 67-бабының 1-тармағында аталған азаматтар есепке қойылады.
1-1. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын жай беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша мемлекеттік кәсіпорында жүзеге асырылады.
Осы Заңның 67-бабының 2-тармағында аталған азаматтар есепке қойылады.
1-2. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын жай беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша мемлекеттік мекемеде жүзеге асырылады.
Осы Заңның 67-бабының 2-1-тармағында аталған азаматтар есепке қойылады.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайға мұқтаж азаматтарды есепке қою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайға мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар кезегінің тізіміне әрбір 5 жылда түгендеу жүргізеді.»;
14) 73-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «тұрақты тұру үшін кетсе» деген сөздерден кейін «немесе мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын жайға мұқтаж деп танылған жағдайда осы мемлекеттік кәсіпорында немесе мемлекеттік мекемеде еңбек қатынастарын тоқтатқанда» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада «не есепке алу туралы мәселені шешу кезінде лауазымды адамдар заңсыз әрекет жасаса» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған есепке алынған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарылмайды.»;
15) 74-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай берілуге мұқтаждар есебінің тізімін былайша дара (бөлек) жүргізеді:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2) халықтың әлеуметтік осал топтары;
3) мемлекеттік қызметшілер, бюджет саласының қызметкерлері, әскери қызметшілер және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар;
4) жалғыз тұрғын жайы белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтар.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда, дара (бөлек) тізім бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай бөлуді, егер осы Заңда немесе басқа да заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, дара (бөлек) тізімдердің санына қарай ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай берілуге мұқтаждар есебінің бөлек тізімдерін жыл сайын бірінші тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды. Тұрғын жай алған адамдардың тізімдері тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің тізімдерінде белгіленген олардың кезегі көрсетіле отырып, жергілікті атқарушы орган тұрғын үй беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын жай берілуге мұқтаж азаматтар кезегінің тізімін жүргізеді.
2-2. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын жай берілуге мұқтаж азаматтар кезегінің тізімін жүргізеді.»;
3-тармақта:
екінші сөйлемдегі «тұрғын үй алуға» деген сөздерден кейін «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«тізімге» деген сөз «тізімдерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының бірінші кезекте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай алу құқығы бар.»;
16) 75-бапта:
1-тармақта «бір бөлмелі пәтер» деген сөздерден кейін «немесе жатақханадағы бөлме» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
17) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үй беру туралы шешім
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен беріледі.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын жай мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй комиссиясының тұрғын жай беру туралы шешімінің негізінде беріледі және 3 данада жасалатын тұрғын жайды жалдау шарты ресімделеді. Олардың біреуі мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
3. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын жай мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының тұрғын жай беру туралы шешімінің негізінде беріледі және 3 данада жасалатын тұрғын жайды жалдау шарты ресімделеді. Олардың біреуі мемлекеттік мекеменің әкімшілігінде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.»;
18) 78-бапта:
«тұрғын үй алған адамдардың тізімі» деген сөздерден кейін «бұл мәліметтер мемлекеттік немесе қызметтік құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей жергілікті атқарушы органдардың (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың, мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің интернет ресурстарына танысу үшін орналастырылады, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
«отбасының құрамы,» деген сөздер алып тасталсын;
19) 79-бап алып тасталсын;
20) 80-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздерден кейін «немесе мемлекеттік мекеме» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «, тұрғын үйді пайдалану, тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп ұстау ережесін» деген сөздер «мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жай беру және пайдалану тәртібін» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 96-баптағы «100,» деген цифрлар алып тасталсын;
22) 12-тараудың тақырыбындағы «қалалық» деген сөз алып тасталсын;
23) 97-бапта:
тақырыбындағы «қалалық» деген сөз алып тасталсын;
1-тармақта:
«(коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлерде)» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорындағы үйлерде)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлеріндегі тұрғын жайды пайдаланғаны үшін төленетін ақының мөлшерін есептеуді уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.»;
2-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «қалалық» деген сөз алып тасталсын;
24) 98-бапта:
тақырыбында және мәтінінде:
«мемлекеттік» деген сөз «коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтардың» деген сөздер «Халықтың әлеуметтік осал топтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін тұрғын жайды жалдаушы қалдық құны бойынша осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіруіне болады.
Халықтың әлеуметтік осал топтары өздері тұратын тұрғын жайды өз қалауы бойынша жекешелендіруге құқылы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жай жалдаушының меншігіне өтеусіз беріледі.»;
25) 100-бап алып тасталсын;
26) 101-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«101-бап. Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жайлардың
құқықтық режимі
1. Қызметтік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жайларды пайдалану жөніндегі қатынасқа осы Заңның 93 және 95-баптарының ережелері қолданылмайды.
2. Көрсетілген тұрғын жайларды беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қосқанда) кемінде он жыл жұмыс істесе, сондай-ақ еңбек қатынастары:
1) ұйымның (кәсіпорынның) таратылу, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылу;
2) одан әрі жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты негіздер бойынша тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұратын, қызметтік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жайды қалдық құны бойынша осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіре алады.
4. Сол елді мекенде қызмет атқарған кезеңге қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй берілген әскери қызметшілер он жыл әскери қызмет стажынан кейін, ал еңбек сіңірген жылдары, науқастануы немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен босаған кезде қызмет мерзіміне қарамастан оны (әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де жабық объектілерде орналасқан тұрғын жайларды қоспағанда) жекешелендіруге құқылы.
Мұндай тұрғын жайды, оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында орналасуы себепті жекешелендіру мүмкін болмаған жағдайда, жекешелендіру құқығы басқа жерден тиісінше тұрғын жай сатып алу (салу) үшін оның құнын төлеу арқылы өтеледі.
Күнтізбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл қызмет атқарған әскери қызметшілердің тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
Осындай тұрғын үй берілген әскери қызметші қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған адамның қызмет мерзіміне қарамастан, тұрғын үйді жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады.
Осы тармақта көрсетілген жеңілдіктер бір рет қана қолданылады.
5. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын жай меншік иесінің немесе ол уәкілетін берген мемлекеттік органның жазбаша келісімімен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан басқа тұрғын жайға айырбастауы мүмкін.
6. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын жайды жекешелендіру туралы шешім шығарған кезде тұрғын үй коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады, кейін осы тұрғын жай жалдаушының меншігіне беріледі.
7. Бұл бапта аталған адамдарды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негіздер бойынша жол беріледі.»;
27) 104-бапта:
1-тармақтағы «101-бабының 5 және 6-тармақтарында,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «, 101-бабының 8-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
28) 107-баптың 9) тармақшасындағы «101-баптың 1), 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 5-тармақтың екінші бөлігінде, 7, 8-тармақтарында» деген сөздер «109-баптың 2-1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында және екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 109-бапта:
1-тармақ «Мемлекеттік» деген сөзден кейін «мекеменің» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, егер олар мемлекеттік қызметте, бюджеттік ұйымдарда немесе мемлекеттік кәсіпорындарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қосқанда) кемінде он жыл жұмыс істесе, сондай-ақ еңбек қатынастары:
1) ұйымның (кәсіпорынның) таратылу, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылу;
2) одан әрі жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты негіздер бойынша тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, өздері тұратын, қызметтік тұрғын жайды қалдық құны бойынша осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіре алады.
Осындай тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған адамның қызмет мерзіміне қарамастан, тұрғын жайды жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын жайды жекешелендіру туралы шешім шығарған кезде тұрғын жай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады, кейін осы тұрғын үй жалдаушының меншігіне беріледі.»;
30) 110-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Мемлекеттік» деген сөзден кейін «мекеменің» деген сөзбен толықтырылсын;
«тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасы заңдарының, өзге де нормаларымен белгіленеді» деген сөздер «тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
31) 111-баптың 1-тармағындағы «101-бабындағы 5-тармақтың 1), 2), 3)-тармақшаларында, сондай-ақ екінші бөлігінде» деген сөздер «109-баптың 2-1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында және екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 113, 115-баптар алып тасталсын;
33) 119-1-баптың екінші бөлігіндегі «Осы Заңның 115-бабында көзделген шарттың» деген сөздер «Шарттың» деген сөзбен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар, № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 23 сәуірде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 22 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық», «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихаттың», «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихаттың», «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаттар», «өтетін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар кала және астана мәслихатының», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары», «өтетін облыстық, қалалық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-баптың 1-тармағында 26) тармақшадағы «қатысады.» деген сөз «қатысады;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:
«27) тұрғын үй көмегін көрсетеді;
28) заңнамалық актілерде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады.»;
3) 31-баптың 1-тармағында:
12) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
12-1) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз «коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-8) тармақшамен толықтырылсын:
«12-8) заңнамалық актілерде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;»;
4) 35-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «мемлекеттік» деген сөз «коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, № 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат):
29-4-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайлармен қамтамасыз етілу құқығын пайдаланады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінде күнтізбелік он жылдан астам қызметте болған қызметкерлер аталған қызметкерлердің қалауы бойынша тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын жайды жекешелендіруге құқылы.»;
3-тармақ «қызметкерінің отбасы» деген сөздерден кейін «, егер тұрғын үй заңнамасында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына» деген сөздер «тұрғын үй заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте белгіленетін мөлшерде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
21-бапта:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жайлармен қамтамасыз етілу құқығын пайдаланады.
2. Күнтізбелік он жылдан астам қызмет атқаратын қаржы полициясы органдарының қызметкерлері аталған қызметкерлердің қалауы бойынша тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын жайды жекешелендіруге құқылы.»;
3-тармақтағы «Қаржы» деген сөз «Егер тұрғын үй заңнамасында өзгеше көзделмесе, қаржы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «тұрғын үй заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті