М.М. Оразалиевтің қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 524 Қаулысы

      «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығы басшысының бірінші орынбасары туралы» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің 2009 жылғы 20 қарашадағы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Терроризмге қарсы орталық басшысының бірінші орынбасары Молдияр Молыбайұлы Оразалиевтің қызметін қамтамасыз етуге айына 85000 (сексен бес мың) ресей рубліне баламалы сомада оның өкілеттік мерзімі ішінде Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстар тиісті жылға арналған республикалық бюджетте 002 «Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады