Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2341 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 536 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2341 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 6-бөлімде:
      «480 760» деген цифрлар «493 416» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «1 707 812» деген цифрлар «1 720 468» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «001 бюджеттік бағдарлама» деген кіші бөлімде «Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолдың «2010» деген бағанында «476 885» деген цифрлар «489 541» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Агенттіктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
      «Нәтиже көрсеткіштері» деген жолда:
      мына:

«

Кадрлардың тұрақсыздығын азайту

%

45

40

30

30

30

30

30

                                                            »

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«

Басшы лауазымдардағы әйелдердің өкілдігі, кем емес

%

30

30

30

30

30

30

30

                                                           »;

      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды бөлу» деген кіші бөлімде «001 «Бәсекелестікті қорғау, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы» деген жолдың «2010» деген бағанында «476 885» деген цифрлар «489 541» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды бөлу» деген кіші бөлімде «001 «Бәсекелестікті қорғау, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы» деген жолдың «2010» деген бағанында «476 885» деген цифрлар «489 541» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Агенттік бюджетінің жиыны» деген жолдың «2010» деген бағанында «480 760» деген цифрлар «493 416» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады