Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) босатылу бағасы - реттелетін нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын оның бағасы;»;
6) тармақшаның екінші абзацы «субъектілерінің» деген сөзден кейін «Мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшада «орган.» деген сөз «орган;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) шекті баға - тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде реттелетін нарық субъектісі осы Ережеге сәйкес белгілеген және бағаға сараптама жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган негізді деп таныған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы.»;
7-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы «бағалардың» деген сөзден кейін «шекті бағадан жоғары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ Заңның 7-3-бабының 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда уәкілетті орган Субъектілер бағаларының мониторингін жүзеге асырады.
Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.»;
10-тармақта:
бірінші бөлікте «ақпаратты» деген сөзден кейін «, немесе реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада «баға белгілеу тәртібіне» деген сөздер «осы Ережеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта «ақпаратты» деген сөзден кейін «, не реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Субъект шекті бағаны көтерместен, уәкілетті органға бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бере отырып, өндірілетін (өткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов