"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 541 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы
арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік
жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы

      2009 жылғы 20 қарашада Ялтада қол қойылған Қазақстан Республикасының, Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік жағдайлар жасау туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
              Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы
арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік
жағдайлар жасау туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді негізге ала отырып,
      1996 жылғы 18 қазандағы Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен келісілген, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жол көлігінде келісілген тарифтік саясат белгілеу тұжырымдамасын және 1993 жылғы 17 ақпанда қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің (темір жолдар) тарифтік келісімін басшылыққа ала отырып,
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалдары үшін қолайлы тарифтік жағдайлар жасау жөніндегі үйлестірілген іс-қимылдарды жүзеге асыруға мақсаты бола отырып,
      Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының көліктік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып,
      Тараптар мемлекеттері қабылдайтын бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру жөніндегі шараларды есепке ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының темір жолдары арқылы жүк тасымалдау кезінде тарифтерді қолданудың құқықтық негіздерін айқындайды.

2-бап

      Осы Келісімді орындау жөніндегі құзыретті органдар мыналар болып табылады:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
      Ресей тарапынан - Ресей Федерациясы Көлік министрлігі.

3-бап

      Ресей темір жолдарының станцияларынан қазақстандық темір жол станцияларына бағытталатын жүктерді тасымалдау кезінде, сондай-ақ осы жүктер тасымалданған өз (жалға алынған) вагондарының бос жүрісі кезінде қазақстандық темір жолдарда Қазақстан Республикасында республикалық (облысаралық) қатынаста қолданылатын тарифтер оларға Қазақстан және Ресей жүктері үшін тең жағдайларда айрықша тарифтік ставкаларды белгілей отырып қолданылады.

4-бап

      Қазақстандық темір жол станцияларынан Ресей темір жолдарының станцияларына бағытталатын жүктерді тасымалдау кезінде, сондай-ақ осы жүктер тасымалданған өз (жалға алынған) вагондарының бос жүрісі кезінде Ресей темір жолдарында Ресей Федерациясында республикалық (облысаралық) қатынаста қолданылатын тарифтер оларға Ресей және Қазақстан жүктері үшін тең жағдайларда айрықша тарифтік ставкаларды белгілей отырып қолданылады.

5-бап

      Тараптар 1996 жылғы 18 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен келісілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жол көлігінде келісілген тарифтік саясат белгілеу тұжырымдамасына сәйкес қазақстандық және ресейлік тауар өндірушілер тауарларының үшінші мемлекеттер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы темір жолдары арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауларға қатысты үйлестірілген тарифтік саясатты жүргізеді.

6-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

7-бап

      Осы Келісімді түсіндіру мен қолдануға байланысты дауларды құзыретті органдар консультациялар және келіссөздер жолымен шешеді.

8-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерін орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың бірі өзінің Келісімнің күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабардан еткен күнінен бастап алты ай өткенге дейін қолданылады.

      Ялта қаласында 2009 жылғы 20 қарашада әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

      2009 жылғы 20 қарашада Ялта қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей жүктерінің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан жүктерінің тасымалына қолайлы тарифтік жағдайлар жасау туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық
      департаментінің
      Басқарма бастығы                              Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады