Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" мемлекеттік мекемесін көшіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 543 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1106 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» мемлекеттік мекемесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді жүргізсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады