"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 551 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы №
273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Айтжанова               - Қазақстан Республикасының
Жанар Сейдахметқызы       Экономикалық даму және сауда
                          министрі,

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасының
Асқар Қуанышұлы           байланыс және ақпарат министрі;

      мына:

«Исекешев               - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы           Индустрия және сауда министрі»,

«Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы       Энергетика және минералдық ресурстар
                          министрі»,

«Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы         және бюджеттік жоспарлау министрі»,

«Шәженова               - Қазақстан Республикасы Экономика
Дина Мэлсқызы             және бюджеттік жоспарлау
                          министрлігінің жауапты хатшысы,
                          комиссия хатшысы»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Исекешев               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы           Министрінің орынбасары - Қазақстан
                          Республикасының Индустрия және
                          жаңа технологиялар министрі»,

«Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы       Мұнай және газ министрі»,

«Сұлтанов               - Қазақстан Республикасы
Бақыт Тұрлыханұлы         Президентінің көмекшісі»,

«Шәженова               - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Дина Мэлсқызы             даму және сауда министрлігінің
                          жауапты хатшысы, комиссия хатшысы»;

      көрсетілген ведомствоаралық комиссияның құрамынан Қ.У. Бишімбаев, Қ.Б. Есекеев шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады