Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 және 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 621 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      2) «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
      1) концессиялық ұсыныстарға экономикалық сараптама;
      2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама;
      3) конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
      4) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама;
      5) концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
      6) концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарына сараптама;
      7) концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуын бағалау;
      8) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
      9) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
      10) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама;
      11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды;
      12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды;
      13) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды мониторингілеуді жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады