Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
2-тармақта:
«жергілікті атқарушы органдар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 29), 30), 31), 32), 33), 34) тармақшалармен толықтырылсын:
«29) жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру;
30) жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру;
31) құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру;
32) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерін қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру;
33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру;
34) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия беру.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов