Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге сандық шектеулер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 669 Қаулысы

      «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әкелуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
      2. Одан әрі өңдеу мақсатында ғана әкелінетін қантқа арналған квота осы қаулыға қосымшаға сәйкес қант өңдеушілер болып табылатын заңды тұлғалар арасында бөлінсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды тұлғалардың қантты осы қаулыға қосымшада көрсетілген көлемде әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар әкелінген қантты мақсатсыз пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бөлінген квотаның көлемін қайта қарау туралы ұсыныс енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 маусымдағы
№ 669 қаулысымен   
бекітілген      

Әкелуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін
тауарлардың тізбесі

КО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

Көлемі (тоннамен)

Қолданылу мерзімі

1701 99 100

--- ақ қант

6 121,8

2010 жылғы 1 шілдеге дейін

1701 99 900

--- басқалары

      Ескертпе:
      көрсетілген сандық шектеулер Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан импортталатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 30 маусымдағы
№ 669 қаулысына   
қосымша      

Қантқа арналған квотаны бөлу

Заңды тұлғалардың атауы

Квота көлемі, тонна

1

2

3

1.

«Рахат» акционерлік қоғамы

1 591,1

2.

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы

910,0

3.

«Қарағанды конфеттері» акционерлік қоғамы

355,6

4.

«Волна» Ақтау кондитер фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

65,4

5.

«Ақтөбе кондитер фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

161,6

6.

«Шаныбек» Орал кондитер фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

133,3

7.

«Восток-Кондитер комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

34,2

8.

«Магнитка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

41,7

9.

«RG Brands Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

764,0

10.

«Кока-кола Алматы Боттлерс» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

559,6

11.

«ДальПродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

333,3

12.

«Арасан» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70,7

13.

«Raimbek bottlers» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

324,4

14.

«Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150,0

15.

«Қарағанды-нан корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

48,4

16.

«Голд Продукт» акционерлік қоғамы

31,1

17.

«Дәнегүл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

23,0

18.

«Евразиан Фудс» акционерлік қоғамы

24,0

19.

«Евразиан Фудс Корпорейшн» акционерлік қоғамы

19,1

20.

«Бидай НАН ЛТД және Со» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7,6

21.

«Астрон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

63,8

22.

«Фуд Мастер компаниясы» акционерлік қоғамы

66,1

23.

«Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» ШК АҚ

222,2

24.

«Дастарал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

46,6

25.

«Нәзік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

75,0


Жиыны:

6 121,8

      Ескертпе:
      заңды тұлғалар үшін бөлінген квоталардың көрсетілген көлемі одан әрі өңдеу мақсатында ғана көзделіп отыр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады