Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 703 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):
      4-тармақта «Ө.Е. Шөкеевке» деген сөздер «Е.Т. Орынбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:
      «Тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 5.3.3-кіші бөлімде:
      оныншы бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Бағдарламаға қатысушы:
      «ҚТҚЖБ» АҚ-мен тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт жасасады, тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 5,5 жылдан асырмай «ҚТҚЖБ» АҚ-дағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады;
      ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін «ҚТҚЖБ» АҚ-ға сатып алатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 % ставка бойынша тұрғын үй қарызын алу үшін құжаттарын ұсынады;
      2) «ҚТҚЖБ» АҚ:
      Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт жасасады, оған сәйкес Бағдарламаға қатысушы тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 5,5 жылдан аспайтын мерзім ішінде «ҚТҚЖБ» АҚ-дағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады;
      Бағдарламаға қатысушы ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін Бағдарламаға қатысушыға сатып алатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 % ставка бойынша 10 жылға тұрғын үй қарызын береді;
      Бағдарламаға қатысушысымен банк қарызы шартын жасасқаннан кейін жергілікті атқарушы органының (ӘКК) шотына тұрғын үйдің құнына тең мөлшерде қаражат аударады.»;
      «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
      реттік нөмірлері 15, 17 және 18-жолдардың 2-бағанында:
      «Ақмола облысы Степногор қаласында,» деген сөздер алып тасталсын;
      «Заречный кентінде,» деген сөздерден кейін «Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында,» деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 17-жолдың 4-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура «ЭДСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі»;
      2) «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 213-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:
      2-тармақта:
      5) тармақшада:
      «Ақмола облысы Степногор қаласында,» деген сөздер алып тасталсын;
      «Заречный кентіндегі,» деген сөздерден кейін «Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-1) тармақшада:
      «Ақмола облысы Степногор қаласында,» деген сөздер алып тасталсын;
      «Заречный кентінде,» деген сөздерден кейін «Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында,» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      «Степногор қаласында,» деген сөздер алып тасталсын;
      «Заречный кентіндегі,» деген сөздерден кейін «Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «3. Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі» деген бөлімде:
      «Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы, Ақмола облысы Степногор қаласындағы, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Көктау ауылындағы, Шығыс Қазақстан облысының Курчатов және Өскемен қалаларындағы, Қостанай облысы Қостанай ауданының Заречный кентіндегі, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылындағы Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі» деген кіші бөлімнің тақырыбында:
      «Ақмола облысы Степногор қаласындағы,» деген сөздер алып тасталсын;
      «Заречный кентіндегі,» деген сөздерден кейін «Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      34-тармақта «сәйкес» деген сөзден кейін «жаңа Бағдарламаға қатысушыға Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін беру, не» деген сөздермен толықтырылсын;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. ӘКК Банк беретін тұрғын үй қарызын қайтару бойынша Бағдарламаға қатысушылардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін тұрғын үйді Банкке кепілге беру сәтіне оператор компанияның ауыртпалықты алып тастауын қамтамасыз етеді.
      Банк жылжымайтын мүлік кепіліне тіркелген шартты алғаннан және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен тұрғын үй қарызын алу үшін көзделген талаптарды Бағдарламаға қатысушылар орындағаннан кейін тұрғын үй құнына тең мөлшерде оператор компанияның шотына аударады.»;
      3) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға 34-қосымшада:
      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:

«

4-1.

Маңғыстау облысы

163 700

»;

      көрсетілген қаулыға 35-қосымшада:
      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:

«

4-1.

Маңғыстау облысы

296 704

».

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады