Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің
2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 366-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында:
мыналар енгізілсін:
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі;
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы ақпарат министрі;
«Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі»
деген жолда «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген құрамнан Б.Т. Сұлтанов шығарылсын.
2. Осы Жарлық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев