Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 808 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      04 «Білім беру» деген функционалдық топта:
      225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген әкімші бойынша:
      005 «Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасында:
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«





Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия факультетінің оқу корпусын салу

383 696



»;

      «Онтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде:
      «Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін қызмет көрсететін және техникалық мамандарды даярлау және қайта даярлауға арналған 700 орындық өңіраралық кәсіби орталық салу» деген жолдың «2010 жыл» деген бағанындағы «927 532» деген сандар «543 836» деген сандармен ауыстырылсын;
      012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасында:
      «Ақмола облысы» деген бөлімде:
      мына:

«





Ақмола облысы Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылында 280 орындық балабақша салу

420 000





»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«





Ақмола облысы Степногорск қаласында 280 орындық балабақша салу

420 000





»;

      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      мына:

«





Астана қаласының Б.Момышұлы - № 12 көшелерінің қиылысы ауданында 240 орындық балабақша салу

333 172



»,

«





Астана қаласының Күмісбеков - Кенесары көшесінің төңірегінде 240 орындық балабақша салу

333 172



»,

«





Астана қаласының Айнакөл - Мирзоян көшелерінің қиылысы ауданында 240 орындық балабақша салу

333 171



»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«





Ә. Молдағұлова көшесі ауданының Теміржол тұрғын алабында 240 орындық балабақша салу

333 172



»,

«





Үркер шағын ауданында 240 орындық балабақша салу

333 172



»,

«





Сол жағалаудағы № 19 көшенің оң жағында 240 орындық балабақша салу

333 171



».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады