1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде әлеуметтік жобаларға қаржылай қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 839 Қаулысы

      1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (бұдан әрі - ӨБТК) шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің:
      1) Мердігердің 2010 жылы ӨБТК бойынша Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әлеуметтік жобаларына 20 (жиырма) миллион АҚШ долларын бөлуі туралы;
      2) жоғарыда аталған шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығындарға жатқызу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады