Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 843 Қаулысы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 1 қыркүйек - 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға ителгімен саятшылық құруға:
      1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы аумағында 19 (он тоғыз) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 15 (он бес) дарақ жек дуадақ;
      2) шейх Сурур Бин Мухаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 6 (алты) дарақ жек дуадақ;
      3) шейх Сейф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 7 (жеті) дарақ жек дуадақ;
      4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниға (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Андасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 7 (жеті) дарақ жек дуадақ және Алматы мен Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 17 (он жеті) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін;
      2) «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдармен шарттық негізде жек дуадақтың тұқымын қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар өткізуін қамтамасыз етсін.
      3. Жек дуадақты аулау үшін ақы ставкасы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуді жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
      5. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады