Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесін көшіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 863 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін Тараз қаласынан Астана қаласына көшіруді жүргізсін.
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жолдағы «Тараз» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 6-жолдың 2-бағанындағы «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы, Тараз қаласы» деген жолдағы «Тараз» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады