Мүлікті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 877 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласы әкімінің теңгерімдік құны 140000000 (бір жүз қырық миллион) теңге тұратын Астана қаласы, әуежай, 14-ББ мекенжайында орналасқан № 1 R9-R12 және № 2 R24-R28 екі эскалаторды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің теңгерімінен республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады