Олимпиада чемпионы Борис Александровтың есімін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының спорт сарайына беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 893 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының спорт сарайына олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Борис Александровтың есімі берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады