«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімінің қызметтік тұрғын үйге теңестірілген мынадай пәтерлерді:
1) жалпы алаңы - 109,1 шаршы метр, теңгерімдік құны - 27 841 536 (жиырма жеті миллион сегіз жүз қырық бір мың бес жүз отыз алты) теңге болатын Астана қаласы, Отырар көшесі, 4/2 үй мекенжайында орналасқан № 100 пәтерді;
2) жалпы алаңы - 109,1 шаршы метр, теңгерімдік құны - 27 588 096 (жиырма жеті миллион бес жүз сексен сегіз мың тоқсан алты) теңге болатын Астана қаласы, Отырар көшесі, 4/2 үй мекенжайында орналасқан № 111 пәтерді;
3) жалпы алаңы - 99,4 шаршы метр, теңгерімдік құны - 25 454 590 (жиырма бес миллион төрт жүз елу төрт мың бес жүз тоқсан) теңге болатын Астана қаласы, Отырар көшесі, 4/2 үй мекенжайында орналасқан № 149 пәтерді республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов