Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қыркүйектегі № 929 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің» 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2345 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 2-бөлімде:
      жиырма тоғызыншы абзац алып тасталсын;
      қырық төртінші абзацта «2010 - 2012 жылдары» деген сөздер «2012 жылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық бесінші және елу бірінші абзацтар алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі» қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері» деген 3-бөлімде:
      «Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуінің және дамуының жағдайларын қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру» деген 1-мақсатта:
      «Нормативтен тыс ысыраптарды жою, нормативтік ысыраптар мен шығындарды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары бар ТМС санын арттыру үшін жағдайлар жасау» деген 1.1-міндетте:

«

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде шығындарды төмендету мен оңтайландырудың тетіктерін және бағыттарын айқындау әдістемесін әзірлеу

дана



1






»

      деген жол алып тасталсын;
      «Субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік-құқықтық базаны тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып жетілдіру» деген 1.2-міндетте:

«

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу

дана



1






»

      деген жол алып тасталсын;
      «Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Мемлекеттік органның мақсаттары іске асыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы

1-стратегиялық бағыт.
Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуінің және дамуының жағдайларын қамтамасыз ету

1-мақсат.
Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру
 

 
 
 

Алдағы кезеңде мыналар көзделеді:
өңірлік электр желілері компаниялары (бұдан әрі - ӨЭК) қызметінің тиімділігі дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін реттеуді ынталандыру салыстырмалы талдаудың жаңа әдісін тәжірибеге енгізу жолымен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру, бұл табиғи монополиялар субъектілеріндегі қызметті және қызмет көрсету технологияларын оңтайландыруға ынталандыру жасайды;
тұтынушылар топтары бойынша және суды тұтыну шамасын белгілеген кездегі тұтыну көлемдеріне байланысты сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізу, бұл жоғары қолайлылық жағдайларына, сондай-ақ судың коммерциялық мақсаттарға жұмсалуына сәйкес қызметтерге сараланған ақы төлеуді көздейтін әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
реттелетін нарық субъектілеріне белгіленген баға деңгейлерін көтермей реттелетін нарықтарда болып жатқан өзгерістерге икемді ден қоюға мүмкіндік беретін реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне бағаның шектелген деңгейлерін енгізу. Бұл ретте реттеуші орган сараптама жүргізген кезде бағаны төмендетуге құқылы.
Экономика сапаларының дамуына әсер ететін тарифтердің өзгеруі инфляцияның жоспарланған дәлізі, сондай-ақ Үкімет айқындайтын инфляция деңгейіне реттелетін қызметтердің үлесі ескеріле отырып көзделеді.
Табиғи монополиялар субъектілерін нормадан тыс шығынды жою және нормативтік шығынды ысырапты қысқарту негізінде өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға ынталандыру үшін тарифтерді есептеу әдіснамасы жетілдірілетін болады.

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы

ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту пайдаланудың үлестік шығындарын азайту, ресурстар үнемдейтін технологияларды енгізу, табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен жоғары ысыраптарын жоюға және нормативтік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеудің тиімділігін арттырумен қатар жүреді

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

2-мақсат.
Реттелетін тарифтердің (бағалардың) тұрақты деңгейін қамтамасыз ету

2012 жылға қарай электр энергиясын беру мен бөлуге арналған тарифтерді қалыптастырудың ұзақ мерзімді тарифтік саясаты әзірленеді және енгізіледі
2013 жылға қарай магистральдық темір жол желісі қызметтерінің ұзақ мерзімді кезеңге арналған шекті тарифтері бекітіледі

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

                                                                  »;
      «Нормативтік кұқықтық актілер» деген 5-бөлімде 5-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады