Республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағын азайту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 942 Қаулысы

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағы 710 га азайтылсын.
      2. Маңғыстау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген аумақтан жер учаскелерін «Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісінің құрылысына беруді қамтамасыз етсін.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады