Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 954 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      көрсетілген Ереженің 100-қосымшасында:
      «Теңгедегі құны» деген бағанда:
      реттік нөмірлері 1, 3, 4, 5-жолдардағы «6500», «1040», «700», «1200» деген сандар тиісінше «6500*», «1040*», «700*», «1200*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2-жолдағы «12 500» деген сандар «30 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      ескертпе мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. «Жоғарғы деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға жататын шетелдік делегацияларды қабылдау жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде өкілдік шығындар мынадай нормалар бойынша өтеледі:
      1) делегациялар үшін ресми түскі астарды, кешкі астарды өткізуге арналған шығындар күніне бір адамға есептегенде 13000 теңгеге дейін жүргізіледі;
      2) келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде күніне бір адамға буфеттік қызмет көрсету - 2500 теңгеге дейін;
      3) делегацияны қабылдайтын мемлекеттік органның штатында тұрмайтын аудармашының еңбекақысы (ілеспе аудармадан басқа) сағатына ақы төлеуді есептегенде 3000 теңгеге дейін;
      4) шетелдік делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығындарына ақы төлеу сағатына ақы төлеуді есептегенде жеңіл автомобильдер үшін - 2000 теңгеге дейін, шағын автобустар үшін - 2500 теңгеге дейін, автобустар үшін - 3200 теңгеге дейін көзделеді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады