Қазақстан Республикасы Президенттің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 963 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) әр айдың 10 және 25-күндеріне қарай Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әр айдың 15 және 30-күндеріне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 963 қаулысымен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот
жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17
тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары

Р/с

 

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1.

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ережесі мен құрылымын әзірлеу (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты)

Жарлық жобасы

ЖС (келісім бойынша), Қаржымині, ЭДСМ

2010 жылғы қыркүйек

2.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Президент актісін әзірлеу

Жарлық жобасы

Қаржымині, Әділетмині

2010 жылғы қыркүйек

3.

«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын және осы Іс-шаралар жоспарында 2-тармағында көзделген Президент Жарлығын іске асыруға бағытталған Үкімет қаулысын әзірлеу және қабылдау

Үкімет қаулысы

Қаржымині, Әділетмині, ДСМ, БҒМ, ККМ, ІІМ

2010 жылғы қыркүйек

4.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің атқарушылық құжаттарды орындау, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне беру Заң жобасын Үкіметке енгізу

Заң

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қазан

2010 жылғы 1 қараша

5.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық ету жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін Жоғарғы Сот жанынан жаңадан құрылған Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (ҚР Жоғарғы сотының аппаратына) беру

Конституциялық заң

ЖС (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Конституциялық заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Конституциялық заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

6.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті бұзушыларды медициналық айықтырғыштарға жеткізу жөніндегі функцияларын қоспағанда, медициналық айықтырғыштардың қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру

Заң

ІІМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

7.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының қызметіне байланысты функциялары мен өкілеттіктерін білім жүйесіне беру

Заң

IIМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

8.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік техникалық тексеруден уақтылы өтуді бақылау функциясын сақтай отырып, көлік құралдарына мемлекеттік техникалық тексерудің жүргізілуін бақылау жөніндегі өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігіне бере отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көрсетілген техникалық тексеру жүргізу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін бәсекелі ортаға беру

Заң

ІІМ, ККМ

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

9.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аса маңызды стратегиялық объектілерді күзету жөніндегі функцияларды қоспағанда, күзет қызметі жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін бәсекелі ортаға беру*

Заң

IIМ

2011 жылғы қаңтар

10.

Көлік прокуратурасы жүйесін өңірлік үш көлік прокуратурасын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы біреуіне біріктіру жолымен оңтайландыру

ҚК-ға ақпарат

БП (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

11.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті мен Криминалдық полиция комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру

Үкімет қаулысы

ІІМ, Қаржымині, Әділетмині

2011 жылғы қазан

12.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды, оның ішінде ішкі істер органдарының есірткі бизнесіне қарсы күресті жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерін оның тікелей бағыныстылығына бере отырып қабылдау

Үкіметке ақпарат

IIМ

2010 жылғы қыркүйек

13.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы қабылдау орындарында әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаны орындау және осы мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағына кезең-кезеңімен беру жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу

Үкіметке ұсыныстар

Әділетмині, ІІМ

2010 жылғы қазан

14.

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының штат санын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу:
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің
сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Президент актісін әзірлеу

Жарлық жобасы

ЭДСМ, Қаржымині, ІІМ, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

2) жоғарыда көрсетілген Президент актісін іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысын әзірлеу және қабылдау

Үкімет қаулысы

ЭДСМ, Қаржымині, ІІМ, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

15.

Тиісті мемлекеттік органдардың орталық және облыстық буынының басқарушы аппаратын қысқарту және өзге де шаралар есебінен құқық қорғау және арнайы органдардың қалалық және аудандық бөлімшелерін кадрмен және материалдық-техникалық нығайтуды қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

ЭДСМ, Қаржымині, ІІМ, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша), Қорғанысмині, БП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010 жылғы желтоқсан

16.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарының жүйесін оңтайландыруды аяқтау

Үкіметке ақпарат

ІІМ, БҒМ

2010 жылғы қазан

17.

Сот сарапшыларын кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру мен сараптамалық зерттеулердің материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік базасын жақсарту арқылы сот ісін жүргізуді сот-сараптамалық қамтамасыз ету сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдау

ПӘ-ге ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, ДСМ, Қорғанысмині

2010 жылғы қазан

18.

Қолданыстағы заңнаманы 1984 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясының талаптарына сәйкес келтіру

Заң

Әділетмині, БП (келісім бойынша), ИМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

19.

Қылмыстық заңнаманы ырықтандыру және қоғамға үлкен қауіп туғызбайтын қылмыстарды, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарды әкімшілік құқықбұзушылық санатына ауыстырып және оларды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті оның ішінде әкімшілік преюдицияны енгізу жолымен күшейте отырып қылмыстық сипаттан арылту, сондай-ақ жазаларды жұмсарту арқылы жекелеген қылмыстардың ауырлық дәрежесін қайта бағалау

Заң

БП (келісім бойынша), Қаржымині, ІІМ, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

20.

Шетелдік озық тәжірбиенің негізінде құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру

Заң

IIМ

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

21.

Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңталтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру

Заң

Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

22.

Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды, оның ішінде айыппұл, қоғамдық жұмыстар және бас бостандығын шектеу, сондай-ақ қамауға алуға балама ретінде жолын кесу шаралары бойынша жаза қолдану саласын кеңейту

Заң

БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), Әділетмині, ІІМ, ҚПА (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

23.

Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді одан әрі оңтайландыру, оның жеделдігін, оның ішінде тергеумен ынтымақтастықтағы айыпталушыларға қатысты ынталандыру нормаларын енгізу арқылы арттыру

Заң

ІІМ, ҚПА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

24.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді кеңейту, оның ішінде медитация институтын дамыту, сондай-ақ жеке және жеке-ашық айыптаудың қылмыстық істерінің санатын кеңейту

Заң

ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, ҚПА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар



Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

25.

Мемлекетке зиян келген жағдайда, тараптардың бітімге келуіне байланысты адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібін реттеу әрі онша ауыр емес және ауырлығы орташа экономикалық қылмыс жасаған адамдарға қамауға алу түрінде жолын кесу шараларын қолдану үшін шектеулер белгілеу, сондай-ақ келтірілген зиянды өз еркімен өтеген жағдайда оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібін регламенттеу

Заң

БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ІІМ, ҚПА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

26.

Жолын кесу шаралары ретінде үйде қамау немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат таңдалған айыпталушылардың жүріп-тұруын және бас бостандығын шектеуге сотталғандарды, шартты түрде сотталғандардың, шартты-мерзімінен бұрын босатылғандардың тиісінше жүріп-тұруын, оның ішінде қадағалаудың электрондық құралдарын кеңінен пайдалана отырып бақылаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру

Заң

ІІМ, Әділетмині, БП (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

27.

Прокуратура органдарының құқық қорғау қызметіне қатысты үйлестіруші функциясын күшейту; прокурорға қылмыстық қадағалаудың заңдылығын, оның ішінде қылмыстық істің қозғалуын қадағалау жөніндегі қосымша міндеттер жүктеу арқылы оның сотқа дейінгі іс жүргізудегі рөлі мен жауапкершілігін арттыру

Заң

БП (келісім бойынша), Әділетмині, ІІМ, Қаржымині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ

2011 жылғы қаңтар

28.

Құқық қорғау қызметкерлерінің және судьялардың қызметтік жағдайын пайдалана отырып қылмыс жасау фактісін қылмыстық жауапкершілік пен жазалауды ауырлататын жағдай деп тану

Заң

БП (келісім бойынша), Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), ІІМ, ЖСК (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), Қаржымині, ТЖМ

2011 жылғы қаңтар

29.

Балама тергеу нұсқаларын барынша азайту, қылмыстық істер бойынша бұл әрекеттер ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеуіне жататын басқа қылмыспен жиынтығында жасалған жағдайларда ғана ұлттық қауіпсіздік органдарымен балама тергеуді сақтай отырып, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша тергеуіне есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді жатқызу, ал қаржы полициясы органдарының айрықша тергеуіне экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істерді жатқызу

Заң

БП (келісім бойынша), ІІМ, ҚПА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

30.

Құқық қорғау органдарының шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілерін, оның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесін одан әрі қысқарту арқылы болдырмау

Заң

Әділетмині, ЭДСМ, ІІМ, Қаржымині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

31.

Бизнес пен меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл жасау тетігін регламенттеу

Заң

ҚПА (келісім бойынша), ЭДСМ, ІІМ, Әділетмині, Қаржымині, ТЖМ, БП (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне  енгізу

2010 жылғы 1 қараша

32.

Құқық қорғау, өзге әлеуетті және арнайы органдар қызметкерлерінің негізгі және қамтамасыз етуші функцияларын айқындау;
Құқық қорғау, өзге әлеуетті және арнайы органдардың негізгі міндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын қызметкерлерінде әскери және арнайы атақты, сыныптық шендерді, погоны бар нысанды киімді кию құқығын сақтау; Осы Жарлықтың қолданылу аясына түсетін адамдар үшін зейнеткерлікке шығу кезінде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды, ал кемінде 20 жыл қызмет өткерген адамдар үшін қызметін аттестатталған лауазымдарда өткеруін аяқтау мүмкіндігін сақтау

Заң

ҚКХ (келісім бойынша), Әділетмині, ЭДСМ, Қаржымині, ІІМ, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), Қорғанысмині, РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша), Еңбекмині, МҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы қыркүйек

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы қазан

33.

Әскери және арнайы атақты, сыныптық шендерді, погоны бар нысанды киімді кию құқығынан айырылатын органдардың қызметкерлеріне бұрын да белгіленген үстемеақыларды ескере отырып және қазіргіден төмен емес лауазымдық жалақы тағайындау;
Тиісті әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер үшін объективті түрде салыстырмалы үстемеақылар белгілеу, олардың құқық қорғау, өзге де әлеуетті және арнайы органдардағы сәйкестік деңгейін айқындау

Заң, Жарлық

ҚКХ (келісім бойынша), Қаржымині, ЭДСМ, ІІМ, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша), «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), Қорғанысмині РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша), МҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы қыркүйек

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы қазан

34.

Құқық қорғау және арнайы органдардың орталық және аумақтық бөлімшелеріндегі аға басшы құрамның лауазымдары мен оларға сай шекті әскери және арнайы атақтардың, сыныпты шендердің тізбесін оңтайландыру

Заң

ҚКХ (келісім бойынша), Әділетмині, БП (келісім бойынша), ІІМ, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, Қаржымині, ЭДСМ, «Сырбар» СБҚ (келісім бойынша), Қорғанысмині  РҰ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы қыркүйек

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы қазан

35.

Құқық қорғау қызметін өткерудің бірыңғай құқықтық стандарттары мен нормаларын, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғаудың бірыңғай ұстанымдарын енгізу

Заң

ҚКХ (келісім бойынша), Әділетмині, ІІМ, Қаржымині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы қыркүйек

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы қазан

36.

Құқық қорғау органдарының басшы құрамын жүйелі кадрлық ротациялау арқылы құқық қорғау органдарының дербес құрамын қалыптастырудың заңнамалық тетігін құру

Заң

Әділетмині, ІІМ, Қаржымині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша), ҚКХ (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Зан жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы қыркүйек

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы қазан

37.

Қылмыстың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халықтың тарапынан сенім артуы мәселелеріне басымдықпен, өкілді органдар мен жұртшылық тарапынан берілетін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, құқық қорғау органдарындағы және соттардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін рейтингтік бағалауды енгізе отырып, құқық қорғау органдарының есептілігі мен олардың қызметін бағалау жүйесін жетілдіру**

Заң

БП (келісім бойынша), ҚКХ (келісім бойынша), Қаржымині, ІІМ, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, ЖС (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

38.

Құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығының түрлі нысандарын белгілеу**

Заң

БП (келісім бойынша), Қаржымині, ІІМ, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, ҚКХ (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

39.

Азаматтардың және ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін жедел және әділ қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот ісін жүргізуді жетілдіру мен оңтайландыру; сотқа дейінгі іс жүргізуде соттың бақылау шегін кеңейту

Заң

ЖС (келісім бойынша), БП  келісім бойынша), ІІМ, ҚПА (келісім бойынша), ҰҚК(келісім бойынша), Әділетмині

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

40.

Сот төрелігін іске асырудың негізгі принциптерін сақтай отырып, соттарға сот талқылауының дайындық сатыларында сотқа дейінгі іс жүргізудің олқылықтарын толтыру жөніндегі қосымша өкілеттіктер беру

Заң

ЖС (келісім бойынша), Қаржымині, ІІМ, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

41.

Азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейін реттеу саласын және оларды шешудің балама тәсілдерін кеңейту

Заң

ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), Әділетмині

2011 жылғы қаңтар

Заң жобасын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

42.

Судьялар мен судья лауазымына кандидаттар үшін көтеріңкі өлшемдер мен стандарттар енгізу

Конституциялық заң, Заң

ЖС (келісім бойынша), ЖСК (келісім бойынша)

2011 жылғы қаңтар


Конституциялық заңның және Заңның жобаларын Үкіметке енгізу

2010 жылғы 1 қазан

Конституциялық заңның және Заңның жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізу

2010 жылғы 1 қараша

43.

Құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қылмыс жасауға және құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтаудың қазіргі заманғы әдістерін көздей отырып, құқық бұзушылықтар профилактикасының салалық және өңірлік бағдарламаларын 2010 жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз ету

Үкімет қаулысының жобасы және мәслихат шешімдері

ІІМ, Қаржымині, Әділетмині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, БП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өкімдіктері мен мәслихаттары

2010 жылғы 15 қазан

44.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі шараларды, оның ішінде тиісті деңгейдегі әкімдердің есептерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің және әкімдіктердің отырыстарында тұрақты қарау арқылы қабылдау

Үкіметке ақпарат

ІІМ, облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын шілде, қаңтар

45.

Құқық қорғау органдары мен соттар қызметінің қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметіне инновациялық технологияларға негізделген озық әлемдік тәжірибені енгізуді қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ІІМ, Әділетмині, Қаржымині, ҚПА (келісім бойынша), ТЖМ, ҚКХ (келісім бойынша)

2010 жылғы 15 қазан

ПӘ-ге ақпарат

ПМК, БП (келісім бойынша)

2010 жылғы 30 қазан

46.

Республика жеке детективтік қызмет институтын енгізу туралы ұсыныстар беру

Үкіметке ұсыныстар

ІІМ, Әділетмині, Қаржымині, БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы 1 қараша

Мемлекет басшысына ұсыныстар

П-М, ІІМ

2010 жылғы 15 қараша

47.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң

ІІМ, Еңбекмині, Әділетмині

2011 жылғы желтоқсан

48.

«Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 01-39.2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

ҚКХ (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
П-М              - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
ПӘ               - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ҚК               - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі
ҚКХ              - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
                   хатшылығы
ЖС               - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП               - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ЖСК              - Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі
ҰҚК              - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
МҚА              - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
                   агенттігі
ҚПА              - Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және
                   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
                   полициясы)
ПМК              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ЭДСМ             - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                   сауда министрлігі
Қаржымині        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ІІМ              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БҒМ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                   министрлігі
ДСМ              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                   министрлігі
Әділетмині       - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ККМ              - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                   министрлігі
Қорғанысмині     - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
«Сырбар» СБҚ     - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау
                   қызметі
ПКҚ              - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
РҰ               - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
ТЖМ              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                   министрлігі
Еңбекмині        - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                   әлеуметтік қорғау министрлігі

      *) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде
      **) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде
      ***) «Қазақстан Республикасында бақылау және қадағалау қызметтері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады