Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 978 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 675 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 675 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 179-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 31-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 209-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 978 қаулысымен 
бекітілген    

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау
өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тізілім - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі;
      2) өндіруші - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін және (немесе) жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
      3. Тізілімді индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады және жүргізеді.

2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      4. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің қалыптастырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламаларының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
      5. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу деп:
      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
      2) өндірушілер ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілер тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;
      3) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде тізілімді жаңарту;
      4) тізілімді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне орналастыру түсініледі.
      6. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізбесін осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған қағаз тасығышта тоқсан сайын уәкілетті органға ұсынады.
      7. Уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтерде көрсетілген өндірушілерге оларды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.
      8. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бірлесіп бекітілген нысан мен мерзім бойынша өз қызметін көмірсутек шикізатын барлау және (немесе) табуға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламалары бойынша жалпы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.
      9. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін өндіруші ерікті негізде:
      1) тіркеу сауалнамасын толтыру жолымен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
      2) қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған тіркеу сауалнамасын, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы немесе кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесін уәкілетті органға ұсынады. Резидент еместер сауда тізілімінен ресмиленген көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа ресмиленген, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжатты ұсынады.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) осы Қағиданың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын пайдаланушының атын және құпия сөзін қолдана отырып ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізеді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.07.2013 № 706 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Уәкілетті орган:
      1) өндірушіден құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 9-тармағы 2) тармақшасына сәйкес өндірушінің осы Қағиданың 11-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы пайдаланушының атын және құпия сөзін өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді;
      2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді өндіруші енгізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өндірушінің осы Қағиданың 11-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді;
      3) ол осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда, өндірушіні «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тізілімге енгізеді.
      11. Мыналар тізілімге енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушіні бағалау өлшемдері болып табылады:
      1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
      2) осы Қағиданың 9-тармағы 3) тармақшасына сәйкес өндіруші көрсеткен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламаларында болуы.
      12. Тізілімді жаңарту өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілері тізілімнен шығарылған кезде жүзеге асырылады.
      13. Уәкілетті орган өндірушіні мынадай жағдайларда тізілімнен шығаруды жүзеге асырады:
      1) өндіруші жабылғанда;
      2) өндірушінің бастамасы бойынша;
      3) осы Қағиданың 11-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген сәйкес келмейтін өндіруші өлшеміне алып келетін, өндірушілермен, жер қойнауын пайдаланушылармен ұсынылған мәліметтері өзгергенде.
      14. Осы Қағиданың 13-тармағы 2) тармақшасына сәйкес өндірушінің бастамашылығымен тізілімнен алып тастау үшін, ол уәкілетті органға оны тізілімнен алып тастау туралы өтініш ұсынады.
      Уәкілетті орган өтінішті алғаннан кейін және (немесе) осы Қағиданың 13-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген оқиға болған жағдайда үш жұмыс күн аралығында «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйе құралымен тізілімнен алып тастайды.
      15. Тізілімді орналастыру «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды 
жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың  
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы 
тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса 
алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін  
қалыптастыру және жүргізу қағидасына    
1-қосымша                 

Облыстар аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана)
өндірілетін және оларды өндірушілердің тауарлардың,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі

1.

Өндірушінің атауы


2.

Облыс


3.

Қала (елді мекен)


4.

Көше, үй, кеңсе


5.

Телефон


6.

Электрондық мекенжайы


7.

Интернет-ресурс


8.

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы


____________________________________     ______________
(Бірінші басшының немесе оны                 (қолы)
алмастыратын адамның аты-жөні)

М.О.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды 
жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың   
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы 
тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса 
алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін  
қалыптастыру және жүргізу қағидасына    
2-қосымша                

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі

Р/с

ӨСК1 бойынша тауардың, жұмыстың/көрсетілетін қызметтің атауы және коды

Тауардың, жұмыстың/көрсетілетін қызметтің қосымша сипаттамасы

Өндірушінің атауы





________________________________________________________
1Қазақстан Республикасы өнімінің статистикалық жіктеуіші

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады