Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қазандағы № 1027 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2023 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Үкіметтік борыш лимитін нақтылау жоспарланатын қаржы жылына белгіленген республикалық бюджет тапшылығының көлемі өзгерген жағдайда республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.";

      8-тармақта:

      "Мемлекеттік" деген сөз "Бюджеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "1" деген сан "15" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджеттік өлшемдер өзгерген жағдайда республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті жылға арналған лимиті жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірісінің, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемдерін негізге ала отырып қалыптастырылады.";

      10-тармақта "Мемлекеттік" деген сөз "Бюджеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:

      жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік борыш лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:

      В1< (ІnGВ*0,15) - В2, мұнда

      B1 - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың көлемі;

      ІnGВ - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірістерінің көлемі;

      B2 - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындар көлемі.";

      он екінші абзац алынып тасталсын;

      көрсетілген Ереженің 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 5 қазандағы
№ 1027 қаулысына
қосымша
Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін, мемлекеттік
кепілдіктер мен мемлекет
кепілгерліктерін беру лимиттерін
айқындау ережесіне
3-қосымша

Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау формулалары

      Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:

      В2 < (ІnGВ * 0,15) - В1, мұнда

      В2 - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемі;

      ІnGВ - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірістерінің көлемі;

      В1 - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың көлемі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады