Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 12 қазандағы
№ 1058 қаулысымен 
бекітілген     

Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік тазарту кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тауарларға арналған декларацияларды тексеру - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға арналған декларациялардың дұрыс толтырылуын, онда бар деректердің дұрыстығын және көрсетілген декларацияға қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі іс-қимылы;
      2) кедендік тазарту - тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік операцияларды жасау.
      3. Тауарларды кедендік тазартуды өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес осындай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органдарының лауазымды адамдары (бұдан әрі - уәкілетті лауазымды адам) жүзеге асырады.
      4. Уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік тазартуды тауарларға арналған декларацияны немесе көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауар декларациясы ретінде пайдаланылатын өзге құжаттарды (бұдан әрі - мәлімдеме, тізбе) пайдалана отырып жүргізеді.
      5. Тауарларды кедендік тазарту және кедендік бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.
      6. Тауарларға арналған бір декларация, өтініш немесе тізбе бойынша тауарларды кедендік тазартуды бір уәкілетті лауазымды адам жүргізеді.
      Тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тауар декларациясын, өтініштерді немесе тізбелерді, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді тауарларды кедендік тазарту процесіне қатыспайтын кеден органының өзге лауазымды адамдарына беруге тыйым салынады.
      7. Кедендік тазарту және тауарларға декларацияларды тексеру кезінде уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын кедендік және өзге құжаттарға тиісті белгілер мен мөртаңбаларды қояды, аталған құжаттарда және олардың электронды көшірмелерінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жазбаларды жүргізеді.
      8. Егер кеден органында тауарды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалса, онда уәкілетті лауазымды адам декларант немесе кедендік өкіл үшін осы құжаттардың көшірмелеріне мұндай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып, жазбаны енгізеді. Осы жазбаны кеден органының уәкілетті лауазымды адамы қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырады.

2. Декларанттың немесе кедендік өкілдің тауарларға арналған декларацияларды, өтінішті немесе тізбені беруі кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      9. Декларант немесе кедендік өкіл тауарға арналған декларацияны, өтінішті немесе тізбені берген кезде уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттардың және «Тауарларға декларацияны тіркеуді, тіркеуден бас тартуды, тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 262 шешімімен бекітілген Тауарларға декларацияны тіркеуді, тіркеуден бас тартуды ресімдеу тәртібі туралы нұсқаулықпен (бұдан әрі - Тауар декларациясын тіркеу жөніндегі нұсқаулық) бекітілген нысан бойынша екі данадағы құжаттар тізімдемесінің бар болуын тексереді.
      10. Тауарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тауар декларациясының берілген күні мен уақытын, оның электронды көшірмесін және құжаттарды уәкілетті лауазымды адам құжаттар тізімдемесінде, қолын және жеке нөмірлі мөр қойып, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпараттық жүйелерде уәкілетті лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркейді.
      Егер тауар декларациясы кеден органына электронды құжат түрінде ұсынылса, онда уәкілетті лауазымды адам ақпараттық жүйеде оның берілген күні мен уақытын ақпараттық технологияларды қолдана отырып тіркейді.
      11. Тауарды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын өтінішті, тізбені және құжаттарды беру күні мен уақытын уәкілетті лауазымды адам өтініштің немесе тізбенің барлық данасында, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып ақпараттық жүйелерде уәкілетті лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қолын және жеке нөмірлі мөр қойып тіркейді.
      12. Тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені берген кезде уәкілетті лауазымды адам көрсетілген кедендік құжаттарды беру мерзімін тексереді.
      Егер тауар декларациясы өтініш немесе тізбе белгіленген мерзімдерді бұза отырып берілсе, уәкілетті лауазымды адам «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінде көзделген шараларды қабылдайды.

3. Тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені тіркеу немесе тіркеуден бас тарту кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      13. Тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені тіркеуді немесе тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам Тауар декларациясын тіркеу жөніндегі нұсқаулықта айқындалған тәртіппен көрсетілген кедендік құжаттар берілген сәттен бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде жүргізеді.
      14. Уәкілетті лауазымды адам, егер:
      1) тауарлар декларациясы, өтініш немесе тізбе көрсетілген кедендік құжаттарды тіркеуге құқылы емес кеден органына берілген болса;
      2) тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені кеден органына уәкілеттігі жоқ адам берсе;
      3) тауар декларациясында, өтініште немесе тізбеде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген негізгі мәліметтер көрсетілмесе;
      4) тауар декларациясына, өтінішке немесе тізбеге қол қойылмаған, не тиісті түрде куәландырылмаған немесе белгіленген нысан бойынша жасалмаған болса;
      5) Кодекске сәйкес тауар декларациясы, өтініш немесе тізбе берілгенге дейін немесе берумен бір уақытта жасалуы тиіс әрекеттер жасалмаған декларацияланатын тауарларға қатысты тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені тіркеуден бас тартады.
      15. Тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені тіркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде уәкілетті лауазымды адам осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қағаз немесе электронды түрде кеден органы жүргізетін тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірін береді.

4. Тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      16. Тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам тауарларға арналған декларацияны тексеруді және тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүргізеді және мынадай әрекеттерді:
      1) тауар декларациясында мәлімделген мәліметтердің тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттардағы, тауар декларациясының электронды көшірмелеріндегі (бұдан әрі - тауар декларациясының ЭК) және ақпараттық технологияларды қолдана отырып ақпараттық жүйелерде форматты-логикалық бақылаудағы мәліметтермен сәйкестігін тексеруді;
      өтініште немесе тізбеде көрсетілген мәліметтердің тауарларды декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттарда бар мәліметтерге сәйкестігін тексеруді;
      2) тауар декларациясында, мәлімдемеде немесе тізбеде мәлімденген мәліметтерді кеден органдарына, оның ішінде тауарлардың, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының, тауар декларациясында, мәлімдемеде, тізбеде көрсетілген құжаттар мен адамдардың тәуекел деңгейін Кодекстің 216-бабында белгіленген тәртіппен анықтау үшін ақпараттық технологияларды қолданумен жеткізілген тәуекелдер профильдерінде және (немесе) тәуекел индикаторындағы мәліметтермен салыстыруды;
      3) кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден  заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру шарттарын сақтауды бақылауды;
      4) Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) бойынша тауарларды жіктеу кодын дұрыс айқындауды бақылауды;
      5) тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шараларын және экспорттық бақылаудың сақталуын бақылауды;
      6) тауарлардың шығарылған елін дұрыс айқындауды және тарифтік преференцияларды ұсынуды бақылауды;
      7) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген, сондай-ақ мұндай кедендік тізілімдерге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілеріне қатысты зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды қабылдау үшін тауарларды бақылауды;
      8) кедендік құнды бақылауды;
      9) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мақсаттары үшін төлеушінің жеке шотындағы қолма-қол ақшаның бар болуын тексеруді;
      10) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді есептеудің дұрыстығын немесе кедендік баждар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді енгізуді, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, бөліп төлеуді және жеңілдіктерді беруді бақылауды;
      11) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияда мәлімделген келісімшарттың есептiк нөмiрiн не мәміле паспортының нөмірін келісімшартта көрcетiлген есептік нөмiрмен не мәмiле паспортының нөмiрiмен салыстыруды;
      12) кедендік сараптамаға, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жолдауды;
      13) тауар декларациясында өтініште немесе тізбеде мәлімделген тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімді қабылдауды орындайды.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.09 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17. Осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді орындау кезінде уәкілетті лауазымды адам тәуекелдерді басқару жүйесінің нұсқамаларын қолдана отырып кедендік бақылау жүргізеді.
      18. Осы Қағидалардың 16-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді орындау кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      1) тауарларды сәйкестендіру, сондай-ақ КО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды жіктеу мақсаттары үшін тауар декларациясында, өтініште немесе тізбеде мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын және толықтығын бақылауды;
      2) КО СЭҚ ТН бойынша жіктеу кодын айқындаудың дұрыстығын бақылауды;
      3) тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің тауарларды сыныптау бойынша шешімдердің электронды базасындағы мәліметтерге сәйкестігін тексеруді;
      4) кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден  заңнамасына сәйкес жіктеу шешімін қабылдау жолымен тауарлардың дұрыс жіктелмеуі анықталған жағдайда КО СЭҚ ТН бойынша тауарларды жіктеуді жүргізеді.
      19. Осы Қағидалардың 16-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді орындау кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      1) декларанттың белгіленген тыйым салулар мен шектеулер, тарифтік емес реттеу шараларын және экспорттық бақылауды сақтау мақсатында тауар декларациясында мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын және толықтығын бақылауды;
      2) тыйым салулар мен шектеулердің, тарифтік емес реттеу шараларының және экспорттық бақылаудың сақталуын растайтын құжаттардың (лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және (өзге) құжаттар) бар болуын тексеруді жүргізеді.
      20. Осы Қағиданың 16-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді орындау кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес аталған тауарлардың шығарылған еліне тарифтік преференциялар ұсынылатын болса, тауар декларациясында, өтініште немесе тізбеде және тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарда мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын және толықтығын бақылауды;
      2) тауарды жөнелтуші елдің уәкілетті органы берген тауардың шығарылған елін растайтын құжаттың түпнұсқасының болуын;
      3) тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттардағы мөрлердің бедерлерін және қолдардың кеден ісі саласындағы сеніп тапсырылған уәкілетті органдардың мөрлері бедерлерінің және қолдарының үлгісімен тексеруді жүргізеді.
      21. Осы Қағиданың 16-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді орындау кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      1) зияткерлік меншік объектілері бар тауарларға қатысты тауар декларациясында, өтініште немесе тізбеде мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын, зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын және толықтығын тексеруді;
      2) тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміндегі және кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміндегі мәліметтерге, сондай-ақ кеден органына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін құқық иеленушілердің тауарлар туралы қосымша мәліметтерге сәйкестігін тексеруді жүргізеді.
      Зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері анықталған кезде тауарларды тоқтата тұру және Кодекстің 440-бабына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы шешімдерді қабылдау үшін кеден органының басшысына рапорт жолдайды;
      3) зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және Кодекстің 441-бабына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдайды және зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілмеген тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдау үшін кеден органының басшысына рапорт жолдайды.
      Бұл ретте зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілерінің анықталуына байланысты оларды шығару тоқтатыла тұрған тауарлар бойынша ақпаратты кеден органының тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.
      22. Осы Қағиданың 16-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді орындау кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      1) тауар декларациясында, өтініште немесе тізбеде мәлімделген кедендік құнды коммерциялық құжаттарда көрсетілген құнмен тексеруді;
      2) мәлімделген кедендік рәсімге және кедендік құнды айқындау әдісіне сәйкес кеден құны құрылымының дұрыстығын тексеруді;
      3) егер тауардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтер дұрыс емес не тиісті дәрежеде расталмаған болып табылса, Кодекстің 112-бабында көзделген тәртіпке сәйкес қосымша тексеруді жүргізеді.
      Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды адам тауарлардың мәлімделген кедендік құнын қабылдау туралы шешім не Кодекстің 111-бабына сәйкес тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.
      Тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзетуді жүргізу туралы шешім Кодекстің 111-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен декларанттың немесе кедендік өкілдің назарына жеткізіледі.
      Тауарлардың кедендік құнын растайтын мәміле бағасын және (немесе) коммерциялық және өзге құжаттарды қосымша зерттеу қажет болған кезде тауарларды шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті лауазымды адам кеден органының тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдау себептерін негіздей отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау және шаралар қабылдау үшін растау құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып рапорт жолдайды.
      23. Осы Қағиданың 16-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген іс-қимылды орындау кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      1) Қазақстан Республикасы кірістерінің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кірістер кодтары бойынша (бұдан әрі - бюджеттік жіктеме коды) кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін және төлемдердің мақсатын тексеруді;
      2) кеден органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдары ұсынатын есептілік нысандары бойынша жеке шотқа кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының түсуін тексеруді;
      3) төлеуші кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлды төлем карточкаларын пайдалана отырып, кеден органдарының әкімшілік ғимараттарында (бөлмелерінде) орналастырылған электронды терминалдар және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлеу кезінде - жоғарыда көрсетілген электронды терминал беретін түбіртектің және (немесе) екінші деңгейдегі банктер кассалары түбіртектерінің бар болуын тексеруді;
      4) тауар декларациясы және кедендік төлемдер мен салықтардың басқа кедендік құжаттары бойынша төлеушінің жеке шотына есептелген таратуларды тексеруді жүргізеді.
      24. Осы Қағиданың 16-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген іс-қимылды орындау кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      1) тауар декларациясын және оның электронды көшірмесін толтыру дұрыстығын, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеуге әсер ететін оларда мәлімделген мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын тексеруді;
      2) мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін не олардың төленуінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
      3) мәлімделген тарифтік, салықтық жеңілдіктер мен преференциялардың, мәлімделген жеңілдіктерді айқындайтын және кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мен төлеудің ерекше тәртібін белгілейтін тауарларды, құжаттарды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктерді және мәліметтерді кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктерге қатысты кеден органының мамандандырылған бөлімшелеріне беруді бақылауды;
      4) кедендік төлемдер мен салықтардың төленуге жататын сомасын есептеудің дұрыстығын тексеруді;
      5) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыру мен бөліп төлеуді ұсыну туралы тиісті рұқсаттың болуын, сондай-ақ егер тауарлар осындай қамтамасыз етуді ұсыну шартымен шығарылған жағдайда, кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттың бар болуын тексеруді жүргізеді.
      25. Осы Қағиданың 16-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген іс-қимылды орындау кезінде, егер кедендік операцияларды жасау кезінде пайда болатын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы танымдар талап етілсе, уәкілетті лауазымды адам кедендік сараптама жүргізу қажеттілігін негіздей отырып, кеден бекетінің басшысына не оны алмастыратын адамға баянат жолдайды.
      Кеден бекетінің басшысы не оны алмастыратын адам кедендік сараптаманы жүргізу қажеттілігі туралы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесінің көрсеткіштері негізінде шешімді қабылдаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам осы Қағиданың 1-қосымшасында келтірілген нысан бойынша кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді ресімдейді.
      Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім осы Қағиданың 2-қосымшасында келтірілген кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімдерді есепке алу журналында тіркеледі.
      Кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      26. Тауарларды кедендік тазарту процесінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.
      Тауарларды кедендік тазарту кезінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау және шаралар қабылдау үшін мұндай бұзушылықтар туралы ақпаратты кеден органының мамандандырылған бөлімшесіне береді.
      27. Тауарлар декларациясында, тізбеде немесе өтініште техникалық сипаттағы (қате басулар, грамматикалық және лексикалық қателер және т.б.) қателер табылған кезде уәкілетті лауазымды адам анықталған қателерді тізбелей отырып, ілеспе жазба жасайды.
      Осы ілеспе жазбаның негізінде декларант немесе кедендік өкіл жіберілген қателерді түзетеді, оларды «Кедендік декларацияларды толтыру және кедендік декларациялардың нысандары жөніндегі нұсқаулықтар туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияларды толтыру жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Тауар декларациясын толтыру жөніндегі нұсқаулық) белгіленген тәртіппен өзінің қолымен және мөрімен растайды.
      Тиісті өзгерістерді уәкілетті лауазымды адам Тауар декларациясын толтыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен тауар декларациясының ЭК енгізеді.
      28. Тауар декларациясында мәлімделген мәліметтер Кодексте және Тауар декларациясын толтыру жөніндегі нұсқаулықта көзделген тәртіппен декларанттың немесе кедендік өкілдің дәлелденген жазбаша өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен тауарлардың шығарылуына дейін өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

5. Уәкілетті лауазымды адамның тауарларды шығару туралы шешімді қабылдау кезіндегі іс-қимылы

      29. Уәкілетті лауазымды адам тауарларды шығаруды Кодексте белгіленген мерзімдерде және тәртіппен жүргізеді.
      30. Тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру не шығарудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті лауазымды адам Тауар декларациясын толтыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен мөртабан қою мен тауар декларациясының «С» және «D» бағандарына тиісті жазбаларды енгізу жолымен, сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу жолымен қабылдайды.
      Кеден органына дейін жеткізілген тәуекел профильдеріндегі мәліметтер анықталған кезде тауар декларациясын тіркеу журналының 10-бағанына және тауар декларациясының «С» бағанына іске қосылған тәуекел бейінінің нөмірі жазылады.
      Көрсетілген белгілер уәкілетті лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
      31. Кодексте белгіленген тауарларды шығарудың шарттары сақталмаған кезде уәкілетті лауазымды адам тауарларды шығару мерзімі өтпей тұрып бас тарту үшін негіз болған себептерді және оларды жою жөніндегі нұсқамаларды көрсете отырып, жазбаша нысанда тауарларды шығарудан бас тартады.
      Тауарды шығарудан бас тартуды уәкілетті лауазымды адам «Тауарларға декларацияны тіркеуді, тіркеуден бас тартуды, тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 262 шешімімен бекітілген Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленген тәртіппен ресімдейді.
      32. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру Кодекстің 440 және 441-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      33. Тауарларды шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды адам тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені тексереді және тізілімге сәйкес қоса берілген құжаттардың жиынтығын кеден органының мұрағатына, сондай-ақ декларантқа немесе кедендік өкілге тауар декларациясының белгіленген даналарын, өтінішті немесе тізбені және қоса берілген құжаттарды беру үшін қалыптастырады.
      Уәкілетті лауазымды адам тауарларды шығару, шығаруды тоқтата тұру, не тауарларды шығарудан бас тарту туралы жазбаны тауар декларациясын, өтінішті немесе тізбені тіркеу журналдарының тиісті бағандарына енгізеді.

6. Мерзімдік кедендік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      34. Мерзімдік кедендік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам мынадай іс-қимылды жүзеге асырады:
      1) осы Қағидалардың 2 және 3-бөлімдерінде көзделген кедендік операцияларды жасайды, сондай-ақ Кодекстің 293-бабында көзделген тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды қолданудың талаптары мен шарттарының орындалуын тексереді.
      Уәкілетті лауазымды адам:
      тауарларды болжамданған өткізу тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалану талаптарына сәйкес келмегенде;
      кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешегі бар адамдарға;
      оларға қатысты банкроттық туралы іс қозғалған адамдарға тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды қолданудан бас тартады;
      2) осы Қағиданың 4-бөлімінде көзделген кедендік операцияларды жасайды;
      3) тауарларға мерзімдік декларацияны қолданудың барлық кезеңі ішінде тауар легінің әрбір жеткізілімін өткізуге нақты есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады.
      Тауарларға арналған мерзімдік декларацияны пайдалана отырып декларацияланатын тауарларды есепке алуды кеден органы осы Қағиданың 3-қосымшасында келтірілген тауарларды есепке алу журналында жүргізеді.
      Тауарларды есепке алу журналы кеден органында тауарларды мерзімдік кедендік декаларациялау туралы соңғы жазу жазылған сәттен бастап бес жыл ішінде сақталады.
      35. Егер тауарлар тауарларға мерзімдік декларацияны тіркеген кеден органына ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан Кодекстің 293-бабында белгіленген мерзім ішінде әкетілмеген жағдайда, уәкілетті лауазымды адам мұндай тауарларды шығарудан бас тартады.
      36. Тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан әкетілмеген жағдайда, уәкілетті лауазымды адам декларанттың немесе кедендік өкілдің жазбаша өтініші бойынша тауарларға мерзімдік декларацияны Кодекстің 290-бабында көзделген тәртіппен кері қайтарып алуға рұқсат береді.

7. Мерзімдік кедендік декларацияны пайдалана отырып әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      37. Тауардың әрбір легі келген кезде тауарларға арналған мерзімдік декларацияны тіркеген кеден органы декларант немесе кедендік өкіл ұсынған, әкелінген тауарлар, оларға коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) оларға арналған өзге құжаттар бойынша кедендік бақылауды жүргізеді.
      38. Уәкілетті лауазымды адам коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда және тауарларға мерзімдік декларацияларда көрсетілген мәліметтердің «Кедендік құжаттардың нысандары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен белгіленген нысан бойынша ресімделген кедендік тексеріп қарау (қарау) актісінде көрсетілген тауарларды кедендік тексеріп қарау немесе кедендік қараудың жүргізілген нәтижелеріне сәйкестігін тексереді.
      39. Құжаттарда көрсетілген мәліметтер жүргізілген тауарларды кедендік тексеріп қарау немесе тауарларды тексеру нәтижелеріне сәйкес келген жағдайда уәкілетті лауазымды адам коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда «Мерзімдік декларациялау» деген жазу жасайды, көрсетілген лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырылатын тауарларды шығару күнін, тауарларға мерзімдік декларацияның нөмірін көрсете отырып, «Шығаруға рұқсат берілді» деген мөртабан қояды.

8. Кеден одағының мерзімдік кедендік декларацияны пайдалана отырып әкетілетін тауарларына қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі уәкілетті лауазымды адамның іс-қимылы

      40. Кеден одағының тауарларын тауарларға арналған мерзімдік декларация бойынша шығарған кеден органы кеден одағының кедендік шекарасында орналасқан, ол арқылы тауарларды іс жүзінде әкету жүзеге асырылатын өткізу пунктінде орналасқан кеден органына мерзімдік кедендік декларациялау рәсімі қолданылғаны туралы ақпаратты әкетілетін тауарлар туралы негізгі мәліметтерді көрсете отырып және осындай декларацияның көшірмесін қоса бере отырып жолдайды.
      41. Тауарларға мерзімдік декларацияны тіркеген кеден органы тауардың жөнелтілетін әрбір легіне коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттардың бар-жоқтығын тексереді.
      42. Уәкілетті лауазымды адам коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда және тауарларға мерзімдік декларацияда көрсетілген мәліметтердің «Кедендік құжаттардың нысандары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен белгіленген нысан бойынша ресімделген кедендік тексеріп қарау (қарау) актісінде көрсетілген тауарларды кедендік тексеріп қарау және (немесе) кедендік қараудың жүргізілген нәтижесімен сәйкестігін тексереді.
      43. Құжаттарда көрсетілген мәліметтер жүргізілген кедендік тексеріп қарау немесе тексеру нәтижелеріне сәйкес келген жағдайда уәкілетті лауазымды адам коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда «Мерзімдік декларациялау» деген жазу жасайды, аталған лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырылатын тауарды шығару күнін, тауарларға мерзімдік декларациясының нөмірін көрсете отырып, «Шығаруға рұқсат берілді» деген мөртабан қояды, бұл ретте декларантқа уәкілетті лауазымды адам куәландырған тауарға мерзімдік декларацияның көшірмесі беріледі.

Кеден органдары лауазымды
адамдарының тауарларға 
кедендік тазартуды жасау
қағидасына      
1-қосымша      

Кедендік сараптама тағайындау туралы
шешім

№ _________                            20___ ж.«____» ________

1. Оны жүргізуге негіздеме ______________________________________
_________________________________________________________________
2. Сарапшының Т.А.Ә. немесе кедендік сараптама жүргізілетін ұйымның немесе кеден органының атауы ____________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
3. Кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
4. Кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған материалдар мен құжаттардың тізбесі _____________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
   (тауарға ілеспе құжаттар, тауарлардың сынамалары, үлгілері,
                        олардың мөлшері)
5. Сарапшыға ҚР ӘҚбК 516 және ҚР ҚК 352-баптарына сәйкес көрінеу жалған қорытынды бергені үшін жауапкершілік туралы ескерту
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
                              (қолы)

Бастық __________________________________________________________
                         (кеден органының атауы)
_______________________________________
        (қолы) (тегі, аты-жөні)

Кеден органдары лауазымды
адамдарының тауарларға 
кедендік тазартуды жасау
қағидасына      
2-қосымша      

Кедендік сараптама тағайындау туралы шешімдерді есепке алу журналы

Шешімнің

Импорттаушының/экспорттаушының атауы

Кедендік сараптаманың мақсаты

ТД

Кедендік сараптамаға жолданған күн

Кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысының нөмірі

Кедендік Сарапшының (сарапшының) қорытындысы алынған күн

1

2

3

4

5

6

7

Кеден органдары лауазымды
адамдарының тауарларға 
кедендік тазартуды жасау
қағидасына      
3-қосымша      

Тауарларды есепке алу журналы

р/с №

Декларант

ТМД №

Тауардың атауы және мөлшері

Таза салмағы (кг.)

Статистикалық құны

Тауарды кедендік тексеріп қарауға ұсынған күн

Кедендік бақылауды жүргізген уәкілетті лауазымды адамның Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе:
      1) журналда тауардың мерзімдік декларациясы бойынша ресімделген тауарлардың әрбір жеткізілімі жөніндегі деректер көрсетіледі;
      2) жеткізу кезеңінің аяқталған соң әрбір тауардың мерзімдік декларациясы бойынша қорытынды дерек жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады