"Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 434 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 531-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасында:
      16-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарларға арналған декларацияда мәлімделген келісімшарттың есептiк нөмiрiн не мәміле паспортының нөмірін келісімшартта көрcетiлген есептік нөмiрмен не мәмiле паспортының нөмiрiмен салыстыруды;".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады