"Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Сегізінші қосымша хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 1 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Сегізінші қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы
Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Сегізінші қосымша
хаттаманы ратификациялау туралы

      Женевада 2008 жылғы 12 тамызда жасалған Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Сегізінші қосымша хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Жарғы, Қосымша хаттама

Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына
Сегізінші қосымша хаттама

Мазмұны

Бап
I. (өзгертілген 1 бис-бабы)  Анықтамалар
II. (өзгертілген 4-бап)      Ерекше жағдайлардағы қарым-қатынас
III. (өзгертілген 8-бап)     Өңірлік одақтар. Арнайы келісімдер
IV. (өзгертілген 11-бап)     Одаққа қосылу немесе қабылдау. Рәсім
V. (өзгертілген 22-бап)      Одақ Актілері
VI. (өзгертілген 25-бап)     Одақ Актілеріне қол қою, олардың
                             түпнұсқалығын растау, оларды
                             ратификациялау және басқа да мақұлдау
                             нысандары
VII. (өзгертілген 29-бап)    Ұсыныстар беру
VIII. (өзгертілген 32-бап)   Төрелік
IX.                          Одақтың Қосымша хаттамасына және басқа
                             да Актілеріне қосылу
X.                           Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына
                             Қосымша хаттаманың күшіне енуі және
                             қолданылу мерзімі

Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына
Сегізінші қосымша хаттама

      Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері Женевада Конгреске жиналып, 1964 жылғы 10 шілдеде Венада қабылданған Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысының 30.2-бабы негізінде ратификациялау шартымен кезде аталған Жарғыға мынадай өзгерістерді қабылдады.

      І бап
      (Өзгертілген 1 бис-бабы)
      Анықтамалар

      1. Дүниежүзілік пошта одағының Актілерінде пайдаланылатын төменде санамаланған терминдер төменде анықталатын мағынада болуға тиіс:
      1.1 Пошта қызметі: көлемін Одақ органдары айқындайтын пошта қызметтерінің барлығы. Осы қызметтерге жататын негізгі міндеттемелер мүше елдердің белгілі бір әлеуметтік және экономикалық міндеттерді орындауынан көрінеді, бұл пошта жөнелтімдерін қабылдаумен, сұрыптаумен, жіберумен және жеткізумен қамтамасыз етіледі.
      1.2 Мүше ел: Жарғының 2-бабының шарттарын орындайтын ел.
      1.3 Бірыңғай пошта аумағы (сол бір пошта аумағы): Одақтың Актілеріне сәйкес уағдаласушы тараптарға жүктелетін транзит еркіндігін қоса алғанда, жазбаша хат-хабар жөнелтімдерімен өзара алмасуды қамтамасыз ету және басқа елдерден транзитпен жіберілетін пошта жөнелтімдерін кемсітушіліксіз, өздерінің жеке пошта жөнелтімдерін өңдейтіндей түрде өңдеу міндеттемесі.
      1.4 Транзит еркіндігі: оған сәйкес аралық мүше ел басқа мүше елге межеленіп, өзіне берілген пошта жөнелтімдерін ішкі жөнелтілімдерді өңдейтіндей түрде өңдеп, оларды тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті қағидат.
      1.5 Жазбаша хат-хабарды жөнелту: Конвенцияда көрсетілген жөнелтімдер.
      1.6 Халықаралық пошта қызметі: Актілермен реттелетін пошта операциялары немесе қызметтері. Осындай операциялардың немесе қызметтердің жиынтығы.
      1.7 Тағайындалған оператор: пошта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету және оларға жататын, Одақ Актілерінен туындайтын міндеттемелерді өз аумағында орындау үшін мүше ел ресми тағайындайтын кез келген мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйым.
      1.8 Ескертпе - бұл осы мүше елге қолдануға қатысты мүше ел Актінің (Жарғыдан және Жалпы регламенттен басқа) қандай да болсын ережесінің заңды салдарын болдырмауға немесе өзгертуге ұмтылатын шегіністі қамтитын ереже. Кез келген ескертпе Жарғының кіріспесінде және бірінші бабында айқындалғандай Одақтың міндеттерімен және мақсаттарымен үйлесімді болуға тиіс. Ол тиісінше негізделуге және тиісті Актіні бекіту үшін қажетті көпшіліктің қолдауын табуға және оның Қорытынды хаттамасына енгізілуге тиіс.

      II бап
      (Өзгертілген 4-бап)
      Ерекше жағдайлардағы қарым-қатынас

      Тағайындалған операторлары Одақтың құрамына кірмейтін аумақтарға қызмет көрсететін мүше елдер басқа мүше елдер үшін делдал болуға міндетті. Мұндай ерекше жағдайларда Конвенцияның және оның Регламенттерінің ережелері қолданылады.

      III бап
      (Өзгертілген 8-бап)
      Өңірлік одақтар. Арнайы келісімдер

      1. Егер осы мүше елдердің заңнамасы бұған кедергі келтірмесе, мүше елдер немесе олардың тағайындалған операторлары өңірлік одақтар құра алады және халыққа қолайлылығы мүдделі мүше елдер қатысушылары болып табылатын Актілерде көзделген ережелерден гөрі неғұрлым төмен ережелерді оларға қоспау шартымен халықаралық пошта қызметі туралы арнайы келісімдер жасай алады.
      2. Өңірлік одақтар байқаушыларды Одақтың конгрестеріне, конференциялары мен жиналыстарына, Әкімшілік кеңестің, сондай-ақ Поштаны пайдалану кеңесінің отырыстарына жібере алады.
      3. Одақ байқаушыларды өңірлік одақтардың конгрестеріне, конференциялары мен жиналыстарына жібере алады.

      IV бaп
      (Өзгертілген 11-бап)
      Одаққа қосылу немесе қабылдау. Рәсім

      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының кез келген мүшесі Одаққа қосыла алады.
      2. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылмайтын кез келген егеменді ел өзін Одаққа мүше ел ретінде қабылдау туралы өтініш білдіре алады.
      3. Одаққа қосылу немесе қабылдау туралы өтініш Одақтың Жарғысына және міндетті Актілеріне қосылу туралы ресми мәлімдемені қамтуға тиіс. Оны мүдделі елдің үкіметі Халықаралық бюроның Бас директорына жібереді, ол мән-жайларға байланысты қосылу туралы хабарлайды немесе мүше елдерден қабылдау туралы өтінішке қатысты консультация алады.
      4. Егер Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылмайтын елдің өтінішін, ең болмағанда, Одаққа мүше елдердің үштен екісі қолдаса, ол мүше ел ретінде қабылданды деп саналады. Консультация жариялаған күннен бастап төрт ай ішінде жауап бермеген мүше елдер қалыс қалды деп саналады.
      5. Халықаралық бюроның Бас директоры мүше елдердің үкіметтерін қосылу немесе мүшелікке қабылдау туралы хабардар етеді. Ол осы хабарламаның күнінен бастап күшіне енеді.

      V бaп
      (Өзгертілген 22-бап)
      Одақ Актілері

      1. Жарғы Одақтың негізгі құжаты болып табылады. Ол Одақтың негізгі ережелерін қамтиды және ескертпелердің нысанасы болмайды.
      2. Жалпы регламент Жарғыны қолдануды және Одақтың қызметін қамтамасыз ететін ережелерден тұрады. Ол барлық мүше елдер үшін міндетті болып табылады және ескертпелердің нысанасы болмайды.
      3. Дүниежүзілік пошта конвенциясы, жазбаша хат-хабар регламенті және пошта сәлемдемелерінің регламенті халықаралық пошта қызметінде қолданылатын жалпы ережелерді, сондай-ақ жазбаша хат-хабар қызметі және пошта сәлемдемелері туралы ережелерді қамтиды. Бұл Актілер барлық мүше елдер үшін міндетті болып табылады. Мүше елдер өздерінің тағайындалған операторларының Конвенциядан және оның Регламенттерінен туындайтын міндеттемелерді орындауын қадағалайды.
      4. Одақтың Келісімдері мен олардың Регламенттері жазбаша хат-хабар және пошта сәлемдемелері қызметтерінен басқа, оларға қатысатын мүше елдер арасындағы қызметтерді реттейді. Олар тек осы мүше елдер үшін ғана міндетті болып табылады. Оларға қол қойған мүше елдер өздерінің тағайындалған операторларының Келісімдерден және олардың Регламенттерінен туындайтын міндеттемелерді орындауын қадағалайды.
      5. Конвенция мен Келісімдерді орындау үшін қажетті қолдану ережелері бар Регламенттерді Конгресс шешімдерін ескере отырып, Поштаны пайдалану кеңесі бекітеді.
      6. Олар туралы 3 - 5 § айтылатын Одақтың Актілеріне қоса берілетін ықтимал Қорытынды хаттамаларда осы Актілерге ескертпелер бар.

      VI бaп
      (Өзгертілген 25-бап)

      Одақ Актілеріне қол қою, түпнұсқалығын растау, оларды ратификациялау және басқа да мақұлдау нысандары
      1. Одақтың Конгресте қабылданған Актілеріне мүше елдердің өкілетті өкілдері қол қояды.
      2. Регламенттердің түпнұсқалығын Почтаны пайдалану кеңесінің Төрағасы мен Бас хатшысы растайды.
      3. Жарғыға қол қойған елдер оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде ратификациялайды.
      4. Жарғыдан басқа, Одақтың Актілерін мақұлдау қол қойған әрбір елдің ішкі конституциялық нормаларына сәйкес жүргізіледі.
      5. Егер қандай да болсын мүше ел Жарғыны ратификацияламаса немесе өзі қол қойған басқа Актілерді мақұлдамаса, онда солай бола тұрса да, оларды ратификациялаған немесе мақұлдаған мүше елдер үшін Жарғы мен басқа да Актілердің заңды күші болады.

      VII бап
      (Өзгертілген 29-бап)
      Ұсыныстар беру

      1. Кез келген мүше елдің. Конгреске не екі Конгресс арасындағы кезеңде өзі қатысушысы болып табылатын Одақ Актілеріне қатысты ұсыныстар беруге құқығы бар.
      2. Алайда Жарғыға және Жалпы регламентке қатысты ұсыныстар тек Конгреске берілуі мүмкін.
      3. Бұдан басқа, Регламенттерге қатысты ұсыныстар Поштаны пайдалану кеңесіне тікелей беріледі, алайда оларды Халықаралық бюро алдын ала барлық мүше елдерге және барлық тағайындалған операторларға беруге тиіс.

      VIII бап
      (Өзгертілген 32-бап)
      Төрелік

      Одақ Актілерін түсіндіруге немесе осы Актілерді қолданудан мүше елдер үшін туындайтын жауапкершілікке қатысты екі немесе бірнеше мүше ел арасында келіспеушіліктер болған жағдайда даулы мәселені төрелік шешеді.

      ІХ бап
      Одақтың Қосымша хаттамасына және басқа да Актілеріне қосылу

      1. Осы Хаттамаға қол қоймаған мүше елдер оған кез келген уақытта қосыла алады.
      2. Конгресте қайта қаралған Актілерге қатысушылар болып табылатын, бірақ оларға қол қоймаған мүше елдер оларға мүмкіндігінше қысқа мерзімде қосылуға міндетті.
      3. Олар туралы 1 және 2 § сөз болып отырған жағдайларға қатысты қосылу туралы құжаттар Халықаралық бюроның Бас директорына жіберілуге тиіс. Бас директор олар туралы мүше елдердің үкіметтеріне хабарлайды.

      Х бап
      Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Қосымша хаттаманың күшіне енуі және қолданылу мерзімі

      Осы Қосымша хаттама 2010 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді және мерзімі белгіленбеген уақыт ішінде күшінде болады.

      Осыны куәландыру үшін мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері осы Қосымша хаттаманы жасады, егер оның ережелері Жарғының мәтініне енгізілсе, ол нақ сол күшке және нақ сол мағынаға ие болады және оған Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға берілетін бір данада қол қойды. Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы осы дананың көшірмесін әрбір тарапқа жіберетін болады.

      2008 жылғы 12 тамызда Женевада жасалды.

      Төменде көрсетілген қолдарды қараңыз.

      2008 жылғы 12 тамызда Женева қаласында өткен Дүниежүзілік пошта одағының 24-Конгресінде қабылданған Дүниежүзілік пошта одағы Жаршысының Сегізінші қосымша хаттамасының куәландырған көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады