"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 9 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі
арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту
жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу
нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

      Астанада 2010 жылғы 10 тамызда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Жапонияның Қазақстан
Республикасындағы Елшілігі
Космонавтар көшесі 62, 5 қабат
Астана
Тел. 97-78-43
Факс 97-78-42

2010 жылғы 10 тамыз

      Жоғары Мәртебелі,

      Meн Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесін қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беру мәселесі бойынша Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы таяуда қол жеткізілген төмендегі Келісімді растауды құрмет санаймын:
      1. Жалпы сомасы алты миллиард үш жүз алпыс бір миллион жапон йенасы (Ұ 6361000000) (бұдан әрі - «Қарыз» деп аталатын) болатын қарызды Жапоння Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (бұдан әрі - «ЖХЫА» деп аталатын) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапонияның тиісті заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (бұдан әрі «Жоба» деп аталатын) орындау мақсатында беретін болады.
      2. (1) Қарыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЖХЫА арасында жасалатын Қарыз туралы келісімге сәйкес пайдалану үшін қолжетімді болады. Қарыз кезеңі мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі рәсімдер, кол жеткізілген уағдаластық шеңберінде басқаларымен қатар мынадай қағидаттарды қамтитын жоғарыда аталған Қарыз туралы келісімге сәйкес анықталатын болады:
      (а) Төлеу мерзімі жеті (7) жыл жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін он сегіз (18) жылды құрайтын болады;
      (б) Пайыздық ставка жылдық бір бүтін оннан жетіні (1,7 %) құрайтын болады; және
      (с) Қарыз жоғарыда аталған Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін тоғыз (9) жылдың ішінде берілетін болады;
      (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған Қарыз туралы келісім қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қоса алғанда, Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін ЖХЫА дұрыс деп қарағаннан кейін жасалатын болады;
      (3) Осы тармақтың (1)(с) тармақшасында жоғарыда аталған Қарызды беру кезеңі екі Үкіметтің уәкілетті органдарының келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      3. (1) Қарыз қазақстандық Атқарушы Агенттіктің келісімшарттар бойынша қолайлы елдердің өнім берушілері және/немесе мердігерлері алдындағы Жобаны орындау үшін қажетті өнімді және/немесе қызметтерді сатып алуға туындауы мүмкін төлемдерді олардың осы қолайлы елдерде мұндай өнімдер шығарылуы және/немесе қызметтер берілуі шартымен өтеуі үшін қолжетімді болады.
      (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған қолайлы елдердің тізбесі екі Үкіметтің уәкілетті органдары арасында келісілетін болады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 3-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген өнім және/немесе қызметтер қазіргі сәтте Азия Даму Банкі мен ЖХЫА арасында әрекет ететін және басқаларымен қатар, мұндай рәсімдер қолданылмайтын немесе орынсыз болатын жағдайларды қоспағанда, халықаралық конкурстық сауда-саттық бойынша сақталуы тиіс рәсімдерді айқындайтын Азия Даму Банкі мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі арасындағы АДБ-мен Жедел бірлесіп қаржыландыру схемасын іске асыру үшін Негіздемелік Келісімге сәйкес сатып алынатынына кепілдік береді.
      5. Қарыз шеңберінде сатып алынған жүк және теңіз тасымалы мен өнімді сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі көліктік және теңіз сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергі келтіруі мүмкін кез келген шектеулерді салудан тартынады.
      6. 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған өнімді және/немесе қызметтерді жеткізуге байланысты Қазақстан Республикасында қызметтері талап етілуі мүмкін Жапония бодандарына өз жұмыстарын орындау үшін Қазақстан Республикасына келуі мен онда тұруы үшін қажетті жағдай жасалатын болады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      (а) ЖХЫА-ны Қазақстан Республикасындағы оған салынатын және/немесе Қарызға байланысты барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан, сондай-ақ ол бойынша пайыздардан;
      (б) өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компанияларын Қарыз шеңберінде өнім жеткізуден және/немесе қызметтер көрсетуден түсетін кіріске қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан;
      (c) өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компанияларын Жобаны орындау үшін қажетті өз материалдары мен жабдықтарының импорты мен реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық баждар мен салықтық алымдардан; және
      (d) жобаны іске асыруға жұмылдырылған, Жапония азаматтығы бар жұмысшыларды өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компаниялары төлейтін төлемдерден алынған жеке кірістеріне қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан босатады.
      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды:
      (а) қарыздың тиісті түрде және тек қана Жобаны орындау үшін пайдаланылуын;
      (б) Қарыз шеңберіндегі объектілерді салу және осы объектілерді пайдалану кезінде Жобаны орындауға жұмылдырылған адамдар мен Қазақстан Республикасының негізгі халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және оны қолдауды; және
      (с) Қарыз шеңберінде салынған объектілердің осы Келісімде сипатталған мақсаттар үшін тиімді және тиісті түрде пайдаланылуын және ұсталынуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі сұрау салуға сәйкес Жапония Үкіметі мен ЖХЫА-ны:
      (а) Жобаның орындалу барысы туралы ақпаратпен және деректермен; және
      (б) Жоба бойынша басқа да кез келген ақпаратпен қамтамасыз ететін болады.
      10. Екі Үкімет осы Келісімнен туындауы мүмкін немесе онымен байланысты болуы мүмкін кез келген мәселелер бойынша өзара консультациялар өткізетін болады.
      Мен сонымен қатар, осы нота және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда баяндалған уағдаластықты растайтын, Жоғары Мәртебелім, Сіздің жауап нотаңыз Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күні күшіне енетін екі Үкімет арасындағы Келісімді құрауын ұсынуды құрмет санаймын.

      Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелім, Сізге өзімнің зop ілтипатымды білдіргім келеді.

                                              __________________
                                                 Сигэо Нацуи
                                             Жапонияның Қазақстан
                                           Республикасындағы Төтенше
                                              және Өкілетті Елшісі

Жоғары Мәртебелі
Нұрлан Ермекбаев
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер
министрінің орынбасары

      2010 жылғы 10 тамыз

      Жоғары Мәртебелі,

      Жоғары Мәртебелім, мен Сіздің мыналар айтылған бүгінгі күнгі нотаңыз алынғанын растауды құрмет санаймын:
      «Мен Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесін қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беру мәселесі бойынша Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы таяуда қол жеткізілген төмендегі Келісімді растауды құрмет санаймын:
      1. Жалпы сомасы алты миллиард үш жүз алпыс бір миллион жапон йенасы (Ұ 6361000000) (бұдан әрі - «Қарыз» деп аталатын) болатын қарызды Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (бұдан әрі - «ЖХЫА» деп аталатын) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапонияның тиісті заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (бұдан әрі - «Жоба» деп аталатын) орындау мақсатында беретін болады.
      2. (1) Қарыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЖХЫА арасында жасалатын Қарыз туралы келісімге сәйкес пайдалану үшін қолжетімді болады. Қарыз кезеңі мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі рәсімдер, қол жеткізілген уағдаластық шеңберінде басқаларымен қатар мынадай қағидаттарды қамтитын жоғарыда аталған Қарыз туралы келісімге сәйкес анықталатын болады:
      (а) Төлеу мерзімі жеті (7) жыл жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін oн сегіз (18) жылды құрайтын болады;
      (б) Пайыздық ставка жылдық бір бүтін оннан жетіні (1,7 %) құрайтын болады; және
      (с) Қарыз жоғарыда аталған Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін тоғыз (9) жылдың ішінде берілетін болады;
      (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған Қарыз туралы келісім қоршаған ортаны қopғaу мәселелерін қоса алғанда, Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін ЖХЫА дұрыс деп қарағаннан кейін жасалатын болады;
      (3) Осы тармақтың (1)(с) тармақшасында жоғарыда аталған Қарызды беру кезеңі екі Үкіметтің уәкілетті органдарының келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
      3. (1) Қарыз қазақстандық Атқарушы Агенттіктің келісімшарттар бойынша қолайлы елдердің өнім берушілері және/немесе мердігерлері алдындағы Жобаны орындау үшін қажетті өнімді және/немесе қызметтерді сатып алуға туындауы мүмкін төлемдерді олардың осы қолайлы елдерде мұндай өнімдер шығарылуы және/немесе қызметтер берілуі шартымен өтеуі үшін қолжетімді болады.
      (2) Осы тармақтың (1) тармақшасында жоғарыда аталған қолайлы елдердің тізбесі екі Үкіметтің уәкілетті органдары арасында келісілетін болады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 3-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген өнім және/немесе қызметтер қазіргі сәтте Азия Даму Банкі мен ЖХЫА арасында әрекет ететін және басқаларымен қатар, мұндай рәсімдер қолданылмайтын немесе орынсыз болатын жағдайларды қоспағанда, халықаралық конкурстық сауда-саттық бойынша сақталуы тиіс рәсімдерді айқындайтын Азия Даму Банкі мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі арасындағы АДБ-мен Жедел бірлесіп қаржыландыру схемасын іске асыру үшін Негіздемелік Келісімге сәйкес сатып алынатынына кепілдік береді.
      5. Қарыз шеңберінде сатып алынған жүк және теңіз тасымалы мен өнімді сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі көліктік және теңіз сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергі келтіруі мүмкін кез келген шектеулерді салудан тартынады.
      6. 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған өнімді және/немесе қызметтерді жеткізуге байланысты Қазақстан Республикасында қызметтері талап етілуі мүмкін Жапония бодандарына өз жұмыстарын орындау үшін Қазақстан Республикасына келуі мен онда тұруы үшін қажетті жағдай жасалатын болады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      (а) ЖХЫА-ны Қазақстан Республикасындағы оған салынатын және/немесе Қарызға байланысты барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан, сондай-ақ ол бойынша пайыздардан;
      (б) өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компанияларын Қарыз шеңберінде өнім жеткізуден және/немесе қызметтер көрсетуден түсетін кіріске қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан;
      (с) өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компанияларын Жобаны орындау үшін қажетті өз материалдары мен жабдықтарының импорты мен реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасының барлық баждар мен салықтық алымдардан; және
      (d) жобаны іске асыруға жұмылдырылған, Жапония азаматтығы бар жұмысшыларды өнім берушілер және/немесе мердігерлер болып табылатын Жапония компаниялары төлейтін төлемдерден алынған жеке кірістеріне қатысты Қазақстан Республикасында оларға салынатын барлық фискалдық төлемдер мен салықтардан босатады.
      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды:
      (а) қарыздың тиісті түрде және тек қана Жобаны орындау үшін пайдаланылуын;
      (б) Қарыз шеңберіндегі объектілерді салу және осы объектілерді пайдалану кезінде Жобаны орындауға жұмылдырылған адамдар мен Қазақстан Республикасының негізгі халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және оны қолдауды; және
      (с) Қарыз шеңберінде салынған объектілердің осы Келісімде сипатталған мақсаттар үшін тиімді және тиісті түрде пайдаланылуын және ұсталынуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі сұрау салуға сәйкес Жапония Үкіметі мен ЖХЫА-ны:
      (а) Жобаның орындалу барысы туралы ақпаратпен және деректермен; және
      (б) Жоба бойынша басқа да кез келген ақпаратпен қамтамасыз ететін болады.
      10. Екі Үкімет осы Келісімнен туындауы мүмкін немесе онымен байланысты болуы мүмкін кез келген мәселелер бойынша өзара консультациялар өткізетін болады.
      Мен сонымен қатар, осы нота және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда баяндалған уағдаластықты растайтын, Жоғары Мәртебелім, Сіздің жауап нотаңыз Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күні күшіне енетін екі Үкімет арасындағы Келісімді құрауын ұсынуды құрмет санаймын.
      Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелім, Сізге өзімнің зор ілтипатымды білдіргім келеді.».
      Мен сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан аталған уағдаластықты растау және, Жоғары Мәртебелім, Сіздің Нотаңыз бен осы жауап Нота Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күні күшіне енетін екі Үкімет арасындағы Келісімді құрауын растауды құрмет санаймын.
      Meн осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелім, Сізге өзімнің ілтипатымды білдіргім келеді.

                                              _________________
                                              Нұрлан Ермекбаев
                                            Қазақстан Республикасы
                                           Сыртқы істер министрінің
                                                  орынбасары

Жоғары Мәртебелі
Сигэо Нацуи
Жапонияның Қазақстан
Республикасындағы Төтенше
және Өкілетті Елшісі

      Осымен 2010 жылғы 10 тамызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кадр жұмыстарын үйлестіру
      және бақылау департаментінің
      Басқарма бастығы                        Б. Ахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады