"Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы бойынша Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 10 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы бойынша Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Жоба   

Қазақстан Республикасының Заңы Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі мен Қазақстан
Республикасының Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы)
Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы бойынша Қарыз туралы
келісімді ратификациялау туралы

      Токио қаласында 2010 жылғы 23 тамызда жасалған Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы бойынша Қарыз туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

№ KAZ-P6 Қарыз туралы келісім

Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі
мен
Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы
ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы
бойынша
Қарыз туралы келісім

Күні 2010 жылғы 23 тамыз

Мазмұны

1-бап Қарыз
      1-бөлім. Қарыздың сомасы мен мақсаты
      2-бөлім. Қарыз қаражатын пайдалану
2-бап Өтеу, пайыздар және резервке қойғаны үшін комиссия
      1-бөлім. Қарыздың негізгі сомасын өтеу
      2-бөлім. Пайыздар және оларды төлеу тәсілі
      3-бөлім. Резервке қойғаны үшін комиссия және оны төлеу тәсілі
      4-бөлім. Толық емес төлем
3-бап Ерекше жағдайлар
      1-бөлім. Жалпы шарттар мен ережелер
      2-бөлім. Сатып алу рәсімі
      3-бөлім. Төлеу рәсімі
      4-бөлім. Қарызды басқару
      5-бөлім. Хабарламалар мен сұрау салулар
1-қосымша Жобаның сипаттамасы
2-қосымша Қарыз қаражатын бөлу
3-қосымша Қарызды өтеу кестесі
4-қосымша Сатып алу рәсімі
5-қосымша Міндеттемелермен байланысты рәсім
6-қосымша Аудару рәсімі

      Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 23 тамыздағы № KAZ-P6 Қарыз туралы келісім.
      Қазақстан Республикасын экономикалық тұрақтандыру және оны дамыту жөніндегі қадамдарға жәрдемдесу мақсатында Жапония ұсынатын қарызға қатысты 2010 жылғы 10 тамыздағы Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Ноталар алмасу (бұдан әрі «Ноталар алмасу» деп аталатын) негізінде,
      Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (бұдан әрі «ЖХЫА» деп аталатын) және Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын) осымен (осы Келісімге барлық қосымша келісімдерді қамтитын, бұдан әрі «Қарыз туралы келісім» деп аталатын) мынадай Қарыз туралы келісімді жасасады.

1-бап
Қарыз 1-бөлім. Қарыздың сомасы мен мақсаты

      ЖХЫА Қарыз алушыға сипаты осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (бұдан әрі «Жоба» деп аталатын) орындау үшін Қарыз туралы келісімге сәйкес жоғарыда көрсетілген шекті соманы төлеу жиынтығына қол жеткізген кезде ЖХЫА-ның одан әрі ешқандай төлем жүргізбеуі шартымен Қарыз туралы келісімде баяндалған шарттар мен талаптарда және Жапонияның тиісті заңдары мен ережелеріне сәйкес АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі «АДБ» деп аталатын) беретін ОАӨЭЫ 1 Көлік дәлізімен [Жамбыл облысындағы учаскелер] («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық Бағдарлама - 3-жоба қоса қаржыландыру нысанында негізгі сома ретінде АЛТЫ МИЛЛИАРД ҮШ ЖҮЗ АЛПЫС БІР МИЛЛИОН (6,361,000,000) жапон йенасынан аспайтын соманы (бұдан әрі - «Қарыз» деп аталатын) беруге келісім береді.

2-бөлім. Қарыз қаражатын пайдалану

      (1) Қарыз алушы қарыз қаражатын сипаты осы Келісімге 4-қосымшаның 2-бөлімінде келтірілген қолайлы елдер - алу көздерінің (бұдан әрі «Қолайлы ел (-дер) - қаржы көзі (-дері)» деп аталатын) өнім берушілерінен, мердігерлерінен немесе консультанттарынан (бұдан әрі «Өнім беруші (-лер)» деп аталатын) сипаты осы Келісімге 2-қосымшада келтірілген қарыз қаражатын бөлуге сәйкес Жобаны орындау үшін қажетті қолайлы тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
      (2) Егер ЖХЫА мен Қарыз алушы арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз туралы келісімге сәйкес соңғы төлем Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін тоғыз (9) жылдан соң сол күннен және айдан кешіктірмей жүргізіледі (бұдан әрі «Төлем кезеңі» деп аталатын) және төлем кезеңі өткеннен кейін ЖХЫА одан әрі ешқандай төлеу жүргізбейді.
      (3) Егер Төлем кезеңі аяқталған күн Жапонияда банктік операция күні болып табылмаса, онда жоғарыда көрсетілген (2) кіші бөлімнің талаптарына қарамастан, Жапониядағы одан кейінгі банктік операция күні Төлем кезеңінің аяқталған күні болып есептеледі.

2-бап
Өтеу, пайыздар және резервке қойғаны үшін комиссия 1-бөлім. Қарыздың негізгі сомасын өтеу

      Қарыз алушы ЖХЫА Қарызының негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшада келтірілетін борышты бөліп өтеу кестесіне сәйкес өтейді.

2-бөлім. Пайыздар және оларды төлеу тәсілі

      (1) Қарыз алушы ЖХЫА-ға пайызды одан төлем жүргізілетін және ол бойынша төлемге ұсынылмаған сомалар бар негізгі сома бойынша жылына бір бүтін оннан жеті пайыз (1,7%) ставка бойынша жарты жылда бір рет төлейді.
      (2) Қарыз алушы ЖХЫА-ға қарыз қаражатын төлеуді аяқтау күніне дейін (і) (бұдан әрі «Төлеу аяқталған күн» деп аталатын) алдыңғы жылдың 20 қазанынан бастап ағымдағы жылдың 19 сәуіріне дейін жинақталған пайыздарды әрбір жылдың 20 мамырында және ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап 19 қазанына дейін жинақталған пайыздарды әрбір жылдың 20 қарашасында және (іі) алдыңғы жылдың 20 қазанынан бастап ағымдағы жылдың 19 сәуіріне дейін жинақталған пайыздарды әрбір жылдың 20 сәуірінде Төлеу аяқталған күннен кейін және ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап 19 қазанына дейін жинақталған пайыздарды әрбір жылдың 20 қазанында төлейді.
      (3) Алдыңғы кіші бөлімге қарамастан, Төлеу аяқталған күн 20 мамырдан немесе 20 қарашадан бастап үш (3) айдан кейін басталатын жағдайда пайыздарды бірінші төлеу Төлеу аяқталған күннен кейін 20 мамырда немесе 20 қарашада, осы күндердің қайсысы бұрын келгеніне қарай жүргізіледі.

3-бөлім. Резервке қойғаны үшін комиссия және оны төлеу тәсілі

      (1) Қарыз алушы ЖХЫА-ға резервке қойғаны үшін комиссияны (бұдан әрі «Резервке қойғаны үшін комиссия» деп аталатын) Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін Төлеу аяқталған күнге дейін бір жүз жиырма (120) күн кезең үшін 3-баптың 1. (2) бөлімінде жазылған есептеу әдісі негізінде 2-қосымшада көрсетілген (А) және (В) санаттарына жататын игерілмеген қалдықтың жалпы сомасының жылына нөл бүтін оннан бір пайызын (0,1%) құрайтын ставка бойынша жарты жылда бір рет төлейді; алайда Төлеу аяқталған күні Жапонияда банктік операция күні болып табылмайтын болса, онда Жапониядағы одан кейінгі банктік операция күні төлеуді аяқтау күні болып есептеледі.
      (2) Қарыз алушы ЖХЫА-ға (і) алдыңғы жылдың 20 қазанынан бастап Төлеу аяқталған күнге дейінгі ағымдағы жылдың 19 сәуіріне дейін жинақталған Резервке қойғаны үшін комиссияны әрбір жылдың 20 мамырында және ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап Төлеу аяқталған күнге дейінгі 19 қазанға дейін жинақталған Резервке қойғаны үшін комиссияны әрбір жылдың 20 қарашасында не 20 сәуірден не 20 қазаннан бастап Төлеу аяқталған күнге дейін жинақталған (іі) Резервке қойғаны үшін комиссия бойынша соңғы төлемді Төлеу аяқталған күннен кейін осы күндердің қайсысы бұрын келгеніне қарай, Төлеу аяқталған күннің алдында осы күндердің қайсысы кешірек келуіне қарай не 20 сәуірде не 20 қазанда төлейді.
      (3) Жоғарыдағы (2) кіші бөлімге қарамастан, Резервке қойғаны үшін комиссия бойынша соңғы төлем Төлеу аяқталған күні ағымдағы жылдың 20 ақпанынан бастап 19 сәуірін қоса алғандағы кезеңде 20 мамырда не Төлеу аяқталған күні ағымдағы жылғы 20 тамыздан бастап 19 қазанды қоса алғандағы кезеңіне келген кезде 20 қарашада жүргізілуге тиіс.

4-бөлім. Толық емес төлем

      Егер Қарыз туралы келісімге сәйкес Қарыз алушы жүргізген кез келген төлемнің сомасы төлеуге жататын жалпы сомадан аз болса, Қарыз алушы төлем сомасының мынадай тәртіппен қолданылуына және бөлінуіне келіседі: (і) мерзімі өткені үшін комиссия, (іі) резервке қойғаны үшін комиссия, (ііі) пайыз және (iv) негізгі борыш. Жоғарыда көрсетілгендерге қарамастан, ЖХЫА төлемнің түскен сомасын өз қалауы бойынша қолдана әрі бөле алады.

3-бап
Ерекше жағдайлар 1-бөлім. Жалпы шарттар мен ережелер

      Әдетте Қарыз туралы келісімге қолданылатын басқа шарттар мен ережелер күні 2009 жылғы наурызбен белгіленген ДАК карыздары бойынша ЖХЫА-ның Жалпы шарттары мен ережелерінде (бұдан әрі «Жалпы шарттар мен ережелер» деп аталатын) мынадай қосымша ережелермен жазылады:
      (1) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 3.04 (1) бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      Қарыз туралы келісімге сәйкес қажетті резервке қойғаны үшін комиссияны қоспағанда, негізгі соманы өтеу немесе пайыздарды немесе басқа да міндеттемелерді төлеу кідіртілген жағдайда «Жалпы шарттар» деген 3.03-бөлімде келтірілген пайыз өтеу күнінде және одан кейін негізгі борыштың мерзімі өтіп кеткен сомасына қосылуын тоқтатады, сондай-ақ Қарыз туралы келісімде келтірілген пайыздан тыс жылдық екі пайыз (2 %) мөлшеріндегі мерзімі өткені үшін комиссия Қарыз туралы келісімге сәйкес қажетті резервке қойғаны үшін комиссияны қоспағанда, өтеу күнінен бастап іс жүзіндегі төлем күнінің алдындағы күнге дейінгі, қоса алғандағы кезеңде негізгі борыштың, пайыздың немесе басқа да міндеттемелердің мерзімі өтіп кеткен сомасына төлеуге жатады.
      (2) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 3.05-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      3.05-бөлім. Пайыздарды, резервке қойғаны үшін комиссияны және мерзімі өткені үшін комиссияны есептеу.
      Пайыздар, резервке қойғаны үшін комиссия және мерзімі өткені үшін комиссия күн сайынғы негізде жинақталады және үш жүз алпыс бес (365) күн мен өткен күндердің іс жүзіндегі саны негізінде есептелетін болады.
      (3) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 3.06-бөлімге қатысты Қарыз алушы негізгі соманың, пайыздардың барлық төлемдерін және Қарыз бойынша басқа да төлемдерді Жапония, Бас кеңсе, Токио-Митсубиши UFJ, Лтд Банкіндегі «ЖХЫА-Қарыз» № 0207787 шотының кредитіне жатқызады.
      (4) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5.06 (1) бөлімнің бірінші параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      Егер (і) (А) және (В) санаттарының толық сомасы 2-қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілгендей, Қарыз туралы келісім шеңберінде төленген болса, (іі) Төлеу кезеңі өтіп кетсе немесе (ііі) Қарыз алушы ЖХЫА-ны келесі параграфта көрсетілгендей, Жоба бойынша бұдан әрі төлемдер талап етілмейтіні туралы хабардар етсе, онда ЖХЫА Қарыз алушыға екі данада Төлемнің аяқталғаны туралы хабарлама жібереді (№ 3 нысан қоса беріліп отыр).
      (5) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5.06. (1) бөлімнің екінші параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      Егер төлемдердің жалпы сомасы Қарыз туралы келісім шеңберінде 2-қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілгендей (А) және (В) санаттарының жалпы сомасынан аз болса және Жоба бойынша бұдан әрі төлемдер талап етілмесе, Қарыз алушы ЖХЫА-ға төлемдерді аяқтаудың сұратылған күніне дейін кемінде отыз (30) күнде жазбаша хабарлама жібереді.
      (6) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5-бапқа мынадай бөлім қосылсын:
      5.07-бөлім. Орындалуы төлемді жүргізуге мүмкіндік беретін шарттар
      ЖХЫА төмендегі тармақтардың әрқайсысында көрсетілген барлық шарттар әрбір төлем сәтінде қанағаттандырылмайынша, төлем жүргізуге міндетті емес. Осы шарттардың қанағаттандырылуын ЖХЫА анықтайды.
      (а) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5.03. және 5.04-бөлімдерде сипатталған құжаттар осы бөлімдерде белгіленген талаптарға жауап береді (және ЖХЫА-ны қанағаттандырады).
      (b) Алдын ала тыйым салу, сақтандырғыш тыйым салу немесе тыйым салу туралы бұйрық та, хабарлама да (Жапониядан тысқары жерде орындалған кез келген рәсімді қоса алғанда) ЖХЫА Қарыз алушысына кез келген тиесілі сомаға қатысты жіберілмеген.
      (c) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 6.01-бөлімде көрсетілгендей, ЖХЫА-ның араласуына әкеп соғатын ештеңе болған жоқ.
      (d) Қарыз алушы Қарыз туралы келісімнің қандай да бір ережесін бұзған жоқ және мұндай бұзушылық тиісті төлем кезінде немесе кейін болуы мүмкін деген қауіп жоқ.
       (7) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 6.01-бөлімге мынадай (і) қосылсын:
      (і) АДБ мен осы Жоба бойынша Қарыз алушы арасындағы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес АДБ Қарыз алушыны төлемге қабілетсіз деп жариялаған және өзін Қарыз алушының төлемін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы деп жариялаған және/немесе барлық негізгі борышты дереу төлеуге тиесілі және жататын пайыздар мен
міндеттемелермен бірге төленбеген деп жариялайтын оқиға.
      (8) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 10.03-бөлім мынамен ауыстырылсын:
      Қарыз туралы келісім ЖХЫА өзін 10.01. (1) бөлімде көрсетілген өкілеттіктер мен қолдардың үлгілерін растаумен, 10.02. (1) бөлімде көрсетілген Заңдық қорытындымен қанағаттандым деп жариялаған күні (і), ЖХЫА Қарыз алушыға Ноталар алмасу тиісті түрде күшіне енгенін растағаннан кейін және (іі) одан кейін ЖХЫА Қарыз алушыға ЖХЫА мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қарыз туралы келісімнің күшіне енуінің шарттары орындалуымен қатар, АДБ мен Қарыз алушы арасында жасалған «ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба» АДБ Қарыз туралы келісімге тиісті түрде қол қойылғанын және оның заңды күшіне енуі үшін барлық шарттар орындалғанын немесе ЖХЫА-ны қанағаттандыратын іс-шаралар жоғарыда көрсетілген шарттарды орындау үшін ЖХЫА бас тартпаса ғана ЖХЫА-ны қанағаттандыратын мерзімде жүргізілгенін растағаннан кейін күшіне енеді.
      ЖХЫА Қарыз алушыны Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні туралы жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.

2-бөлім. Сатып алу рәсімі

      «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 4.01-бөлімде айтылатын сатып алу қағидасы осы Келісімге 4-қосымша түрінде ұсынылатын Сатып алу рәсімінде айтылады.

3-бөлім. Төлеу рәсімі

      «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5.01-бөлімде айтылатын төлеу рәсімі мынадай болып табылады:
      (1) Осы Келісімге 5-қосымша түрінде ұсынылатын міндеттемелерге байланысты рәсім келісімшарттың Қазақстан Республикасы валютасынан ерекше халықаралық нарықтық валютада көрсетілген бөлігіне қатысты Қолайлы елден (-дерден) - алу көзінен (-дерінен) Өнім берушіден (-лерден) тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін осы Келісімнің 2-қосымшасының 1-бөлімінде көрсетілгендей, (А) санаты үшін бөлінген Қарыз қаражаты төленген жағдайда қолданылады.
      (2) Жоғарыда көрсетілген (1) тармақтың ережелеріне қарамастан, осы Келісімге 6-қосымша түрінде ұсынылған қаражатты аудару рәсімі Қолайлы елден (-дерден) - алу кезінен (-дерінен) Өнім беруші жүргізетін төлемдер бойынша осы Келісімнің 2-қосымшасының 1-бөлімінде көрсетілгендей, (А) санаты үшін бөлінген Қарыз қаражатын төлеу үшін қолданылады.
      (3) ЖХЫА АДБ-ны ЖХЫА үшін Қарызды басқаруға арналған Қарыз әкімшісі ретінде тағайындай алады. Түсініксіздіктерді болдырмау үшін АДБ ЖХЫА-ның атынан кез келген мәселелерге қатысты Қарыз алушының немесе оның агентінің атына сұрау салулар жібере алады.

4-бөлім. Қарызды басқару

      (1) Қарыз алушы Көлік және коммуникация министрлігіне атқарушы агенттік (бұдан әрі «Атқарушы агенттік» деп аталатын) ретінде уәкілеттік береді.
      (2) Егер Қарыздан берілетін қаражат Жобаны орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Қарыз алушы дереу талап етілетін қаражатты ұсыну бойынша шаралар қабылдайды.
      (3) Қарыз алушы Атқарушы агенттіктің АДБ арқылы ЖХЫА-ға Жобаның орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы есептерді (әрбір жылғы наурызда, маусымда, қыркүйекте және желтоқсанда) Жоба аяқталғанға дейін ЖХЫА негізделген түрде сұрата алатын нысанда және толық ұсынуын қамтамасыз етеді.
      (4) Қарыз алушы дереу, бірақ кез келген жағдайда Жоба аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірмей Атқарушы агенттіктің АДБ арқылы ЖХЫА-ға жобаның аяқталуы туралы есепті ЖХЫА негізделген түрде олар туралы сұратуы мүмкін болған нысанда және егжей-тегжейлі ұсынуын қамтамасыз етеді.
      (5) Егер ЖХЫА осындай аудитті жүргізуді қажет деп есептеген жағдайда, Қарыз алушы жүзеге асырылған сатып алу аудитін сатып алу рәсімдерінің әділдігі мен бәсекеге қабілеттілігіне кепілдік беру үшін ЖХЫА жалдайтын тәуелсіз аудиторлардың жүргізгеніне көз жеткізуі тиіс.

5-бөлім. Хабарламалар мен сұрау салулар

      «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 9.03-бөлімнің мақсаттары үшін мынадай мекенжайлар көрсетіледі:
ЖХЫА үшін
      Пошталық мекенжайы:
      Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі
      Шығыс және Орталық Азия мен Кавказ елдерінің департаменті
      Нибанчо орталығының ғимараты, 5-25 Нибан-чо, Чийода-ку,
      Токио 102-8012, Жапония
      Бас директордың назарына
Қарыз алушы үшін:
      Пошталық мекенжайы:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана қаласы, 010000,
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің назарына

      Жоғарыда көрсетілген мекенжайлар және/немесе атаулар өзгерген жағдайда, осындай өзгерістер орын алған тарап екінші тарапты жаңа мекенжайлар және/немесе атаулар туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН ЖХЫА мен Қарыз алушы өздерінің тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері арқылы іс-қимыл жасай отырып, осы Келісімді өздерінің аттарынан тиісінше жасасуды және оны Жапония, Токио, Чийода-ку мекенжайы бойынша Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің кеңсесіне жоғарыда басында көрсетілген күні мен жылы ресми түрде беруді қамтамасыз етті.

      Жапония Халықаралық                  Қазақстан Республикасының
      Ынтымақтастық Агенттігі үшін         Үкіметі үшін

      _____________________________        _________________________
      Кензо Ошима                          Ақылбек Камалдинов
      Вице-Президент                       Қазақстан Республикасының
                                           Жапониядағы Төтенше және
                                           Өкілетті Елшісі

1-қосымша   

Жобаның сипаты 1-бөлім. Жоба туралы жалпы мәліметтер

      (1) Мақсаты:
      Неғұрлым маңызды учаскелерді қайта жаңарту арқылы елдің Жамбыл облысындағы негізгі көлік жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыру, осылайша өңірлік экономиканың дамуына, елдің көлік әлеуетінің артуына және табыстар теңсіздігінің төмендеуіне ықпал ету.
      (2) Учаскелер:
      Құлан
      Қайнар - Отар
      Қордай - Қырғызстанның шекарасы
      ЖХЫА қаржыландыруы көрсетілген үш учаскенің арасындағы «Құлан» учаскесіне қолданылатын болады.
      (3) Атқарушы агенттік:
      Көлік және коммуникация министрлігі
      (4) Жұмыстар көлемі:
      (а) Құлан айналма жолын салу және қайта жаңарту
      (b) Қайнар - Отар автожолын қайта жаңарту
      (c) Қордай - Қырғызстанның шекарасы автожолын қайта жаңарту
      (d) Консультациялық қызметтер
      Қарыз қаражаты жоғарыда көрсетілген (а) тармағы бойынша ұсынылады.
      Жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша кез келген қалдықтарды Қарыз алушы және/немесе басқа қаржы ресурстары қаржыландырады.

2-бөлім. ЖХЫА үшін Жапония Үкіметінің жыл сайынғы
бюджеттік қаржы бөлуі шегіндегі төлемдер

      Қарыз қаражатынан төлемдер ЖХЫА үшін Жапония Үкіметінің жыл сайынғы бюджеттік қаржы бөлуі шегінде жүргізіледі.

2-қосымша 

Қарыз қаражатын бөлу 1-бөлім. Бөлу

                              Қарыз сомасын бөлу    Қаржыландырылатын
      Санаты                    (миллион жапон        шығыстар %-бен
                                   йенасымен)
А. Құрылыс жұмыстары                  6,058                 100%
В. Көзделмеген шығыстар                303
С. Қол жетпейтін теңгерім               0
__________________________________________________________________
Жалпы                                  6,361

Ескертпе: Қаржыландыру үшін қолайсыз баптар төменде көрсетілген.

      (а) Жалпы әкімшілік шығыстар
      (b) Салықтар мен баждар
      (c) Жерді және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу
      (d) Өтемақы
      (е) Жанама шығыстардың өзге баптары

      (1) (А) санаттарының қандай да бірі бойынша төлемдерге қатысты төленетін сома, егер ЖХЫА мен Қарыз алушы арасында өзгеше келісілмесе, осы бөлімде көрсетілген тиісті санаттың пайызына көбейтілген қолайлы шығыстардан есептеледі.

2-бөлім. Шығыстар сметасында өзгерістер кезінде қаражатты қайта бөлу

      (1) Егер шығыстар сметасында (А) санаттарының қандай да біріне енгізілген баптар бойынша ұлғайту жүргізілсе, онда, егер мұндай болса, қарыз қаражатынан қаржыландырылатын мұндай артудың бөлігіне тең соманы ЖХЫА Қарыз алушының сұрау салуы бойынша (С) санатын қоспағанда, ЖХЫА белгілейтін көзделмеген шығыстарға жататын талаптарды басқа санаттардағы баптар бойынша қатынаста ескере отырып, осы санатқа жатқызады.
      (2) Егер шығыстар сметасында қандай да бір (А) және (В) санатына қосылған баптар бойынша кему болса, онда бұл жағдайда осындай, бірақ онда ол үшін қажеттілік жоқ санатқа арналған соманы ЖХЫА Қарыз алушыға мұндай қайта бөлудің сұратылған күніне дейін кемінде отыз (30) күн бұрын сұрау салуы бойынша (С) санатына қайта бөлуі мүмкін. (С) санатының сомасы басқа санаттарға қайта бөлінбейді.

3-қосымша  

Қарызды өтеу кестесі

Шартты мерзім                               Сомасы (жапон йенасымен)

20 сәуір, 2017                                      171,952,000

Әрбір жылдың 20 сәуірі мен 20 қазанында             171,918,000
2017 жылғы 20 қазаннан бастап
2035 жылғы 20 сәуірді қоса алғанда

4-қосымша  

Сатып алу рәсімі 1-бөлім. Қарыз бойынша сатып алу кезінде қолданылатын қағида

      Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтерді сатып алу 2007 жылғы 26 қыркүйектегі «Азия Даму Банкі мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (қазіргі кезде - ЖХЫА) арасындағы АДБ (СУСФ) бірлесіп қаржыландырудың жеделдетілген схемасын іске асыру жөніндегі негіздемелік келісімге» сәйкес жүргізіледі.

2-бөлім. Қолайлы елдер - алу көздері

      Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен қызметтерді сатып aлу үшін қолайлы ел (-дер) - aлу көзі (-дері) АДБ-ға қатысушы елдер және мүше болып табылады.

3-бөлім. Тауарлар мен қызметтерді сатып алуға байланысты
шешімдерді ЖХЫА-ның қарауы

      Қарыз алушы АДБ-ға «КЕЛІСІМШАРТТЫ ҚАРАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАУ САЛУДЫ» (төменде қоса берілген № 1 үлгіге сәйкес) ұсынады. Келісімшарттың бір көшірмесі мен келісімшарттың жиынтық кестесі «КЕЛІСІМШАРТТЫ ҚАРАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАУ САЛУҒА» қоса берілуі тиіс. АДБ осы құжаттарды қарайды және оларды ілеспе құжаттармен ЖХЫА-ға бекітуге жібереді.

№ 1 нысан 

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ФИРМАЛЫҚ БЛАНКІСІ

                                                  Күні:
                                                  Сілтеме үшін нөмір:

Азия Даму Банкі
(МЕКЕНЖАЙЫ)

АДБ-ның тиісті персоналының назарына

Құрметті Ханымдар/Мырзалар:

КЕЛІСІМШАРТТЫ ҚАРАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАУ САЛУ

      ЖХЫА-ның 2010 жылғы 23 тамыздағы № KAZ-P6 Қарыз туралы келісімінің тиісті ережелеріне сәйкес біз осымен Сіздердің қарауларыңызға осы Келісімге қоса берілетін Келісімшарттың расталған көшірмесін ұсынамыз. Келісімшарт туралы деректер төменде келтірілген:
      1. Келісімшарттың нөмірі мен күні __________________________
      2. Өнім берушінің атауы мен азаматтығы _____________________
      3. Сатып алудың атауы ______________________________________
      4. Келісімшарттың бағасы ___________________________________
      5. Мыналар үшін қолданылатын қаржыландыру сомасы ___________
      6. Тауарлардың сипаты мен шығу тегі ________________________

      Егер Сіздер бізге мақұлдау хатын жіберу жолымен бізді Келісімшартты келісу туралы хабардар етсеңіздер, ризашылығымызды білдіреміз.

                                               Құрметпен,
                                 ________________________________
                                 (Қарыз алушы тарапынан құжаттарға
                             қол қоюға уәкілетті ресми тұлғаның қолы)

5-қосымша 

Міндеттемелерге байланысты рәсім

      2008 жылғы қазанмен белгіленген ODA (ДРК) қарыздары бойынша міндеттемелерге (енгізілген өзгерістерімен) байланысты рәсім (бұдан әрі «міндеттемелерге байланысты рәсім» деп аталатын) осы Келісімге 2-қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілгендей Қолайлы елдің (-дердің) - алу көзінің (-дерінің) Өнім берушісінен (-лерінен) тауарлар мен қызметтерді сатып алуға (А) санатына бөлінген қарыз қаражаты төленген жағдайда, Қазақстан Республикасының валютасынан ерекше халықаралық нарықтық валютада көрсетілген келісімшарттың бөлігіне қатысты тиісті өзгерістермен қолданылады.
      1. «Міндеттемелерге байланысты рәсім» деген 1.(3) бөлімге қатысты Токио - Митсубиши UFJ Лтд Банкі, Токио Жапония Банкі мен Эмиссия Банкі болып табылады.

6-қосымша  

Аудару рәсімі

      Төменде 2 типте көрсетілген аударма рәсімі Қолайлы елдің (-дердің) Өнім берушісіне (-лерінен) төлемдерді жүргізуі үшін Қарыз туралы келісімге қоса берілген 2-қосымшаның 1-бөлімінде белгіленгендей, (А) санатына бөлінген Қарыз қаражатын төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
      Токио-Митсубиши UFJ, Лтд, Токио, Жапония (бұдан әрі - «Төлеуші Банк») банкі осы қосымшаның қандай да бір жерінде көрсетілген валюта айырбастаумен айналысатын Токиода тағайындалған шетелдік банк болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынған банк (бұдан әрі - «Банк Агент») осы қосымшада көрсетілген валюта айырбастаумен айналысатын Қарыз алушының eліндe тағайындалған шетелдік банк болып табылады. Қарыз туралы келісімге дереу қол қойылғаннан кейін Қарыз алушы Банк-Агентті тағайындайды және ЖХЫА-ға осындай Банк-Агенттің атауы туралы хабарлама кідіртпей жібереді.
      А типі: Егер Өнім беруші (-лерге) іс жүзіндегі төлемдер үшін пайдаланылатын валюта Қазақстан Республикасының валютасын қоспай, ЖХЫА үшін қолайлы халықаралық нарық валютасы болып табылған жағдайда.
      1. Ақы төлеуге сұрау салу
      (1) Егер Қарыз алушы Өнім берушіден (-лерден) Ақы төлеуге арналған өтінім алса (қоса берілген Төлемге арналған өтінім үлгісіне сәйкес), Қарыз алушы Келісімге қоса берілген TRF Нысанға сәйкес ЖХЫА-ға Ақы төлеуге сұрау салу жолымен Өнім берушінің (лердің) іс жүзінде сұраған сомасынан аспайтын сомаға ақы төлеу жүргізуге АДБ арқылы ЖХЫА-ға сұрау салуды жібереді. Әрбір сұрау салу мынадай құжаттармен бірге жүруі тиіс.
      (а) АДБ-мен келісілген нысанда ЖХЫА атына жіберілген Ақы төлеуге сұрау салудың түпнұсқасы.
      (b) Қоса берілген TRF нысанына сәйкес төлемдердің жиынтық кестесі
      (с) JICA-IFT-A үлгісіне сәйкес Төлеуші Банктің атына жіберілген А типті Аудару жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі
      (d) Өнім берушіге (-лерге) төленетін соманы растайтын Ақы төлеуге арналған өтінім.
      (2) Бір мезгілде Қарыз алушы жоғарыда 1.(1) тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді.
       Қарыз алушы мынадай құжаттарды тікелей ЖХЫА-ға жіберуі тиіс:
      (а) ЖХЫА-ның атына жіберілген Ақы төлеуге сұрау салудың көшірмесі
      (b) АДБ-ға жіберілген Төлемдердің жиынтық кестесінің көшірмесі.
      (c) Төлеуші Банкке жіберілген А типін аудару жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі
      (d) Өнім берушіге (-лерге) төленетін соманы растайтын Ақы төлеуге өтінімнің көшірмесі.
      (е) АДБ-ға жөнелтілген әрбір төлемді және оның пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      (3) Ақы төлеуге сұрау салуда көрсетілген сома Өнім берушімен (-лермен) келісілгендей, ЖХЫА үшін қолайлы халықаралық нарықтық валютада болуы тиіс.
      (4) Қарыз алушы Төлеуші Банкке А типін аудару жөніндегі нұсқаулықты (JICA-IFT-A нысанына сәйкес) Ақы төлеуге сұрау салу және Ақы төлеуге өтініммен бірге жіберуі тиіс.
      2. Ақы төлеу
      (1) Егер ЖХЫА Ақы төлеуге сұрау салу Қарыз жөніндегі келісім ережелеріне сәйкес және тиісті түрде жасалған деп есептесе, ЖХЫА төлемді жапон иенасында жүргізеді. Төлем Жапонияның тиісті заңдары мен нормаларына сәйкес алдын-ала Төлеуші Банкте ашылуы тиіс Банк-Агенттің резидент емес иеналық шотына ақы төлеу жолымен АДБ-дан Сұрау салу алынған күннен бастап он бес (15) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      (2) Егер Ақы төлеуге сұрау салуда көрсетілген сома жапон иеналарын қоспағанда ЖХЫА үшін қолайлы халықаралық нарықтық валютада ұсынылған болса, жапон иенасындағы ақы төлеу сомасы төлем жүргізілген күнге дейінгі екі (2) жұмыс күнде (Токио) Төлеуші Банк ұсынған сату бағамы бойынша есептелетін болады.
      3. Өнім берушіге (-лерге) төлемдер
      Жоғарыда 2-тармақта көрсетілген ЖХЫА төлеген қарыз қаражаты Агент-Банктің резидент емес иеналық шотына аударылғаннан кейін Қарыз алушы бірден Ақы төлеуге өтінімде белгіленгендей Өнім берушінің (-лердің) тиісті шотына аудару үшін Төлеуші Банкті жоғарыда көрсетілген шотқа осы соманы дебеттеуге міндеттейді. Бір мезгілде Қарыз алушы жоғарыда көрсетілген аудару туралы Банк-Агентке жеделхатпен хабарлауға Төлеуші Банкті міндеттейді.
      4. Өкілеттіктерді беру
      (1) Осымен Қарыз алушы осы Аудару рәсімдерінің шеңберінде қажетті немесе рұқсат етілген іс-қимылдарды қолдану немесе келісімдер жасасу үшін Банк-Агентті өзінің агенті ретінде тағайындайды.
      (2) Кез келген қабылданған іс-қимыл немесе Банк-Агентке берілген өкілеттіктерге сәйкес Банк-Агентпен жасалған келісім, егер осындай іс-қимыл қабылданған немесе осындай келісім Қарыз алушымен жасалған болса, Қарыз алушыны толығымен міндеттейді және бірдей күшке және қолданысқа ие болады.
      (3) Банк-Агентке берілген өкілеттіктер Қарыз алушы мен ЖХЫА арасындағы келісім бойынша кері қайтарып алынуы немесе өзгертілуі мүмкін.
      5. Шаралар
      Жоғарыда 4-тармақта көрсетілгендей, Банк-Агентке берілген өкілеттікке сәйкес Қарыз алушы Банк-Агентке Төлеуші Банкке қатысты мынадан тұратын қажетті шараларды қолдануды міндеттейді:
      (1) Қарыз алушының атынан Төлеуші Банкте Банкт-Агенттің резидент емес иеналық шотын ашу.
      (2) Жоғарыда 2-тармақта көрсетілген ЖХЫА жүргізген ақы төлеу Банк-Агенттің резидент емес иеналық шотына аударылғаннан кейін Төлеуші Банк Қарыз алушы шығарған типті аударма жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Өнім берушінің (-лердің) тиісті шотына төленген соманы аударады.
      (3) Жоғарыда 2-тармақта көрсетілген шартқа қарамастан, ЖХЫА-ның төлем жүргізу сәтіне Төлеуші Банк Банк Қарыз алушыдан Аудару жөніндегі нұсқаулықты алмаса, Төлеуші Банк төленген соманы ЖХЫА Қарыз алушыдан алған Аудару жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесіне сәйкес Өнім берушінің (-лердің) тиісті шотына аударуы мүмкін.
      6. ЖХЫА Қарыз алушыға Өнім беруші (-лер) мәлімдеген сома арасындағы айырмашылыққа байланысты айырбастау және Өнім берушіге (-лерге) іс жүзінде ақы төлеу кезінде Қарыз алушы және/немесе Өнім беруші (-лер) тартқан шығындарына жауапты емес.
      В типi: Егер Өнім берушіге (-лерге) іс жүзінде ақы төлеу үшін пайдаланылатын валюта қазақстандық теңге болып табылған жағдайда.
      1. Ақы төлеуге сұрау салу
      (1) Қарыз алушы Өнім берушіден (-лерден) Ақы төлеуге (қоса берілген Ақы төлеуге Өтінім үлгісіне сәйкес) Өтінім алса, Қарыз алушы ЖХЫА-ға осы келісімге қоса берілген TRF нысанына сәйкес Ақы төлеуге сұрау салуды жіберу жолымен Өнім берушінің іс жүзінде айтқан сомасынан аспайтын сомаға ақы төлеуді АДБ арқылы жүргізуді сұрайды. Әр Сұрау салу мынадай құжаттармен бірге жүруі тиіс.
      (а) АДБ-мен келісілген нысанда ЖХЫА-ның атына жіберілген Ақы төлеуге сұрау салудың түпнұсқасы
      (b) TRF-тың қоса берілген нысанына сәйкес төлемдердің жиынтық кестесі
      (с) қоса берілген JIСА-IFT-B нысан үлгісіне сәйкес Банк-Агентке жіберілген В типін аудару жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі
      (d) Өнім берушіге (-лерге) төлеуге жататын соманы растайтын Ақы төлеуге өтінімдер
      (е) төменде 3-тармақта көрсетілгендей валюта бағамын растау
      (2) Бір мезгілде Қарыз алушы жоғарыда 1.(1) тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.
      Қарыз алушы тікелей ЖХЫА-ға мынадай құжаттарды жіберуі тиіс:
      (а) ЖХЫА-ның атына жіберілген Ақы төлеуге сұрау салудың көшірмесі
      (b) АДБ-ға жіберілген Төлемдердің жиынтық кестесінің көшірмесі
      (с) Төлеуші Банкке жіберілген В типін аудару жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі
      (d) Өнім берушіге (-лерге) төлеуге жататын соманы растайтын Ақы төлеуге өтінімдер көшірмелері
      (е) төменде 3-тармақта көрсетілгендей, валюта бағамы растамасының көшірмесі
      (f) АДБ-ға жіберілген әрбір төлемді растайтын және оларды пайдалануды растайтын құжаттардың көшірмесі
      (3) Ақы төлеуге сұрау салуда көрсетілген сома Ақы төлеуге сұрау салуды жіберу күнінің алдыңғы күніне Банк-Агенттің ұсынған сатып алу бағамы бойынша айырбасталатын жапон йенасында болуы тиіс. Қазақстан теңгесімен төленетін сома және жапон иенасына айырбастау үшін пайдаланылатын валюта бағамы TRF-a нысанына сәйкес валюта айырбастау бағамын растаумен бірге Төлемдердің жиынтық кестесінде жазылатын болады.
      (4) жоғарыда (3) тармақтағы шарттарға қарамастан Банк-агент ірі газеталарда жариялаған анықтамалық курс сол сияқты пайдаланылуы мүмкін.
      (5) Қарыз алушы Банк-Агентке В типін аудару жөніндегі нұсқаулықты (JICA-IFT-B нысанына сәйкес) Төлеуге сұрау салудың және Төлеуге өтінімнің көшірмесімен жібереді.
      2. Төлем
      Егер ЖХЫА Төлеуге сұрау салуды тиісті түрде және Қарыз туралы келісімнің ережесіне сәйкес жасалмаған деп санаса, ЖХЫА төлеуді жапон иенасында жүргізеді. Төлеу Жапонияның тиісті заңдары мен нормаларына сәйкес алдынала Төлеушіде банкте ашылуы тиіс Банк-Агенттің резиденттік емес йеналық шотына төлеу жүргізу жолымен АДБ-дан Сұрау салу алынған күннен бастап (15) жұмыс күні ішінде (Токио) жүргізілетін болады.
      3. Өнім берушіге (-лерге) ақы төлеу
      ЖХЫА төлеген қарыз қаражаты жоғарыдағы 2-тармақта көрсетілген Банк-Агенттің резиденттік емес йеналық шотына аударылғаннан кейін Қарыз алушы Төлеуші банкті Банк-Агентке телеграмма жіберуге міндеттейді. Банк-төлеушіден телеграмма алғаннан кейін Қарыз алушы Банк-Агентті дереу қазақстандық теңгеде соманы Төлемге арналған сұрау салуда көрсетілгендей Өнім беруші (-лер) мәлімдеген өнім берушінің (-лердің) тиісті шотына (-тарына) аударуға міндеттейді.
      4. Өкілеттік беру
      (1) Осымен Қарыз алушы осы Аудару рәсімдерінің шеңберінде қажетті немесе рұқсат етілген іс-қимылдарды қабылдау немесе кезкелген келісімдер жасасу үшін Банк-Агентті өзінің агенті ретінде тағайындайды.
      (2) Кезкелген қабылданған іс-қимыл немесе Банк-Агентке берілген өкілеттіктерге сәйкес Банк-Агентпен жасалған келісім, егер осындай іс-қимыл қабылданған немесе осындай келісім Қарыз алушымен жасалған сияқты, Қарыз алушыны толығымен міндеттейді және бірдей күшке және қолданысқа ие болады.
      (3) Банк-Агентке берілген өкілеттіктер Қарыз алушы мен ЖХЫА арасында келісу бойынша кері қайтарып алынуы немесе өзгертілуі мүмкін.
      5. Шаралар
      (1) Қарыз алушы Банк-Агентті жоғарыдағы 4-тармақта көрсетілгендей, Банк-Агентке берілген өкілеттікке сәйкес Төлеуші Банкке қатысты мыналардан тұратын қажетті шараларды қолдануға міндеттейді:
      (а) Қарыз алушының атынан Төлеуші Банкте Банкт-Агенттің резиденттік емес иеналық шотын ашу
      (b) Банк-агентке ЖХЫА төлемі туралы Төлеуші банкке телеграмма жіберуге мүмкіндік беру
      (2) Қарыз алушы жоғарыдағы 4-тармақта көрсетілгендей Банк-Агентке берілген өкілеттіктерге сәйкес Банк-Агенттікке қатысты қажетті шараларды орындайды.
      Төлеуші Банктен жеделхат алғаннан кейін, Банк-Агент бірден Өнім беруші (-лер) іс жүзінде мәлімдеген қазақстандық теңге сомасын Қарыз алушы шығарған В типі аударма жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Өнім берушінің (-лердің) тиісті шотына (-тарына) аударады.
      6. ЖХЫА Қарыз алушы және/немесе Өнім беруші (-лер) Қарыз алушыға Өнім беруші (-лер) мәлімдеген сома арасындағы айырмашылыққа байланысты ауыстыру және Өнім берушіге (-лерге) нақты төлеу уақытында ұшыраған шығындарына жауапты емес.

(СҒР үлгі нысаны) 

Ақы төлеуге өтінім

                                                     Күні:
                                                     №: KAZ-P6 қарыз

Кімге: (Атқарушы Агенттіктің атауы және мекенжайы)

      Осымен Сізге мынадай мазмұнда орындалған жұмыстар бойынша Ақы төлеу өтінімін ұсынамыз
1. Бенефициардың атауы:
2. _______ № ___ келісімшарт бойынша Хабарлама (болған жағдайда):
3. Сатып алынған тауарлар мен орындалған қызметтердің сипаты:
4. Мәлімделген сома:
5. Жалпы төленген сома:
6. Жалпы сома (4. + 5.):
Төменде көрсетілгендей, біздің шотқа жоғарыдағы 4-тармақта мәлімделген соманы төлеуіңізді сұраймыз:
і) Бенефициардың атауы      ________________
іі) Шоттың нөмірі           ________________
ііі) Банк атауы             ________________
iv) Банктің толық мекенжайы ________________
v) Телеграфтық мекенжайы    ________________
                                       ____________________________
                                     (Өнім берушінің (-лердің) атауы)

                                       ____________________________
                                                  (Қолы)

      TRF нысаны  

Қаражатты алуға өтінім

                                      Күні:
                                      Қарыз туралы келісімнің нөмірі:
                                      Сериялық нөмірі:

Кімге: Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігінің
Шығыс және Орталық Азия мен Кавказ елдері департаменті
Бас Директордың назарына

      Ханымдар мен мырзалар:

      1. 2010 жылғы 23 тамыздағы № KAZ-P6 Қарыз туралы келісімге сәйкес Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (бұдан әрі - «ЖХЫА») мен Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - «Қарыз алушы») арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысындағы) Көлік Дәлізін қайта
жаңарту жобасы бойынша, төменде қол қойғандар көрсетілген Қарыз туралы келісім шеңберінде қоса беріліп отырған Жиынтық Кестеде (-лерде) сипатталған шығыстарды төлеу үшін ______ (жазба түрде_____) сомада төлем жүргізуді сұрайды.
      2. Төменде қол қойғандар қазіргі уақытқа дейін Жиынтық Кестеде (-лерде) сипатталған шығыстарды жабу мақсатында қарыз қаражатынан қандай да бір соманы төлеуді сұраған жоқ. Төменде қол қойғандар мұндай мақсаттар үшін төменде қол қойғандардың қолы жететін кез келген басқа қарыз, кредит немесе грант қаражатынан қаражат алған жоқ және алмайды.
      3. Төменде қол қойған:
      а) Жиынтық Кестеде (-лерде) сипатталған шығыстар Қарыз туралы келісімде көрсетілген мақсаттар үшін жүргізілетінін;
      b) осы қаражатқа сатып алынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер көрсетілген Қарыз туралы келісімге сәйкес ЖХЫА-мен келісілген қолданылатын сатып алу рәсімдеріне сәйкес сатып алынғанын және тиісінше сатып алудың құны мен талаптары негізделгенін;
      c) көрсетілген тауарлар мен қызметтерді қоса беріліп отырған Жиынтық Кестеде (-лерде) көрсетілген Өнім беруші (-лер) қамтамасыз еткен және көрсеткен немесе қамтамасыз ететін және көрсететін және ODA Жапон қарыздары (ДРК) үшін тиімді қолайлы елде (-дерде) (немесе одан қызметтер болған жағдайда) жүргізілгенін немесе жүргізілетінін растайды.
      4. Осы өтінімде сұрау салынған соманы Токио-Митсубиши UFJ, Лтд, Токио, Жапония Банкінің резиденттік емес иеналық шотына (Қарыз алушының Банк-Агентінің) төлеу жолымен төлеуіңізді сұраймыз.
      5. Осы өтінім ___ беттен және ___ қол қойылған және нөмірленген Жиынтық Кестеден тұрады.

                                                  Құрметпен,
                                          ___________________________
                                             (Қарыз алушының атауы)
                                          ___________________________
                                           (Уәкілетті тұлғаның қолы)

TRF-а нысаны  

                                                          Күні:
                                                          Сериялық №:

Төлемдердің жиынтық кестесі
(А типі немесе В типі) 

1

2

3

4

5

6


7

8

ЖХЫА №_
/С-
мақұлдау
хаты

Тауардың
және/
немесе
қызметтердің
сипаттамасы

Өнім
берушінің
атауы мен
мекенжайы
 
 

Санаты

Келісімшарттың
сомасы

Келісімшарт
валютасында
төлеуге
жататын
сома


Жинақталған
сома

Ескертулер





ЖХЫА-ның
келісілген
сомасы

ЖХЫА
қаржыландыру
сомасы
(=осы уақытқа
мәлімделген
сома)

Өнім
беруші
алатын
валютада
төлеуге
жататын
сома

ЖХЫА
қаржыландырудың
жалпы
төленген
сомасы


Ескертпе:
1. ЖХЫА қаржыландыру сомасы мынадай түрде есептелген:_______ ________
(Ақы төлеу коэффициентін пайдалану кезінде осы есептеу үшін міндетті
түрде оны көрсетуді өтінеміз)
2. ЖХЫА қаржыландыру сомасы = ____ жапон йенасына _____баламалы
(Айырбас бағамы:______ жапон иенасы үшін) (тек В типі)
3. ЖХЫА қаржыландыру сомасы қоса беріліп отырған Ақы төлеу өтінімінің
көшірмесінде көрсетілген мәлімделген сомаға балама (СFР нысаны)
4. Айырбас бағамы төрт (4) ондық бөлімге дейін дөңгелектенуі тиіс.
Ондық бөлшектен кем жапон иеналары назарға алынбауы қажет (тек В типі)
5. 8-бағана Ақы төлеу аванстық төлем немесе бастапқы төлем немесе
кезекті жарна нөмірі және тиісті кезең/ай) немесе түпкілікті есепке
түпкілікті төлеу болып табылатын көрсетуге арналған.

                                            (Қарыз алушының атауы):
                                         ____________________________
                                           (Уәкілетті тұлғаның қолы)
 

(ЖХЫА-ІҒТ-А Үлгі нысаны)

А типі қаражатын аудару жөніндегі нұсқаулық

                                                   Күні:
                                                   №: KAZ-P6 қарыз
                                                   Сериялық нөмірі:

Кімге: Токио-Митсубиши UFJ, Лтд., Токио Банкі

      Токио-Митсубиши UFJ, Лтд., Токио Банкі мен (Банк-Агенттің атауы) арасындағы _____ жылғы Банктік іс-шараларға сәйкес біз осымен Сізден біздің ____ № ____ ақы төлеуге сұрау салуымыз бойынша ЖХЫА төлеген соманы жоғарыда аталған Ақы төлеуге сұрау салуға қоса беріліп отырған ____ № ____ Ақы төлеуге өтінімде көрсетілген тиісті Өнім берушінің (-лердің) шотына аударуыңызды сұраймыз.

                                    ____________________________
                                 (Қарыз алушының атауы мен мекенжайы)
                                    ____________________________
                                                 (Қолы)

Қосымшасы:  Ақы төлеуге сұрау салу
            Ақы төлеуге өтінім
Көшірмесі:  Атқарушы Агенттікке

(ЖХЫА-ІҒТ-В Үлгі-нысаны)

В типі қаражатын аудару жөніндегі нұсқаулық

                                                     Күні:
                                                     № KAZ-P6 қарыз
                                                     Сериялық нөмірі:

Кімге: (Агент-Банктің атауы)

      Біз осымен Сізден _____ № _____ Ақы төлеуге сұрау салу бойынша ЖХЫА төлеген соманың баламасын жоғарыда көрсетілген Ақы төлеуге сұрау салуға қоса беріліп отырған _____ № _____ Ақы төлеуге өтінімде көрсетілген тиісті Өнім берушінің (-лердің) шотына аударуыңызды сұраймыз.

                                    ____________________________
                                 (Қарыз алушының атауы мен мекенжайы)
                                    ____________________________
                                                 (Қолы)

Қосымшасы:  Ақы төлеуге сұрау салу
            Ақы төлеуге өтінім
Көшірмесі:  Атқарушы Агенттікке

      Осымен 2010 жылғы 23 тамызда Токио қаласында жасалған Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы бойынша Қарыз туралы келісімнің осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кадр жұмыстарын үйлестіру
      және бақылау департаментінің
      Басқарма бастығы                         Б. Ахметжанова

      2010 жылғы 23 тамызда Токио қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі арасындағы ОАӨЭЫ (Жамбыл облысы) көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы бойынша қарыз туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады