"Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыс аудандары, облыстық маңызы бар қалалар аудандары, республикалық маңызы бар қалалар мен астана аудандары, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің қызметке тағайындалу, өз өкілеттігін тоқтату және қызметтен босатылу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 14 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыс аудандары, облыстық маңызы бар қалалар аудандары, республикалық маңызы бар қалалар мен астана аудандары, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің қызметке тағайындалу, өз өкілеттігін тоқтату және қызметтен босатылу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыс аудандары,
облыстық маңызы бар қалалар аудандары, республикалық маңызы бар
қалалар мен астана аудандары, кенттер, ауылдар (селолар),
ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің қызметке тағайындалу, өз
өкілеттігін тоқтату және қызметтен босатылу тәртібі туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 36-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) облыстық маңызы бар қалалардың және облыс аудандарының әкімдерін заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының келісімімен облыстардың әкімдері қызметке тағайындайды, олардың өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады;
      2) аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін заңнамада белгіленген тәртіппен облыс аудандары мәслихаттарының келісімімен облыс аудандарының әкімдері қызметке тағайындайды, олардың өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады;
      3) облыстық маңызы бар қалалар аудандарының әкімдерін заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының келісімімен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері қызметке тағайындайды, олардың өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады;
      4) республикалық маңызы бар қалалар мен астана аудандарының әкімдерін заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының келісімімен республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері қызметке тағайындайды, олардың өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады;
      5) кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін заңнамада белгіленген тәртіппен облыстар әкімдерінің келісімімен облыстар аудандарының әкімдері қызметке тағайындайды, олардың өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады деп белгіленсін.
      2. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:
«

Аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері

аудан әкімі


Әкімшілік Басшысы, облыстың тиісті аудандарының мәслихаты

                                                         »
      деген жол алып тасталсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
      23-тармақтың екінші абзацындағы «, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері» деген сөздер алып тасталсын.
      3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2011 жылғы «__» _________
№ ___ Жарлығына 
ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір жарлықтарының
тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 595-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1613 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 379-құжат).
      3. «Аудандардың, облыстық мәні бар қалалардың, қалалардағы аудандардың әкімдерін тағайындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 339 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 196-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады