Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы
29 тамыздағы № 653 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 37, 398-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімінің үшінші абзацындағы «10 %-ке» деген сөздер алып тасталсын;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» деген 5-бөлімде:
«Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту» деген 5.1.2-тараудың бірінші абзацы алып тасталсын;
«Техникалық реттеу және метрология саласындағы ынтымақтастықты дамыту» деген 5.1.4-тараудың төртінші абзацындағы «Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетке (CEN),» деген сөздер алып тасталсын;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген 7-бөлімнің 2) тармақшасындағы «10 %-ке» деген сөздер алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев