Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеден қызметін дамыту жобасы жөнінде Байқау комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 358 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Байқау комитетінің құрамы мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге ұйымдардың өз өкілдерінің кандидатураларын ұсынуы бойынша және Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.»;
7-тармақтағы «министрі» деген сөз «вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов