Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 358 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Кеден қызметін дамыту жобасы) 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.01.29 № 39 Қаулысымен.
      2. Қоса беріліп отырған Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ереже бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден қызметін дамыту жобасын іске асыру жөніндегі басшылықтың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 358 қаулысымен
бекітілген   

Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі
Байқау комитетінің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.17 N 1859 Қаулысымен.

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы         төраға

Кәрбозов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы   Кедендік бақылау комитетінің төрағасы,
                          төрағаның орынбасары

Сүкіров                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Нұрболат Николайұлы       Кедендік бақылау комитеті жаңғырту және
                          перспективалық даму басқармасының бастығы,
                          хатшы

Есекеев                 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы     байланыс агенттігінің төрағасы

Дәленов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы         вице-министрі

Сүлейменов              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Серік Ирмашұлы            министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
                          мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы

Жансүгіров              - Қазақстан Республикасы Көлік және
Болат Амангелдіұлы        коммуникация министрлігі Көліктік бақылау
                          комитеті төрағасының орынбасары

Қыпшақов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Арғын Мықтыбайұлы         Салық комитеті төрағасының орынбасары

Сәдуақасов              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Нұрқан Олжабайұлы         министрлігі Мемлекеттік
                          санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                          комитеті төрағасының орынбасары

Күнтубаев               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Думан Жаппарбекұлы        Ақпараттық технологиялар департаментінің
                          директоры

Әлімбетова              - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Әлия Назымбекқызы         министрлігі Сыртқы сауда саясаты
                          департаменті директорының орынбасары

Қасымова                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Индира Базарқанқызы       Халықаралық қатынастар департаменті
                          директорының орынбасары

Кучерова                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Светлана Александровна    бюджеттік жоспарлау министрлігі Қорғанысты,
                          құқық қорғау жүйесін және мемлекеттік
                          органдарды дамыту департаменті директорының
                          орынбасары

Тулубаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Сергей Анатольевич        комитеті Шекара қызметінің Шекаралық
                          бақылау бас басқармасы бастығының
                          орынбасары

Шабанова                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әсел Нәжімқызы            Халықаралық қатынастар департаменті
                          халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас
                          сарапшысы

Аханова                 - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Салтанат Мұзарафқызы      палатасының вице-президенті (келісім
                          бойынша)

Никитинская             - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Екатерина Сергеевна       экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                          бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары
                          (келісім бойынша)

Рахымжанова             - Қазақстан кәсіпкерлер форумы атқарушы
Арман Дәуітқызы           директорының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 358 қаулысымен
бекітілген   

Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Кеден қызметін дамыту жобасы (бұдан әрі - Жоба) жөніндегі Байқау комитеті (бұдан әрі - Байқау комитеті) Жобаға басшылық жасауды және оны қадағалауды, сондай-ақ Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген талаптарға, өлшемдер мен операциялық рәсімдерге сәйкес оны іске асыруды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылған.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Байқау комитетініңжұмыс органы болып табылады.
      2-1. Байқау комитетінің құрамы мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге ұйымдардың өз өкілдерінің кандидатураларын ұсынуы бойынша және Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.29 № 39 Қаулысымен.
      3. Байқау комитеті өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2008 жылғы 19 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Кеден қызметін дамыту жобасы), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Байқау комитеті Жоба қолданыста болған кезеңге құрылады.

2. Байқау комитетінің құқықтары мен міндеттері

      5. Байқау комитеті:
      1) жобаның мақсатына қол жеткізуді, сондай-ақ ведомствоаралық ынтымақтастық пен іс-әрекеттердің келісімділігін қамтамасыз ету мақсатында Жобаны іске асыруды қадағалауды жүзеге асыруға;
      2) Жобаның сатып алу жоспарын және Жобаны іске асыру жоспарын, Жоба бойынша жылдық есептерді қарауға және бекітуге;
      3) Жоба шеңберінде өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қарауға және бағалауға;
      4) пилоттық жобаларды зерделеу мен мақұлдауға, пилоттық жобалардың басшыларын тағайындауға және олардың функцияларын бекітуге;
      5) Жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәселелерді қарауға міндетті.
      6.Байқау комитетінің:
      1) Жобаны іске асыру шеңберінде активтерді шығыстау және өзге де ақпараттар туралы аудиторлық есептің көшірмесін жұмыс органынан алуға;
      2) тиісті жағдайларда Қазақстан Республикасы кеден органдарының, басқа мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын консультация алу үшін тартуға құқығы бар.

3. Байқау комитетінің қызметін ұйымдастыру

      7. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Байқау комитетінің төрағасы болып табылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.01.29 № 39 Қаулысымен.
      8. Байқау комитетінің Төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және Байқау комитеті отырыстарының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес Байқау комитеті жүзеге асыратын қызметке және Байқау комитеті әзірлейтін шешімдерге жеке жауапкершілікте болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Байқау комитеті төрағасының орынбасары орындайды.
      9. Байқау комитеті отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізеді. Отырыс егер, оған Байқау комитеті мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.
      10. Байқау комитеті отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттаманы ресімдеуді Байқау комитетінің хатшысы жүзеге асырады.
      11. Хатшы Байқау комитетінің мүшесі болып табылмайды.
      12. Төрағамен келісілгеннен кейін, Байқау комитетінің жұмыс отырыстарының материалдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің сайттарында жарияланады.
      13. Байқау комитетінің шешімдері дауыс беру немесе сырттай дауыс беру жолымен қабылданады және Байқау комитеті мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.17 N 1859 Қаулысымен.
      13-1. Сырттай дауыс беру Байқау комитеті төрағасының немесе Байқау комитеті төрағасы орынбасарының тапсырмасы бойынша өткізіледі.
      Ескерту. Ереже 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.17 N 1859 Қаулысымен.
      13-2. Байқау комитеті мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін таратқан күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Байқау комитетінің төрағасы немесе Байқау комитеті төрағасының келісімі бойынша Байқау комитеті төрағасының орынбасары сырттай дауыс беру мерзімдерін қысқартуы мүмкін.
      Ескерту. Ереже 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.17 N 1859 Қаулысымен.
      13-3. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Байқау комитетінің мүшелері жұмыс органына жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Байқау комитетінің мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беру Байқау комитетінің мүшелерін ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.17 N 1859 Қаулысымен.
      14. Байқау комитеті отырыстарының нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады