Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 83 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.26 № 1684 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 457 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) өтініш;
      2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
      7) дипломның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      8) еңбек кітапшасының және/немесе еңбек шартының және/немесе еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші бұйрықтарының үзінді көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      9) мамандандырылған зертхананың аккредиттеу аттестатының көшірмесі не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдау жұмыстарын (қызметтерін) орындауы туралы шарттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      10) өтініш беруші қол қойған есеп материалдарын жасау мен ресімдеу үшін қажетті электрондық техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің, сұрау салынатын жұмыс түрлері бойынша нормативтік құқықтық актілердің, техникалық және әдіснамалық құжаттаманың, ғылыми-анықтамалық әдебиеттің болуын растайтын құжат;
      11) басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлға штаттық кестесінің көшірмесі;
      12) экологиялық аудит жөніндегі қызметпен айналысуға ниет білдірген өтініш беруші үшін - экологиялық аудитор біліктілік куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған).»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) лицензияның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жоғары білімінің;»;
      2-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;
      2) осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс істейтін қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білімді кемінде үш қызметкердің;»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жоғары білімінің;»;
      4-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;
      2) осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс істейтін қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл, оның ішінде экологиялық сараптама саласында кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білімді кемінде үш қызметкердің;»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жоғары білімінің;»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өтініш берушінің басшысында жоғары білімінің;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады