Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының
Асқар Қуанышұлы Байланыс және ақпарат министрі, хатшы,
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі,
Измайлов - «Зерде» ұлттық инфокоммуникация
Нұрлан Тельманұлы холдингі» акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Әділбек Ғазизұлы Сәрсенов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов