Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 114 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 428-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспедегі «9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      1-тармақтағы «осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақтағы «немесе дәлелді бас тарту» деген сөздер «не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жұмыс істемейтін» деген сөздер «демалыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      «23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады