Инженерлік-саперлік кешенді республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 161 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің теңгерімінен арнайы жабдығы бар «Меrсеdеs-414» автомобилі базасындағы инженерлік-саперлік кешен (теңгерімдік құны 39098899 (отыз тоғыз миллион тоқсан сегіз мың сегіз жүз тоқсан тоғыз) теңге, 1999 жылы шығарылған, ақ түсті, шанақ № WDB9040631Р953057, қозғалтқышы нөмірсіз) осы қаулының қосымшасына сәйкес республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласы Ішкі істер департаменті үшін Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 21 ақпандағы
№ 161 қаулысына   
қосымша      

Республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілетін мүліктің
тізбесі 

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Шығарылған жылы

Шанақ нөмірі

Қозғалтқыш нөмірі

Түсі

Теңгерімдік құны
(теңге)

1

«Меrсеdеs 414» автомобилі

бірлік

1

1999

WDВ9040631Р953057

-

ақ

11228453

2

«Брат» үлгісіндегі шағын робот

бірлік






5787986

3

Су қиратушы

бірлік






751473

4

Жоғары сезімтал стетоскоптар жиынтығы

бірлік






616772

5

SRS-5 құтқарушы костюмі

бірлік






928871

6

ЕOD-7В жарылыстан қорғайтын костюмі

бірлік






992890

7

Визуалды іздеу жинағы

бірлік






305315

8

Үлкен робот

бірлік






12483059

9

«Драгон» үлгісіндегі прожектор

бірлік






83206

10

ТМ-500С телескопиялық манипуляторы

бірлік






612030

11

ЕDV-5000 шыныдан қорғайтын қалқаны

бірлік






323828

12

«КАРРА» ХR-жүйесі үлкен экраны бар интроскоп

бірлік






3175610

13

Бомбаларды қауіпсіз жаруға арналған көрпе

бірлік






118410

14

Газ талдаушы

бірлік






1494900

15

ХR-4 ақпараттық жүйесін көрсетуге арналған құрылғы

бірлік






196096


Жиыны:







39098899


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады