Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 Қаулысы.

      "2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабын және "2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;

      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2020 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1, 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 163 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы

      1. Осы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабына және "2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес әзірленді.

      Қағида облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:

      010 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

      1) 2011 жылы ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде өңірлер бөлінісіндегі дәрілік заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың тізбесі мен көлемін айқындайды;

      2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарына арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ автокөліктің тізбесін келіседі.

      4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге; есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуге; ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға; балалардың нысаналы топтарына "В" және "С" гепатитін анықтауға скрининг жүргізуге; бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуге; бастапқы медициналық санитариялық көмекке арналған шығыстарды теңестіруге; наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсету бөлігінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін кеңейтуге; бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентті төлеуге (бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік); вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, "В" және "С" вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды, реналдық анемиясы бар бүйрек фукнциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды сатып алуға пайдаланылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 379 Қаулысымен.

      5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.

      6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуге; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық науқастарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға арналған қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды, "В" және "С" вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған дәрілік заттарды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратындарды емдеуге арналған препараттарды, реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 379 Қаулысымен.

      8. Осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.

      9. Осы Қағидаға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы және мамандандырылған автокөлікті сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.

      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.

      11. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.

      12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.

      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.

  Облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2011 жылға
арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану
қағидасына 1-қосымша

2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберіндегі медициналық техниканың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 379, 2011.06.27 № 721 Қаулыларымен.

Р/с

Атауы

1.

Рентгендік флюорографиялық стационарлық және жылжымалы цифрлық кешен

2.

Рентгендік цифрлық стационарлық және жылжымалы маммограф

3.

Ультрадыбыстық диагностика аппараты

4.

Биохимиялық талдағыш

5.

Рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

6.

Гематологиялық талдағыш

7.

Өкпені жасанды желдету аппараты

8.

Ингаляциялық наркозға арналған аппарат

9.

Жаңа туған нәрестелерге арналған стационарлық және көліктік инкубатор (кювез)

10.

Жылытқышы бар реанимация үстелі

11.

Магниттік-резонанстық томографтар

12.

Қышқылды-негізгі жай-күйді талдағыш

13.

Литотриптер

14.

Эндоскопиялық хирургияға арналған жиынтық

15.

Ангиограф

16.

Жасанды қан айналымының аппараты

17.

Қан орталықтарына арналған жиынтық

18.

Ретиналды томограф

19.

Жиынтығында 12 мониторы бар орталық байқау станциясы

20.

Кардиохирургия мен нейрохирургияға арналған зерттеу опциясы бар компьютерлік томограф

21.

Сұйықтық цитология аппараты

22.

Аралас лазерліқ қондырғы

23.

Портативті неонаталды монитор

24.

Қан газдарын тері арқылы мониторингілеу жүйесі бар нәрестеге арналған монитор

25.

Электрокардиография және артериялық қысымды тәуліктік мониторингілеу жүйесі

26.

Тредмил жүйесі

27.

Жылжымалы медициналық кешен

  Облыстық бюджеттердің,
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2011 жылға
арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану
қағидасына 2-қосымша

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылы жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 № 1453 Қаулысымен.

      мың теңге

Р/с

Өнірлердің атауы

БМСК ұйымдарын жарақтандыру

Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру

Туберкулезге қарсы ұйымдарды жарақтандыру

Балалар мен босандыру ұйымдарын жарақтандыру

1

2

3

4

5

6

1.

Ақмола облысы

91 836

-

57 565

219 963

2.

Ақтөбе облысы

97 344

58 930

55 344

173 310

3.

Алматы облысы

88 827

-

57 420

357 667

4.

Атырау облысы

119 452

58 930

27 672

152 011

5.

Шығыс

Қазақстан

облысы

106 467

94 285

55 344

428 956

6.

Жамбыл облысы

91 145

-

55 344

307 381

7.

Батыс Қазақстан облысы

139 200

56 000

27 672

110 549

8.

Қарағанды облысы

113 287

-

55 344

454 814

9.

Қостанай облысы

89 064

69 617

55 344

186 082

10.

Қызылорда облысы

91 290

70 716

27 672

136 853

11.

Маңғыстау облысы

34 352

117 860

38 164

413 547

12.

Павлодар облысы

89 043

70 714

27 672

231 748

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

45 852

-

-

81 952

14.

Оңтүстік

Қазақстан

облысы

185 584

11 585

55 344

448 563

15.

Алматы қаласы

175 129

26 490

27 672

211 717

16

Астана қаласы

132 760

58 930

74 572

220 818


Жиыны:

1 690 632

694 057

698 145

4 135 931


      кестенің жалғасы

Р/с

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханал арды жарақтанд ыру

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру

Магнитті-

резонансты, компьютерлік томографтармен жарақтандыру

Кардио-хирургиялық, кардиологиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру


7

8

9

10

1

159 982

30 000

-

-

2

111 433

-

-

-

3

65 490

-

547 495

231 500

4

75 434

-

-

-

5

76 779

-

-

231 500

6

19 634

30 000

-

231 500

7

80 873

-

-

-

8

215 250

-

-

-

9

64 485

30 000

-

-

10

146 415

-

-

-

11

103 781

-

180 000

-

12

123 808

30 000

-

-

13

68 565

-

178 000

149 710

14

102 150

-

-

237 394

15

172 869

-

-

231 500

16

66 957

-

-

-

Жиыны:

1 653 905

120 000

905 495

1 313 104


      кестенің жалғасы мың теңге

Р/с №

Өңірлердің атауы

Кардиологиял ық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жарақтандыру

Қан орталықтар ын жарақтанды ру

Санитариялық авиация қызметін жарақтандыру

Медициналық жылжымалы кешендермен жарақтандыру

Барлығы

1

2

11

12

13

14

15

1.

Ақмола облысы

102 489

-

26 951

171 000

859 786

2.

Ақтөбе облысы

102 489

72 392

23 572

171 000

865 814

3.

Алматы облысы

204 978

108 463

26 950

342 000

2 030 790

4.

Атырау облысы

102 826

96 847

26 951

171 000

831 123

5.

Шығыс Қазақстан облысы

204 978

-

26 951

342 500

1 567 760

6.

Жамбыл облысы

136 652

-

26 900

171 000

1 069 556

7.

Батыс Қазақстан облысы

68 326

178 901

26 600

171 000

859 121

8.

Қарағанды облысы

204 978

-

26 900

256 500

1 327 073

9.

Қостанай облысы

102 489

-

26 951

171 000

795 032

10.

Қызылорда облысы

68 326

87 955

26 951

171 000

827 178

11.

Маңғыстау облысы

67 226

-

26 951

172 000

1 153 881

12.

Павлодар облысы

68 326

85 625

26 951

171 000

924 887

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

68 326

-

26 000

258 000

876 405

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

239 141

87 662

26 950

256 500

1 650 873

15.

Алматы қаласы

136 652

61 752

-

-

1 043 781

16.

Астана қаласы

136 652

-

-

171 560

862 249


Жиыны:

2 014 854

779 597

372 529

3 167 060

17 545 309

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ 163 қаулысына
қосымша
 

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2020 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады