"Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 179 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 189 қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 189 қаулысымен.

     «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі
К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 179 қаулысымен
бекітілген
«Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ БТН) сәйкес «80 (көл.) % немесе одан көп болатын денатуратталмаған этил спирті; денатуратталмаған кез келген концентрациядағы этил спирті және өзге де спирттер» 22-тобының 2207-кіші тобына кіретін өндірілетін (әзірленетін) және әкелінетін (импортталатын) биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Биоэтанол өндірісі және айналымы кезінде:
      1) химиялық препараттарды және реактивтерді абайсыз қолдану;
      2) биоэтанолды өндіру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезінде отты абайсыз қолдану;
      3) орамның герметикалық еместігі және төгілуі;
      4) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстіңгі бетінің жоғары немесе төмен температурасы;
      5) жылудың артық мөлшері бөлінетін, қауіпті пайдалану процестері;
      6) отынды басқа сұйықтықтармен араластыру;
      7) биоэтанолдың ауыз суға түсуі;
      8) көзге, ішек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терісіне түсуі қауіпті факторлар болып табылады.
      3. Биоэтанолды сәйкестендіру жиынтығында сәйкестендіруге жеткілікті болатын таңбалау және ілеспе құжаттар, параметрлер, көрсеткіштер мен талаптар бойынша жүргізіледі.
     Сәйкестендіруді биоэтанолға қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану арқылы мынадай әдістердің бірімен немесе олардың үйлесімімен:
1) биоэтанол партиясын сипаттайтын құжаттарды талдаумен;
      2) биоэтанолды зерттеумен және (немесе) сынаумен жүргізіледі.
2. Терминдер мен анықтамалар
      4. Осы Техникалық регламентте мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу және техникалық реттеу саласындағы заңнамаларда белгіленген, сондай-ақ осы Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) биоотын - биомассадан өндірілген көлікке немесе өзге техникаға арналған сұйық немесе газ тәріздес отын;
      2) биомасса - ауыл шаруашылығы өндірісі (өсімдіктер мен жануарлар субстанцияларын қоса алғанда), орман және онымен байланысты өнеркәсіп салалары өнімдерінің, қалдықтарының және қалғандарының биоыдырайтын фракциясы, сондай-ақ индустриялдық және муниципалдық қалдықтардың биоыдырайтын фракциясы;
      3) биоэтанол - денатурацияға ұшыраған, биоотын ретінде пайдаланылатын өсімдіктен алынатын шикізатты қайта өңдеу процесінде алынатын этил спирті;
      4) денатурация - биоэтанол құрамында денатураттаушы қосымшалардың, яғни ағзаға зиянды әсер ететін, дәмі немесе иісі жағымсыз, спиртте толық еритін және қарапайым физикалық-химиялық әдістермен (айдаумен, мұздатумен) бөлінбейтін қосымшалардың болуын қамтамасыз ету;
      5) өлі қалдық - ыдыс конструкциясының ерекшелігіне байланысты одан тастауға болмайтын отын қалдығының деңгейі;
      6) үйме жасау у жер үсті суларының деңгейі өзгерген кезде (су басу, су тасу, судың көтерілуі және судың желмен айдалуы) су басып қалуы мүмкін аумақтарды қорғауға, сондай-ақ резервуарлы парктердің айналасында мұнай өнімдердің төгілу алаңын шектеуге арналған қоршау құрылыстарының немесе жер дуандарының жүйесі.
3. Биоэтанолдың нарықтағы айналымының шарттары
      5. Қазақстан Республикасы нарығындағы айналымдағы биоэтанол осы Техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс және биоэтанол паспорты және сәйкестік сертификатымен қоса берілуі тиіс.
      6. Жанармай құю станцияларында таза биоэтанолды сатуға жол берілмейді. Құрамында 5 пайыздан кем емес, бірақ 10 пайыздан аспайтын биоэтанолы бар бензинді сатуға рұқсат етіледі.
      7. Биоэтанол паспорты төменде келтірілген мәліметтерді:
      1) биоэтанолдың атауын, оның нысаналы мақсатын;
      2) әзірлеушінің және оның уәкілетті өкілінің атауын, биоэтанолдың шығарылған елін, сатуды жүзеге асыратын субъектінің атауы мен орналасқан жерін (мекенжайы, телефоны);
      3) биоэтанол сәйкес келетін нормаларды қамтитын құжаттар туралы ақпаратты;
      4) дайындалған күнін және партиясының нөмірін;
      5) ыдыстағы таза салмағын;
      6) оған арналған техниканың экологиялық сыныбын;
      7) жүк қауіптілігінің сыныптау шифрі;
      8) осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін нормаларды, сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленген сол сипаттамалардың нақты мәндерін, сынама алынған күнді, сол сынама алынған резервуар нөмірін (партия нөмірін);
      9) биоэтанолға талдау жүргізілетін күнді;
      10) биоэтанолға қосылған телімдердің бары және атауы туралы, немесе телімдердің жоқтығы туралы мәліметтерді;
      11) биоэтанолды сақтау шарттарын;
      12) манипуляциялық белгілер туралы мәліметтерді;
      13) сәйкестік сертификаты туралы мәліметтерді;
      14) биоэтанолды қауіпсіз сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және кәдеге жарату жөніндегі мәліметтерді қамтуы тиіс.
     Дайындаушы беретін биоэтанол паспортына кәсіпорынның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады.
8. Егер кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен ұштасқан қалдықтардың пайда болуына немесе экономикалық жөнсіздікке әкелетін болса, биоэтанолды әкелуге шектеу қойылады немесе толық тыйым салынады.
4. Биоэтанол қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
      9. Биоэтанол осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      10. Биоэтанолда бояғыштардың (жасыл және көгілдір түстен басқа) және белгілегіш заттардың болуына рұқсат етіледі.
      11. Биоэтанолдың пайдалану сапасын жақсарту үшін зиянды жанама әсерін тигізбейтін бүлінуге қарсы, жуғыш және көп функционалды телімдерді қолдануға рұқсат етіледі.
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптар
      12. Ректификациялық қондырғыларды пайдалану процесінде:
      1) сальниктерде, құбырларда, фланецті қосылыстарда және қондырғының басқа да элементтерінде биоэтанолдың ағуы болған кезде жұмыс істеуге;
      2) ашық от қолдануға;
      3) қызып тұрған металды заттармен (дәнекерлеуіштермен), ұшқын бере алатын жабдықтармен және құрал-саймандармен жұмыс істеуге;
      4) ректификациялық бөлімдерде өздігінен тұтанатын материалдарды сақтауға;
      5) қондырғы бағаналарында артық қысымды 0,05 МПа-дан асырмай жоғарылатуға;
      6) ректификациялық қондырғылардың жекелеген аппараттарында олар жұмыс істеп тұрған кезінде тазарту жүргізуге тыйым салынады.
      13. Өртті болдырмау мақсатында:
      1) аппараттар мен құбыржолдар ішінде ауа сорылу нәтижесінде жарылу қаупі бар қоспалардың түзілуіне;
      2) технологиялық жабдықтың герметикалығының бұзылуы нәтижесінде атмосфераға жарылыс қауіпті газдардың (этиленнің, отынды газдың), биоэтанол буларының шығарылуына;
      3) жарылудың төменгі шегінен жоғары ауада биоэтанолдың жарылыс қауіпті концентрациясының түзілуіне;
      4) аппараттар мен құбырлардың қабырғаларында түзілетін көмірсутекті полимерлердің өздігінен тұтануына;
      5) сұйықтық соққыларына (яғни құламалы ағыспен өнім беру соққыларына) жол берілмейді.
      14. Жабдықтың сыртқы бетінің және жылу оқшаулағыш жабын қаптамаларының температурасы өнімдердің өздігінен тұтану температурасынан жоғары болмауы тиіс.
      15. Жөндеу жұмыстары кезінде биоэтанол қалдықтары, оның буы жарылыс және (немесе) өрттің түзілу қаупін тудырмауы тиіс.
      16. Электр жабдығы және жарықтандыру жарылыстан қауіпсіз орындалған, жабдықтар мен құбырлар - жерге тұйықталған болуы тиіс.
6. Өндірістік процестер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
      17. Биоэтанолға арналған әрбір резервуарға резервуар нөмірі, оның мақсаты, құйылудың ең жоғарғы деңгейі, ең төменгі қалдық, толтыру және босату жылдамдығы көрсетілетін технологиялық карта жасалуы тиіс.
     Резервуар люктерінің қақпақтары герметикалы жабылуы тиіс.
18. Биоэтанолды компаундирлеу оның айналымы процесінде биоэтанолдың жанармайдан бөліну мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
      19. Резервуарлы парктің сорғыш үй-жайларында: еден, қабырғалар, табалдырық темірлеп цементтелген болуы тиіс. Еден шұңқыры бар есікке қарама-қарсы жаққа еңісін болуы тиіс. Биоэтанол төгілген жағдайда шұңқырдан, кәдеге жаратуға сорғымен айдап шығарылуы немесе қайта өңдеуге қайтарылуы тиіс.
      20. Резервуарлардың әр тобы немесе жекелеген резервуарлар топырақты немесе бетонды дуалмен үйілуі тиіс.
      21. Үйменің ішіндегі бос көлем мыналарға:
      1) бөлек тұрған резервуарлар үшін - резервуарлардың толық сыйымдылығына;
      2) резервуарлар топтары үшін - резервуарлардың үлкен сыйымдылығына тең болуы тиіс.
      Үйменің биіктігі құйылған биоэтанолдың есептелген деңгейінен 0,2 м жоғары болуы қажет.
      22. Биоэтанолды сақтауға арналған резервуарлар іргетасқа берік бекітілген болуы тиіс.
      23. Резервуар түбінің ең төменгі нүктесін ілмекті құрылғысы бар үлестіретін келтеқұбыр бекітіледі.
      24. Резервуарлардағы биоэтанол деңгейін бақылау үшін резервуарлардың толып кетуін ескертетін, шекті деңгей дабылы бар жарылыс қаупі жоқ деңгей өлшегіш орнатылуы тиіс.
      25. Әрбір резервуар оттан сақтандырғышы бар желдету клапанымен жабдықталуы тиіс.
      26. Технологиялық жабдықтарға, құбырларға және басқа орындарға орнатылған ұшқын өшіргіш, ұшқын ұстағыш, от тұтқыш, от бөгегіш, шаң және металл ұстағыш және жарылысқа қарсы құралдар, статикалық электрден қорғану жүйелері жұмыс қалпында ұсталуы тиіс.
     Резервуарлы парк қоршалуы және күзет дабылымен жабдықталуы тиіс. Дабыл үнемі қосылып тұруы тиіс.
27. Барлық жарылыс қаупі бар және өрт қаупі бар учаскелер екіжақты телефондық байланыспен, ал өзара байланысқан учаскелер (резервуарлы парк, дайын өнімді қабылдайтын және жіберетін бөлімшелер, биоэтанол құюға және төгуге арналған эстакадалар) - байланысты агрегаттардың жұмысы туралы дабылдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
7. Буып-түюге, сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар
      28. Сақтау үшін осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін және тауар тізбегінің қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттары бар биоэтанол қабылданады.
      29. Биоэтанолды сақтауға арналған үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 796 қаулысына сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, сондай-ақ автоматты өрт дабылдарымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қамтамасыз ету қажет.
      30. Биоэтанол бар көліктік ыдыс тығыз жабылған, пломбаланған, мөрленген, өнімнің ағып кетуін және тозаңдатуын толық болдырмайтын болу тиіс. Биоэтанолды тасымалдау кезде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жазық тұғырықпен пакеттеу пайдаланылуы қажет.
      31. Биоэтанолды сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыстар мен құбырлар статикалық тоқтан қорғалуы тиіс.
      32. Биоэтанолмен байланыста болатын цистерналар мен ыдыстардың үстіңгі беті онымен реакцияға түспеуі және оның ластану көзі болмауы тиіс.
      33. Ыдысты отынмен толтыру дәрежесі көлемнің 95 пайызынан аспауы тиіс.
      34. Құюға дайындау үшін берілетін цистерналар құйылған өнімнің атауын қамтитын құжатпен бірге берілуі тиіс. Көрсетілген құжат болмаған кезде құйылған өнімнің атауы цистернадан алынған қалдықты талдаумен белгіленеді.
      35. Биоэтанолды цистернаға еркін құлайтын ағыспен құюға тыйым салынады. Биоэтанолды айдау міндетті түрде цистернадағы сұйықтық деңгейімен жүргізіледі, яғни өнім ағатын құбырды орнату өнімнің «өлі» қалдығы деңгейінен төмен болуы тиіс.
     Бос цистерналарды толтырған кезде, яғни «өлі» қалдық, ерекше сақтық шаралары қолданылуы тиіс (баяу толтыру, күшейтілген бақылау).
36. Цистерналарды олардың сыйымдылығын толық пайдалану, сондай-ақ жол кезінде жүккөтерімділігінен аспайтын температура өзгерісінен өнімнің көлемдік кеңей есебімен, бірақ көлік құралдарының жүк көтерерлік шамасынан артық емес толтырады.
      37. Цистерналардан биоэтанол толық ағызып алынуы тиіс. Бұл ретте, төменгі ағызу құрылғысы жоқ цистерналарда биіктігі 1 см-ден аспайтын қалдыққа жол беріледі.
      38. Толтырылғаннан кейін ыдыс сүртілуі тиіс.
      39. Биоэтанолды сақтау және тасымалдау өнімнің төгілуін болдырмайтын саңылаусыз жабылған ыдыста жүзеге асырылуы тиіс.
      40. Ыдыстағы отынды сөрелерде, тұғырықтарда немесе жабық қойма үй-жайлардағы штабельдерде қалқаның астында немесе тікелей күн сәулесінің әсерінен қорғалып жоспарланған алаңда сақтау керек.
      41. Мыналарға:
      1) саңылаусыз емес жабдықтарды және тиекті арматураны пайдалануға;
      2) жобалау нормаларымен белгіленген үймелеу биіктігін азайтуға;
      3) қисық және жарығы бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, жеткізуші құбырларды және өртке қарсы стационарлық құрылғыларды пайдалануға;
      4) үймелеу аймағында ағаштардың және бұталардың болуына тыйым салынады.
      42. Биоэтанолды жанатын ыдыстарда, түтін шығатын терезелері жоқ жертөлелер мен цокольдық қабаттардағы үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттың жалпы ортақ баспалдақтар торларының осы қабаттармен байланысқан жерлерде сақтауға рұқсат етілмейді.
      43. Ыдыс мөлшеріне қарамастан, тиеу кезінде өнімдерді қызу араластыруға жол берілмейді. Биоэтанол бетінде ешқандай бөтен жүзетін заттар болмауы тиіс.
      44. Жаңадан дайындалатын метал ыдыстарда электростатикалық ұшқын қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыратын май-бензинге төзімді және буға төзімді қорғаныс қабаты болуы тиіс.
      45. Биоэтанолды тасымалдау арнайы жабдықталған және тиісті көлік түрін қолданылатын қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес тасымалдауға рұқсат етілген көлік арқылы жүзеге асырылады.
      46. Отыны бар көліктік ыдыс пломбаланған болуы тиіс.
8. Кәдеге жарату және жою кезінде қойылатын талаптар
      47. Биоэтанол осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалған жағдайда (бұдан әрі - Сәйкес келмейтін биоэтанол) биоэтанол кәдеге жаратуға немесе жоюға жатады.
      48. Биоэтанол өндірісіне немесе айналымына тыйым салу туралы шешімді құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпті өнімді анықтаған мемлекеттік орган қабылдайды.
     Сәйкес келмейтін биоэтанолды өндіруші, сатушы (бұдан әрі і Иесі) өз бетінше немесе мемлекеттік органдардың нұсқамасы негізінде кәдеге жарату немесе жою үшін оны өндірістен немесе айналымнан шығарады.
49. Сәйкес келмейтін биоэтанол сараптама жүргізу, оны одан әрі кәдеге жарату немесе жою туралы шешім қабылдау және оны орындау үшін қажетті кезең ішінде Иесінің арнайы бөлінген орындарында оған қол жеткізуді болдырмайтын шарттар сақтала отырып, уақытша сақтауда болады. Уақытша сақтауға қойылған Сәйкес келмейтін биоэтанолды Иесі қатаң есепке алуы тиіс.
      50. Қайта өңделген Сәйкес келмейтін биоэтанолды сәйкестікті растау рәсімін өткізгеннен кейін ғана одан әрі пайдалануға болады.
      51. Жою қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың міндетті талаптарын сақтай отырып, техникалық қол жетімді тәсілмен (термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету арқылы) жүзеге асырылады, оның нәтижесінде Сәйкес келмейтін биоэтанол толық жойылады.
      52. Сәйкес келмейтін биоэтанолды жою үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімімен оның жұмыс мерзімдерін көрсете отырып, Өнімді жою жөніндегі комиссия құрылады.
      53. Өнімді жою жөніндегі комиссияға биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның, биоотын айналымы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілері қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдері кіреді.
      Сәйкес келмейтін деп танылған биоэтанол бойынша Иесі өз бастамасы бойынша және қаражаты есебінен комиссия шешім қабылдағанға дейін аккредиттелген зертханаларда қосымша зертханалық сараптама өткізе алады.
      54. Комиссия жою актісін жасайды, онда актінің жасалған күні мен орны, қажет болған жағдайда өнімнің иесі болып табылатын құқық бұзушының атауы, жойылуға жататын өнімнің атауы мен саны; жою тәсілі, жоюдың уақыты мен орны; комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымдары көрсетіледі.
     Aктіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Егер, комиссия шешіммен келіспеген немесе қол болмаған жағдайда, актіге келіспеген немесе қол болмаған себептерін негіздей отырып, анықтама қоса беріледі.
55. Радиациялық қауіп төндіретін биоэтанол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көмілуі тиіс.
9. Таңбалауға қойылатын талаптар
      56. Биоэтанолды таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентімен бекітілген талаптарға, сондай-ақ осы бөлімнің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      57. Тұтыну ыдысын таңбалау мынадай мәліметтерді:
      1) биоотынның атауын, нысаналы мақсатын;
      2) осы Техникалық регламенттің атауын;
      3) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісін;
      4) таза салмағын немесе көлемін;
      5) биоотынды дайындау күні - айы және жылын;
      6) партия нөмірін;
      7) жүк қауіптілігінің сыныптау шифрін;
      8) «Өртке қауіпті» деген жазуды қамтуы тиіс.
      58. Отыны бар көліктік ыдыстың әр бірлігінде сумен немесе мұнай өнімдерімен, биоэтанолмен шайылып кетпейтін трафарет немесе мөр таңбаның көмегімен басылған мыналарды:
      1) биооэтанол атауын;
      2) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісін;
      3) брутто және таза салмағын;
      4) отынды дайындау күні і айы және жылын;
      5) партия нөмірін;
      6) Техникалық регламент атауын;
      7) жүк қауіптілігінің сыныптамалық шифрін қамтитын жазу болуы тиіс.
     Егер отыны бар көліктік ыдыста көрсетілген жазуды түсіру мүмкін болмаса, онда ыдысқа жапсырма бекітіледі және осы жазу жазылған затбелгі жапсырылады, ал ыдыстың өзіне мөртаңбамен немесе трафаретпен биодизель атауы және оның дайындалған күні бар шайылып кетпейтін жазу түсіріледі.
59. Көліктік ыдысқа көліктік таңбалау мен манипуляциялық белгілер және жүктің көліктік қауіптілігін сипаттайтын таңба түсіріледі.
10. Сәйкестікті растау
      60. Биоэтанол міндетті сертификаттау объектісі болып табылады.
      61. Биоэтанол сәйкестігін растау тәртібі және схемасы «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген.
11. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары
      62. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      63. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі біткенге дейін қолданыста деп саналады.
      64. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттама осы Техникалық регламентке сәйкестендірілгенге дейін осы Техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      65. Осы Техникалық регламент күшіне енгенге дейін шығарылған биоэтанол жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сатылады.
«Биоэтанол қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентке
1-қосымша
Биоэтанолдың физикалық және химиялық қасиеттері
1-кесте
Көрсеткіш атауы
Көрсеткіш
Қайнау температурасы, оС-дан кем емес
78,8
Балқу температурасы, оС-дан кем емес
минус 117
20оС температурада үлес салмағы, кг/дм3
0,79-дан кем емес және
0,81-ден артық емес
20оС температурада суда ерігіштегі, мг/дм3
шексіз
Aраласуы (этил спирті-су), 20оС
шексіз
Реакциялық қабілеті
дегидрирленеді, қышқылданады, дегидратталады
Тұтану температурасы, кем емес
жабық тигельде 13,3оС
ашық тигельде 16оС
Жалындау температурасы, кем емес
18оС
Өздігінен жалындау, температурасы кем емес
400оС
этил спиртінің көлемдік үлесі %, кем емес
92,1
метил спиртінің көлемдік үлесі %, артық емес
0,5
Судың көлемдік үлесі %, артық емес
1
Бос қышқылдың массалық үлесі, мг/дм3, артық емес
50
Мыстың болуы, мг/кг, артық емес
0,1
Күкірттің массалық үлесі, %, артық емес
0,003
Сутегі иондары белсенділігінің көрсеткіші, рН, шегінде
6,5-тен кем емес және
9,0-ден артық емес
Денатураттаушы қоспалардың көлемдік үлесі, %, артық емес
1,0-ден кем емес және
5,0-ден артық емес
Биоэтанолдағы еріткішпен жуылған шайырдың массалық шоғырлануы, мг/дм3 (мг/100 см3), артық емес
50(5)
Хлор-иондардың массалық шоғырлануы, мг/дм3, артық емес
32

«Биоэтанол қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентке
2-қосымша
Биоотынды белгілейтін таңба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады