"Баға белгілеу негіздерін және тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 191 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Баға белгілеу негіздерін және тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Баға белгілеу негіздерін және тариф саясатын қоса алғанда,
электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар
қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімді
ратификациялау туралы

      Санкт-Петербургте 2010 жылы 19 қарашада жасалған Баға белгілеу негіздерін және тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Баға белгілеу негіздері мен тариф саясатын қоса алғанда, электр
энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне
қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 1998 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы шартты, 2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергиясы мен қуатын тасымалдау туралы келісімді, 2002 жылғы 30 мамырдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық объектілеріндегі авариялар жағдайында және басқа да төтенше жағдайларда өзара көмек туралы келісімді, 2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын құру тұжырымдамасын, 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келісімді, 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
      электр энергиясын өндіру және беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
      өзара сенім мен Тараптар мемлекеттерінің электр энергетикалық жүйелерін басқаруға араласпау негізінде электр энергетикасы саласында тең құқықты ынтымақтастыққа әзірлікті білдіре отырып,
      Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – БЭК) қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға жәрдемдесуге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      «ішкі электр энергиясы нарығының субъектісі» – БЭК-ке қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің электр энергиясы (қуаты) нарығының субъектілері болып табылатын, электр энергетикасы саласындағы қызметті, оның ішінде электр энергиясын (қуатын) өндіруді, электр энергиясын (қуатын) сатып алу мен сатуды, тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды, электр энергиясын (қуатын) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқаруды, электр энергиясын (қуатын) өткізуді, электр энергиясын сатып алу-сатуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын тұлғалар;
      «табиғи монополиялар субъектілерінің электр энергетикасындағы қызметтері» – электр энергетикасын электр желісі арқылы беру, электр энергетикасындағы жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі қызметтер және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған өзге де қызметтер;
      «табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу» – бір Тарап мемлекетінің ішкі нарық субъектісінің басқа Тарап мемлекетінің аумағындағы электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін пайдалану мүмкіндігі;
      «БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы» – Тараптар мемлекеттерінің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілері арасындағы қарым-қатынастардың электр энергиясын (қуатын) және ілеспе қызметтерді сатып алуға-сатуға байланысты жалпы қағидалар мен тиісті шарттар негізінде әрекет ететін жүйесі;
      «Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктері» – электр энергиясының (қуатының) Тараптардың тиісті мемлекеттерінің аумағында тұтыну үшін қажетті көлемі;
      «электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру» – Тараптардың уәкілетті ұйымдарының электр энергиясын (қуатын) өткізу және/немесе алмастыру жөнінде қызметтер көрсетуі. Ұлттық заңнаманың ерекшеліктеріне байланысты тиісті қарым-қатынастар транзитке арналған шарттармен немесе электр энергиясын (қуатын) сатып алу-сату шарттарын қоса алғанда, өзге де шарттармен ресімделеді;
      «электр энергиясын (қуатын) өткізу» – бір Тарап мемлекетінің аумағында өндірілген электр энергиясының (қуатының) басқа Тарап мемлекетінің желісі арқылы оның шекарасында (шекараларында) орналасқан жеткізу нүктелері арасындағы ағындарын қамтамасыз ету;
      «электр энергиясын (қуатын) алмастыру» – электр энергиясының (қуатының) тең көлемін энергия жүйесіне және ол жерден Тарап мемлекетінің шекарасында (шекараларында) орналасқан әртүрлі жеткізу нүктелері арқылы өзара байланысты және бір уақытта жеткізу.

2-бап
Электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимыл қағидаттары

      1. Тараптардың электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылы мынадай қағидаттарға негізделеді:
      - Тараптар мемлекеттерінің электр энергетикалық жүйелерінің (бұдан әрі – Тараптар мемлекеттерінің энергия жүйелері) қатар жұмыс істеуінің техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалану;
      - қатар жұмыс істеуді жүзеге асырған кезде экономикалық залал келтірмеу;
      - нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді электр энергиясына (қуатына) деген сұранысты қанағаттандырудың орнықты жүйесін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде пайдалану;
      - Тараптар мемлекеттерінің электр энергиясы (қуаты) нарықтарының қолданыстағы модельдерінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, мемлекеттердің қатар жұмыс істеп тұрған энергия жүйелері негізінде БЭК-тің ортақ электр энергетикалық нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру;
      - Тараптар мемлекеттерінің электр энергетикасы саласындағы заңнамаларын кезең-кезеңімен үйлестіру;
      - техникалық нормалар мен қағидаларды үйлестіру.
      2. Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімде айқындалған бірыңғай қағидаттар, қағидалар мен әдістер негізінде жүзеге асырылады.
      3. Тараптар ұзақ мерзімді перспективада электр энергетикасы саласында тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында өз мемлекеттерінің электр энергетикасын дамыту бағдарламасын үйлестіруге жәрдемдеседі.

3-бап
Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуді
қамтамасыз ету қағидаттары

      Тараптар қолда бар техникалық мүмкіндік шегінде Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін көрсетілген қызметтерді басым пайдалану шартымен электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуді мынадай қағидаттар негізінде қамтамасыз етеді:
      - ішкі электр энергиясы нарығының субъектілеріне қатысты аумағында осындай қызметтер ұсынылатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген талаптардың теңдігі;
      - Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін көрсетілген қызметтерді басым пайдалану шартымен электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізу берілген кезде ұлттық заңнаманы есепке алу;
      - табиғи монополиялар субъектілері қызмет көрсеткен кезде энергия жүйелерінің қатар жұмыс істеу режимдеріне әсер ететін электр энергетикасы объектілерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету;
      - БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ішкі электр энергиясы нарықтарының субъектілері арасында туындайтын қатынастарды шарттық ресімдеу;
      - табиғи монополиялар субъектілерінің өтеусіз қызмет көрсетуі.

4-бап
Электр энергиясын (қуатын) кедергісіз мемлекетаралық беруді
қамтамасыз ету қағидаттары, шаралары және практикалық іске асыру

      4.1. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету қағидаттары

      4.1.1. Тараптар БЭК-ке қатысушы шектес мемлекеттің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді Тараптар мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктерін басым қамтамасыз ету шартымен қолда бар техникалық мүмкіндік шегінде қамтамасыз етеді.
      4.1.2. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін айқындау мынадай басымдықтар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
      - энергия жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді жүзеге асыру жоспарланып отырған Тарап мемлекетінің ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;
      - БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне Тараптың шектес мемлекетінің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      - БЭК-ке қатысушы бір мемлекеттің энергия жүйесінен БЭК-ке қатысушы басқа мемлекеттің энергия жүйесіне БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      - БЭК-ке кірмейтін өзге елдердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету.
      4.1.3. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру кезінде Тараптардың уәкілетті ұйымдары Тарап мемлекетінің қолданыстағы заңнамасының ерекшеліктеріне сүйене отырып, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру құнын өтеу қағидатын басшылыққа алады.
      4.1.4. БЭК-ке кірмейтін өзге елдердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы ескеріле отырып, екіжақты негізде реттеледі.

      4.2. БЭК шегінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар 

      Тараптар мемлекеттерінің энергия жүйелері арқылы электр энергиясын (қуатын) кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында Тараптар келісілген дайындық іс-шараларының кешенін жүзеге асырады:
      - электр энергиясын (қуатын) жеткізудің күнтізбелік жылы басталғанға дейін Тараптардың уәкілетті ұйымдары электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдерінде есепке алу үшін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің тарифтерін есептеу кезінде осындай жеткізілімдерді есепке алу мақсатында мемлекетаралық беру көзделген электр энергиясының (қуатының) жоспарлы көлемдері туралы мәлімдейді;
      - электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарлы құнын есептеу негізінде Тараптар уәкілеттік берген ұйымдар қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында келісімшарттар жасасады.
      Тараптар мемлекеттерінің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) кедергісіз мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың уәкілетті органдары электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық жағдайлары мен көлемін айқындау тәртібін, сондай-ақ электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге байланысты қызметтерге баға белгілеуге келісілген тәсілдерді қамтитын БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің бірыңғай әдіснамасын пайдаланады. Бұл әдіснама осы Келісімге қосымша болып табылады.

      4.3. Электр энергиясын (қуатын) кедергісіз мемлекетаралық беруді практикалық іске асыру

      4.3.1. Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдар осы Келісімнің 4-бабының 4.2-тармағында көзделген бірыңғай әдіснамаға сәйкес және ұлттық заңнаманы ескере отырып, өз мемлекетінің аумағы арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етеді.
      4.3.2. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету үшін қажетті электр желілік шаруашылық объектілерін пайдалануды қамтамасыз ету электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз етуге байланысты қызмет көрсететін Тарап мемлекетінің нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
      4.3.3. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруден бас тартылған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті ұйымдары бас тарту себептері туралы негізделген материалдар ұсынуды қамтамасыз етеді.

5-бап
Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметтеріне баға белгілеу (тариф белгілеу) қағидаттары

      Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне баға белгілеу (тариф белгілеу) Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығында табиғи монополиялар субъектілерінің электр энергетикадағы қызметтеріне белгіленген тарифтер ішкі электр энергиясы нарығының субъектілеріне арналған ұқсас ішкі тарифтерден аспауы тиіс.

6-бап
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу, дауларды шешу

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Тараптар арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар бірінші кезекте келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.
      Егер дау Тараптарының бірі даудың басқа Тарапына оларды жүргізу туралы жіберген ресми жазбаша өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде дауды дау Тараптары реттемесе, онда дау Тараптары арасында оны шешудің тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған жағдайда дау Тарапының кез-келгені осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін бере алады.
      Электр энергиясын беру жөніндегі қарым-қатынастарды реттеу басқа халықаралық келісімдер мен шарттар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

7-бап
Күшіне ену тәртібі

      Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамада айқындалады.
      2010 жылғы «19» қарашада Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Келісімнің түпнұсқа данасы депозитарий болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық қағамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.

      Беларусь                  Қазақстан                   Ресей
  Республикасының           Республикасының            Федерациясының
   Үкіметі үшін               Үкіметі үшін              Үкіметі үшін

БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДА ЭЛЕКТР
ЭНЕРГИЯСЫН (ҚУАТЫН) МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ӘДІСНАМАСЫ МАЗМҰНЫ

1. Электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгеріміне енгізілуі тиіс, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді есептеген кезде есепке алынатын, электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің өтінімдер беру және жылдық болжамды көлемін қалыптастыру тәртібінің негізгі ережелері
1.1. Беларусь Республикасының аумағында
1.2. Қазақстан Республикасының аумағында
1.3. Ресей Федерациясының аумағында
2. Жоспарлау үйлестірушісінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын ережелерді қоса алғанда, энергия жүйелерінің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлау негізінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндіктерін және жоспарлы көлемдерін айқындау тәртібі
2.1. Терминология
2.2. Жалпы ережелер
2.3. Жоспарлау үйлестірушісі мен қалған жүйелік операторлардың функциялары мен өкілеттіктері
2.4. Жылдық жоспарлау
2.5. Айлық жоспарлау
2.6. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау
3. Әрбір ұйым мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету шеңберінде орындайтын функцияларды көрсете отырып, Тараптардың электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілерінің тізбесі
3.1. Беларусь Республикасының аумағында
3.2. Қазақстан Республикасының аумағында
3.3. Ресей Федерациясының аумағында
4. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрамдас бөліктердің тізбесі
4.1. Беларусь Республикасының аумағында
4.2. Қазақстан Республикасының аумағында
4.3. Ресей Федерациясының аумағында
5. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілмейтін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға байланысты құрамдас бөліктердің тізбесі
5.1. Беларусь Республикасының аумағында
5.2. Қазақстан Республикасының аумағында
5.3. Ресей Федерациясының аумағында
6. Тараптардың заңнамасына сәйкес электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді шарттық ресімдеуге қойылатын талаптар
6.1. Беларусь Республикасының аумағында
6.2. Қазақстан Республикасының аумағында
6.3. Ресей Республикасының аумағында
7. Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының сағаттық нақты көлемі туралы коммерциялық есепке алу деректерімен алмасуды ұйымдастыру тәртібі
8. Тараптардың электр берудің мемлекетаралық желілері бойынша электр энергиясы ағынының нақты сальдосын айқындау тәртібі
9. БЭК шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде мемлекетаралық қималар бойынша нақты ағындардың жоспарлы ағымдардан ауытқу көлемді мен құнын есептеу тәртібі

      1.1. Электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгеріміне енгізілуі тиіс, соның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді есептеген кезде есепке алынған электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемдерін құру және өтінім беру тәртібінің негізгі ережелері

      1.1. Беларусь Республикасының аумағында

      1.1.1. Беларусь Республикасының ұлттық электр желілері бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемін берілген өтінімнің негізінде мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйым анықтайды.
      1.1.2. Алдағы күнтізбелік жылға өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде электр энергиясын мемлекетаралық беру мен ай бойынша бөліп көрсетумен ең жоғарғы қуаттың жылдық көлемі көрсетіледі.
      1.1.3. Өтінімдерді қараған кезде Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы осы әдіснамаға сәйкес айқындалатын қолда бар техникалық мүмкіндіктің шанасын басшылыққа алады. Қолда бар техникалық мүмкіндік шамасынан электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген көлемі асқан жағдайда тұтастай алғанда жыл бойынша немесе жылдың қайсыбір айында Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымы өтінім берген ұйымға дәлелді бас тарту жібереді.
      1.1.4. Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен келісілген электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген көлемі электр энергиясын жеткізуге жасалған шартқа қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі қызметке тарифтерді есептеу кезінде ескеріледі.
      1.1.5. Мемлекетаралық беруге болжанған электр энергиясының көлемі жоспарланған мемлекетаралық беру жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде Тараптардың уәкілетті ұйымдарының келісімі бойынша түзетілуі мүмкін.

      1.2. Қазақстан Республикасының аумағында

      1.2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық электр желілері бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жылдық болжамды көлемі электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасының Жүйелік операторымен келісілген мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Жүйелік операторына берген өтінімінің негізінде айқындалады.
      1.2.2. Алдағы күнтізбелік жылға өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде айлар бойынша бөлінген және Қазақстан Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау мен беру нүктелерін көрсете отырып, электр энергиясын мемлекетаралық берудің жылдық көлемі көрсетіледі.
      1.2.3. Өтінімдерді қараған кезде Қазақстан Республикасының Жүйелік операторы осы әдіснамаға сәйкес айқындалатын қолда бар техникалық мүмкіндіктің шамасын басшылыққа алады. Электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген көлемі қолда бар техникалық мүмкіндіктің шамасынан асқан жағдайда тұтастай алғанда жыл бойынша немесе жылдың қайсыбір айында Қазақстан Республикасының Жүйелік операторы өтінім берген ұйымға дәлелді бас тарту жібереді.
      1.2.4. Қазақстан Республикасының Жүйелік операторымен келісілген электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген көлем электр энергиясын жеткізуге жасалған шартқа қосымшасы ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеу кезінде есеескеріледі.
      1.2.5. Қазақстанның БЭЖ бойынша электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімін қалыптастырғаннан кейін жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 қазанына дейін екіжақты мемлекетаралық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлем айқындалады және көтерме нарығының субъектілерімен келісіледі.
      1.2.6. Мемлекетаралық беруге болжанған электр энергиясының көлемі электр энергиясын мемлекетаралық беруге ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілетті Субъектілердің ұсынысы бойынша жоспарланған жеткізу жылының алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде түзетілуі мүмкін.

      1.3. Ресей Федерациясының аумағында

      1.3.1. Ресей Федерациясының субъектілері бойынша Ресей Федерациясының Бірыңғай энергетикалық жүйесі (Ресейдің БЭЖ) шеңберінде Болжамды жиынтық теңгерім құру тәртібіне сәйкес уәкілетті ұйым (Ресей Федерациясының Бірыңғай ұлттық (жалпы ресейлік) электр желісін басқару жөніндегі ұйым) (БҰЭТ) - «ФЖК БЭЖ» ААҚ) жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұлттық электр желісін басқаруды жүзеге асыратын Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысушы мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарымен келісілген ұсыныстарды Ресей Федерациясының Тарифтер жөніндегі Федералдық қызметіне (Ресейдің ТФҚ) және «Бірыңғай энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы» ашық акционерлік қоғамына («БЭЖ ЖО» ААҚ) жібереді.
      1.3.2. Келісілген ұсыныстарды Ресейдің ТФҚ қарайды және Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген мерзімде келесі күнтізбелік жылға Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жиынтық болжамды теңгерімін қалыптастыру кезінде есепке алынады.
      1.3.3. Мемлекетаралық беруді болжанған, Ресей Федерациясының субъектілері бойынша жеткізудің бір жылына электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жиынтық болжамды теңгерімі көрсеткіштерінің құрамында бекітілген электр энергиясы мен қуатының көлемі электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) есептеу кезінде ескеріледі.
      1.3.4. Мемлекетаралық беруді болжанған электр энергиясы мен қуатының көлемі электр энергетикасындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне белгіленген бағаларға (тарифтерге) тиісті түзетулер жасай отырып жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) келісімі болған жағдайда уәкілетті ұйымның (бірыңғай ұлттық (жалпыресейлік) электр желісін басқару жөніндегі ұйымның) ұсынысы бойынша түзетілуі мүмкін.

      2. Жоспарлау үйлестірушісінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын ережелерді қоса алғанда, энергия жүйелерінің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлау негізінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндіктерін және жоспарлы көлемдерін айқындау тәртібі

      2.1. Терминология

      Осы әдістеменің 2-бөлімінің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      Бақыланатын қима – қуат ағындары жұмыстың орнықтылығын, энергия жүйелерінің сенімділігі мен өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында бақыланатын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) мен жүйелік операторлардың диспетчерлік орталықтары айқындайтын электр торабының басқа да элементтерінің жиынтығы.
      Қуаттың ең жоғарғы қолжетімді ағыны – қалыпты режимге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыратын желі қимасындағы аса көп ағын.
      Мемлекетаралық қима – көрші мемлекеттердің энергия жүйелерін (жекелеген энергетикалық аудандарын) байланыстыратын мемлекетаралық ЭЖЖ-да орналасқан, қатар жұмыс істеу электр энергетикалық режимдерін жоспарлау және басқару міндеттерімен технологиялық жағынан негізделген, жүйелік операторлар айқындайтын нүкте немесе жеткізу нүктелерінің тобы.
      Басқа да пайдаланылатын ұғымдардың Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Баға белгілеу негіздері мен тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімде айқындалған мәні бар.

      2.2. Жалпы ережелер

      2.2.1. Жоспарлау кезеңдерінде шешілетін міндеттер:
      Жылдық жоспарлау: БЭК қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізудің мәлімделген көлемін іске асырудың және экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықты жөндеудің жылдық жоспарлы кестелерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімдерінде ескерілетін БЭК қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет болған жағдайда оларды түзету;
      Айлық жоспарлау: жеткізудің мәлімделген көлемін іске асырудың және экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықты жөндеудің айлық жоспарлы кестелерін есепке ала отырып, электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жылдық болжамды теңгерімдерінде ескерілетін БЭК қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің техникалық мүмкіндігін тексеру және қажет жағдайда оларды түзету;
      Режимдерді тәуліктік жоспарлау және тәулікішілік түзету: нақты схемалық-режимдік ахуалды, экспорт-импорт қимасын шектейтін электр желілік жабдықты жоспарлы, жоспардан тыс және авариялық ажыратуды, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізу мен мемлекетаралық беру көлемін ескере отырып, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) жеткізу мен мемлекетаралық берудің алдын ала бір тәулікке мәлімделген сағаттық көлемдерін іске асырудың техникалық мүмкіндіктерін тексеру.
      2.2.2. Жоспарлау (БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарланған көлемінің іске асырылуын есептеу) Ресейдің БЭЖ мен Қазақстанның БЭЖ арасында және Ресейдің БЭЖ мен Беларусьтің Біріккен энергетикалық жүйесі (Беларусьтің БЭЖ) арасында қатар жұмыс істейтін энергия жүйелерінің есептік моделдері (бұдан әрі – есептік модель) пайдаланыла отырып жүргізіледі.
      2.2.3. Есептік модель жоспарлау үшін қажетті көлемде Ресейдің БЭЖ, Қазақстанның БЭЖ-і мен Беларусьтің БЭЖ-дің технологиялық өзара байланысты есептік моделін білдіреді және оған мына сипаттама кіреді:
      - электр желісін алмастыру схемасының бағандары мен параметрлері;
      - активті және реактивті тораптық жүктемелер;
      - тораптардағы активті және реактивті өндіру;
      - өндірудің ең төменгі және ең жоғарғы активті және реактивті қуаттары;
      - желілік шектеулер.
      2.2.4. Есептік модель қысқы ең жоғарғы және ең төменгі жүктемелер мен жазғы ең төменгі және ең жоғарғы жүктемелердің келісілген сағаттарына сәйкес келетін базалық режимдер (базалық есептеу схемалары) үшін әдетте, жүйелік оператормен келісілген алмастыру схемасының негізінде қалыптастырылады. Ерекше схемалық-режимдік жағдаяттар үшін бақыланатын мемлекетаралық қималарда, сондай-ақ ішкі бақыланатын қималарда, егер олар мемлекетаралық жеткізуді (алмасуды) жүзеге асыруға елеулі әсер ететін болса, ең жоғарғы рұқсат етілетін ағындар көрсетілуі тиіс.
      2.2.5. Жоспарлау үйлестірушісі «БЭЖ ЖО» ААҚ болып табылады.
      2.2.6. Жоспарлаудың әр кезеңдері үшін есептік моделдер мен өзекті етілген ақпараттың құрамы, соның ішінде есептік моделге енгізілетін және энергия объектілері мен энергия жүйелерінің (энергия жүйелерінің баламалары) тізбелері, оларды қалыптастыру мен өзекті ету тәртібі және уақытша регламенті, энергия жүйелерінің жылдық, айлық, тәуліктік және тәулікішілік жұмыс режимдерін жоспарлау үшін деректер алмасу форматтары мен тәсілі «БЭЖ ЖО» ААҚ және «ФЖК БЭЖ» ААҚ «ОДУ» республикалық біртұтас электр энергетикалық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «ОДУ» РБК) бірге, «БЭЖ ЖО» ААҚ және «ФЖК БЭЖ» ААҚ «KEGOC» АҚ-ның филиалы – «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығымен» (бұдан әрі – ЖО ҰДО) бірге бекіткен құжаттармен белгіленеді.

      2.3. Жоспарлау үйлестірушісі мен қалған жүйелік операторлардың функциялары мен өкілеттіктері

      2.3.1. Жоспарлау үйлестірушісі мыналарды жүзеге асырады:
      - базалық есептік моделдерді қалыптастыру;
      - жоспарлау мақсаттары үшін «ОДУ» РБК-мен, ЖО ҰДО-мен ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
      - «ОДУ» РБК-дан, ЖО ҰДО-дан алынған деректер негізінде электр энергетикалық режимдерге есептеу жүргізу;
      - Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Баға белгілеу негіздері мен тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімнің 4.1.2-тармағымен айқындалған басымдық қағидаттарын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасындағы жеткізілімдер мен электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің мәлімделген көлемі кезінде есептік моделдің бақыланатын қималарындағы электр режимдерінің іске аспауы немесе ең жоғарғы рұқсат етілетін ағындардың артуы немесе анықталған жағдайда БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелері (энергия жүйелерінің бөліктері) арасындағы мемлекетаралық ағынды түзету:
      1) энергия жүйесі арқылы мемлекетаралық беруді жүзеге асыру жоспарланып отырған Тарап мемлекетінің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
      2) электр энергиясын Тараптың шектес мемлекетінің энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесінің бір бөлігінен оның басқа бөлігіне мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      3) БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесі арқылы БЭК қатысушы мемлекеттің бір энергия жүйесінен БЭК-ке қатысушы мемлекеттің басқа энергия жүйесіне электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      4) БЭК-ке кірмейтін өзге мемлекеттердің электр энергетикалық субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында БЭК-ке қатысушы мемлекеттің энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету;
      - жоғарыда көрсетілген есептердің нәтижелерін «ОДУ» РБК-ға және ЖО ҰДО-ға жеткізу.
      2.3.2. Егер есептеу кезінде электр режимдерінің іске асырылмауы немесе есептік моделдің бақылау қималарында ең жоғарғы рұқсат етілетін ағындардың артып кетуі анықталған жағдайда, жоспарлау үйлестірушісі ЖО ҰДО-ға, «ОДУ» РБК-ға және «ФЖК БЭЖ» ААҚ-ға энергия жүйелерінің сальдо-ағындары (теңгерімдері) көлемдерінің қажетті түзетулер көлемдерін жібереді.
      ЖО ҰДО, «ОДУ» РБК, «ФЖК БЭЖ» ААҚ электр энергиясын (қуатын) жеткізу көлемдерін барлық шарттар бойынша, оның ішінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру көлемін жоғарыда көрсетілген басымдық негізінде түзетеді не жоспарлау үйлестірушісі есептеулер қорытындысы бойынша айқындаған бақылау қималарындағы рұқсат етілетін ағындардың бұзылуын алып тастау бойынша өзге де шараларды қолданады.
      Барлық шарттар бойынша электр энергиясын (қуатын) жеткізудің түзетілген шарттық көлемдері туралы, сондай-ақ БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру туралы ақпаратты ЖО ҰДО, «ОДУ» РБК және «ФЖК БЭЖ» ААҚ Тарап мемлекеттерінің – жасалған шарт бойынша тараптардың ішкі электр энергиясы нарығының субъектілеріне жеткізеді.
      2.3.3. Жоспарлау үйлестірушісі ЖО ҰДО-дан және «ОДУ» РБК-дан жоспарлау үшін қажетті өзекті деректерді алмаған жағдайда не болмаса техникалық қателіктері бар деректерді немесе көрінеу дұрыс емес берілген деректерді алған жағдайда қолданылу тәртібі мен мазмұнын «ОДУ» РБК мен «БЭЖ ЖО» ААҚ, «БЭЖ ЖО» ААҚ мен ЖО ҰДО бекітетін құжаттарда белгіленетін орнын алмастыратын ақпаратты қолдануға құқылы.

      2.4. Жылдық жоспарлау

      2.4.1. Жылдық жоспарлау ЖО ҰДО, «ОДУ» РБК және «ФЖК БЭЖ» ААҚ айқындайтын мерзімде және тәртіппен орындалады.
      2.4.2. «ОДУ» РБК, ЖО ҰДО мен «ФЖК БЭЖ» ААҚ жоспарланған күнтізбелік жылға электр желілік жабдықтарды жөндеу кестелерінің жобаларын қалыптастырады және оларды жоспарлау үйлестірушісіне ұсынады. Жоспарлау үйлестірушісі жоспарланған күнтізбелік жылға арналған электр желілік жабдықтарды жөндеу кестесін келіседі және оны «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ мен ЖО ҰДО-ға жібереді. Жөнделуі жылдық (сондай-ақ айлық) жөндеу кестесінің шеңберінде келісілуі тиіс электр желілік объектілердің тізбесін және оны құрудың уақытша регламентін «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ мен ЖО ҰДО белгілейді.
      2.4.3. «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО жоспарлау үйлестірушісіне олар ерекше жұмыс күні максимумының сағатына электр энергиясының, қуатының болжамды теңгерімдеріне сүйене отырып, құрған, тиісті ұлттық энергия жүйесі бойынша (тұтыну, өндіру, ағындар сальдосы, желілік жабдықты жөндеу) жылдық жоспарлауға арналған ақпаратты табыс етеді.
      2.4.4. Ресейдің БЭЖ – Қазақстанның БЭЖ және Ресейдің БЭЖ – Беларусияның БЭЖ ағындары сальдосының нақтыланған болжамды мәні жоспарлау нәтижесі болып табылады.
      2.4.5. Жоспарлау үйлестірушісі режимдердің есебін жүргізеді және «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО-ға есептеулердің нәтижелерін жібереді.

      2.5. Айлық жоспарлау

      2.5.1. Айлық жоспарлау жылдық жоспарлау сияқты схема бойынша айлық бөліністегі деректермен және нәтижелермен алмаса отырып, «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО айқындаған мерзімде және тәртіппен орындалады.

      2.6. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау

      2.6.1. Тәуліктік және тәулікішілік жоспарлау «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО айқындаған мерзімде және тәртіппен орындалады.
      2.6.2. Тәулік сайын «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО жоспарлау үйлестірушісіне құрамына мыналар кіретін 24 сағаттық өзектендірілген деректерді (00:00-ден 24:00-ге дейін) 24 сағаттық жиынтықтар түрінде жоспарланған тәуліктерге (бұдан әрі – Х тәуліктері) есептік моделді өзектендендіруге арналған деректерді ұсынады:
      - 220 кВ электр желілік жабдық пен одан да жоғары энергия жүйесі элементтерінің жоспарланатын жөндеу;
      - тұтыну мен өндірудің сағаттық кестелері энергия жүйесі бойынша жиынтық түрінде (соның ішінде есептік моделдің құрамын құрған кезде «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО белгілеген жекелеген энергия аудандары бойынша);
      - ағындар сальдосының сағаттық кестелері (энергия жүйесі ағындарының оң сальдосы үшін оның тапшылығы қабылданады).
      «ФЖК БЭЖ» ААҚ жоспарлау үйлестірушісіне «ОДУ» РБК-мен және ЖО ҰДО-мен келісілген шарттардың барлық түрлері бойынша Ресейдің БЭЖ, Қазақстанның БЭЖ және Белоруссияның БЭЖ арасында электр энергиясын жеткізу көлемінің, оның ішінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің сағаттық кестелерінің жиынтық мәнін ұсынады.
      2.6.3. Егер есептік моделді өзектендіруге арналған деректерді «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО жоспарлаудың үйлестірушісіне табыс етпеген болса, соңғысы «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО өздерінің арасында есептік моделді құрған кезде келісу бойынша белгілеген орнын алмастыратын ақпаратты пайдаланады.
      2.6.4. Жоспарлау үйлестірушісі есептік моделді өзектендіруді және электрлік режимдерді есептеуді орындауды жүзеге асырады.
      2.6.5. Жоспарлаудың үйлестірушісі режимдерге есеп жүргізеді және есептеудің нәтижелерін келісілген форматта «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО-ға табыс етеді.
      2.6.6. Егер жеткізілімдер мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында мемлекетаралық беру көлемінің мәлімделген мәндері іске асырылмайтындай болған жағдайда, «ОДУ» РБК, «БЭЖ ЖО» ААҚ және ЖО ҰДО осы Бөлімнің 2.3.1-тармағында айқындалған басымдылықты есепке ала отырып, жеткізілімдер мен мемлекетаралық беру көлемін түзету бойынша шаралар қолданады.
      2.6.7. Егер электр тұтыну және/немесе схемалық-режимдік шарттардың болжанбаған өзгерістері нәтижесінде және/немесе жеткізу шарттарының талаптары өзгерген жағдайда жеткізілімдер мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттері арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарлы көлемін жедел тәулік ішінде түзету талап етілген болса, «ОДУ» РБК мен ЖО ҰДО жоспарлаудың үйлестірушісіне мыналарды ұсынады:
      - алдын ала тәулікке жоспарлау мақсаттары үшін табыс етілетін ақпаратқа сәйкес келетін көлемде Х тәуліктердің қалған сағаттарына өзектендірілген сағаттық деректер жинағы түрінде ағымдағы тәуліктерге есептік моделді өзектендіруге арналған деректер;
      - жеткізілімдер мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттері арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық берудің жоспарлы көлемдері өзгерісінің жоспарлы көлемдері бар өтінім.
      2.6.8. Тәуліктер ішіндегі әр уақытша кезең үшін деректерді берудің («қақпаларды жабу уақыты») және есептер нәтижелерін жеткізудің шектеулі уақыты белгіленеді. Деректерді «қақпаларды жабу уақытынан» кейін беруге рұқсат етілмейді. Жоспарлау үйлестірушісі есептік моделді өзектендіруді және Х тәуліктердің қалған сағаттарына электрлік режимдерді есептеуді орындауды жүзеге асырады.
      2.6.9. Жоспарлау нәтижесі Х тәуліктердің қалған сағаттарына жеткізілім мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру көлемінің нақтыланған жоспарлы сағаттық кестесі болып табылады. Егер режимдерді тәулікішілік түзету уақытынан кейін схемалық-режимдік шарттарының өзгеруі себепті нақтыланған жоспарлы сағаттық кестелерді орындау мүмкін емес болған жағдайда жеткізілімдер мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру көлемін өзгертуге БЭК-ке қатысушы мемлекеттерінің уәкілетті шаруашылық субъектілері арасында электр энергиясын жеткізуге жасалған тиісті арнаулы шарттарға сәйкес авариялық жәрдем беру немесе электр энергиясын мәжбүрлі жеткізу жағдайында рұқсат етіледі.

      3. Әрбір ұйым мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету шеңберінде орындайтын функцияларды көрсете отырып, Тараптардың электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға уәкілеттік берілген субъектілерінің тізбесі

      3.1. Беларусь Республикасының аумағында

      3.1.1. Беларусь Республикасының аумағында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру «Белэнерго» Мемлекеттік электр энергетикалық өндірістік бірлестігіне («Белэнерго» МӨБ) және «ОДУ» РБК-ға бұл ретте мына функциялар орындала отырып жүктеледі:
      - жеткізетін электр желісі бойынша («Белэнерго» МКО жалпы үйлестірген жағдайда «Белэнерго» МКО-ға бағынатын ұйымдар) электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету;
      - электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді техникалық диспетчерлеу жөнінде қызметтер көрсету («ОДУ» РБК);
      - қатар жұмысты басқару мен орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша шекаралас мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау («ОДУ» РБК).

      3.2. Қазақстан Республикасының аумағында

      3.2.1. Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру мына функциялар орындала отырып Жүйелік операторға жүктеледі:
      - Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсету;
      - электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу жөнінде қызметтер көрсету;
      - электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсету;
      - шекаралас мемлекеттермен қатар жұмыс режимдерінің орнықтылығын басқару және қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау.

      3.3. Ресей Федерациясының аумағында

      3.3.1. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету мыналарға байланысты іс-қимылдар кешенін жүзеге асыруды білдіреді:
      3.3.1.1. электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару жөнінде, оның ішінде Ресейдің энергия жүйесінің және басқа да БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерінің қатар жұмыс режимдерін басқару, электр энергиясын (қуатын) ауыстыруды және үйлестірілген жоспарлауды қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету;
      3.3.1.2. біртұтас ұлттық (жалпыресейлік) электр желісі бойынша электр энергиясын (қуатын) беру жөнінде қызметтер көрсету, оның ішінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету үшін;
      3.3.1.3. Ресей Федерациясының электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығында электр энергиясы мен қуаты айналымының ерекшеліктері, оның ішінде электр энергиясының (қуатының) тең көлемін Ресейдің энергия жүйесінде және одан Ресей Федерациясының БЭК-ке қатысушы мемлекеттермен шекарасында (шекараларында) орналасқан әр түрлі жеткізу нүктелері арқылы өзара байланыса отырып, бір уақытта жеткізуді қамтамасыз еткен жағдайда.
      3.3.2. БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді мына уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады:
      3.3.2.1. «Біртұтас энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы» ААҚ («БЭЖ ЖО») – Ресейдің БЭЖ-ның Қазақстанның БЭЖ мен Беларусьтың БЭЖ-мен қатар жұмыс режимдерін ұйымдастыру және басқару бөлігінде;
      3.3.2.2. «Федералдық желілік компания» ААҚ («ФЖК БЭЖ» ААҚ) – Ресейдің БЭЖ арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру кезінде және Ресейдің БЭЖ-ның Қазақстанның БЭЖ мен Беларусьтың БЭЖ-мен қатар жұмысын ұйымдастыру кезінде электр энергиясының орнын ауыстыруға (ауыстыру қағидатын қолданумен) байланысты қызмет көрсету бөлігінде, оның ішінде мемлекетаралық беруді жоспарлау (жылдық, айлық, сағаттық) жөніндегі уәкілетті ұйыммен өзара іс-қимыл, Ресей Федерациясының және БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылған электр энергиясының нақты сағаттық көлемін коммерциялық келісімшарттар бойынша түзетілген жоспарлы көлемдерді есепке ала отырып тарату бөлігінде; Ресей Федерациясы мен БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасындағы мемлекеттік шекара арқылы орны ауыстырылған нақты көлемінің жоспарлы көлемдерден сағаттық ауытқуын анықтау бөлігінде; БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің ортақ шекараларында орналасқан жеткізу нүктелерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алу бөлігінде;
       3.3.2.3. «ӘСЖ» ААҚ – электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығында айналымға рұқсат етілген тауарлар мен қызметтердің көтерме саудасын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер бөлігінде;
      3.3.2.4. «ҚЕО» ЖАҚ – көтерме сауда нарығына қатысушылардың талаптары мен міндеттемелерін есептеу жөнінде қызмет көрсету бөлігінде;
      3.3.2.5. Коммерциялық агент – ағынның нақты сальдосының жоспарлыдан ауытқуына байланысты қарым-қатынастарды реттеуге қатысты БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету үшін мәлімделген электр энергиясы (қуаты) көлемінің қатысуына қол жеткізуді ұйымдастыру бөлігінде экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығына қатысушы.

      4. Электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрамдас бөліктердің тізбесі

      4.1. Беларусь Ресупбликасының аумағында

      4.1.1. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін, Беларусь Республикасының беру желісі (бұдан әрі – БЖ) бойынша электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге Ш желі шығындар БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде мына формула бойынша есептеледі:

      Ш желі = З (1+ИҚ) (1+ПР) (1+Н),

      мұнда:
      Ш – уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте айқындалатын БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге жататын БЖ-ны ұстау мен пайдалануға арналған жалпы шығындар;
      ИҚ – инновациялық қорға аударымдардың үлесі;
      ПР – Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын табысқа аударымдар үлесі;
      С – салықтарға аударымдар үлесі;
      З – жалпы шығындар мыналарды қамтиды:
      - пайдалану-жөндеу қызметін көрсетуге арналған шығындар;
      - жалақы;
      - амортизация;
      - өзге де ақшалай шығыстар (қосымша материалдар, сырттан келетін энергия, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар және басқалар);
      - электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған шығындар.
      4.1.2. Беларусьтың БЭЖ желісі бойынша электр энергиясын мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге белгіленген тариф мына формула бойынша есептеледі:
      

      мұнда:
      Т – Беларусьтың БЭЖ желілері бойынша электр энергиясын мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге тариф;
      Эт – Белорусияның БЭЖ желілері бойынша БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық берудің жиынтық көлемі.

      4.2. Қазақстан Республикасының аумағында

      4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық электр торабы (бұдан әрі – ҰЭТ) желілері арқылы электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беруді жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын, БЭК-ке қатысушы мемлекеттік арасында электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге тариф:

            (теңге/кВт.сағ.),

      мұнда:
      Т – ҰЭТ желілері арқылы электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беруді жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылатын, БЭК-ке қатысушы мемлекеттік арасында электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге тариф (теңге/кВт.сағ.);
      Z – ҚР ҰЭТ-ның заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған жалпы шығындары (млн. теңге);
      Р – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын электр энергиясын, оның ішінде мемлекетаралық беру жөнінде қызметтер көрсеткен кезде ҰЭТ-ның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті пайданың деңгейі (млн. теңге);
      Wжиын – шарттар мен келісімшарттар бойынша мәлімделген ҰЭТ электр энергиясын берудің жиынтық көлемі (млн. кВт.сағ.).
      4.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге белгіленетін тарифті есептеген кезде тарифтік табысқа ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге шыққан жалпы шығындар мен электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсеткен кезде тиімді жұмыс істеу үшін қажетті пайданың деңгейі (активтердің іске қосылуына сүйене отырып, айқындалады) қамтылады.
      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифке енгізілетін шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      4.3. Ресей Федерациясының аумағында

      4.3.1. Жалпы ережелер.
      Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес БҰЭТ арқылы электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған тарифтер екі ставка түрінде белгіленеді: электр желілерін ұстауға арналған ставка және БҰЭТ-дағы электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған ставка.
      Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтер көрсетуге белгіненген тарифке енгізілетін ұқсас құрамдас шығыстар БҰЭТ объектілерін ұстауға БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтердің құрамдас шығыстарына және БҰЭТ-да электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтердің құрамдас шығыстарына бөлінеді.
      4.3.2. БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін шығыстарды айқындау.
      4.3.2.1. БҰЭТ объектілерін ұстауға БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге белгіленген тарифтің құрамдас шығыстарының тізбесі.
      БҰЭТ объектілерін ұстауға арналған ставка бойынша электр тораптары арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге мәлімделген, БЭК қатысушы мемлекеттері арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жүзеге асырылатын мемлекеттің энергия жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесінде» айқындалатын қуат төленеді.
      БҰЭТ объектілерін ұстауға арналған ставканы есептеген кезде ұлттық реттеуші орган тиісті есептік кезеңге белгілеген мынадай экономикалық жағынан негізделген шығыстар есепке алынады:
      - операциялық шығыстар,
      - бақылаудағы емес шығыстар,
      - инвестицияға инвестицияланған капиталды (амортизациялық аударымдар) қайтару,
      - инвестицияланған капиталға кіріс.
      4.3.2.2. БҰЭТ-дағы электр энергиясы мен қуаттың ысырабын өтеуге БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтердің құрамдас шығыстарының тізбесі.
      БҰЭТ-дағы электр энергиясының және қуаттың ысырабын өтеуге арналған шығыстар электр энергиясы ысырабының көлеміне азайтылған, электр энергиясына белгіленген тең бағада есепке алынған БҰЭТ-дағы электр энергиясының нормативтік ысырабына және тиісті ұлттық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдары қызметтерінің құнын ескере отырып, электр желілеріарқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жүзеге асырылатын мемлекеттің энергия жүйесінен шығатын электр энергиясы ағындарының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін ГТП бойынша әр есептік кезеңнің қорытындылары бойынша көтерме сауда нарығында қалыптасқан электр энергиясы мен қуатты сатып алу бағаларына сүйене отырып, айқындалады.

      5. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілмейтін электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға байланысты құрамдас бөліктердің тізбесі 

      5.1. Беларусь Республикасының аумағында
      Беларусь Республикасында Шжүйе жүйелік шығындары уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, Беларусьтың БЭЖ желілері арқылы берілетін қуаттың жалпы шамасындағы мемлекетаралық беру қуатының үлесін есепке алумен айқындалатын, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді қамтамасыз ету үшін өндіру қуаттарының резервтерін қолдауға, сондай-ақ БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтерге арналған шығындарды қамтиды.

      5.2. Қазақстан Республикасының аумағында
      БЭК-ке қатысушы мемлекеттері арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығыстар есепке алынбайды.

      5.3. Ресей Федерациясының аумағында
      БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің арасында мемлекетаралық берілуге жататын электр энергиясының көлемі электр энергиясының (қуатының) алмасуымен қамтамасыз ету мақсатында көтерме сауда нарығында баға өтінімдерін беру, бір тәулік алдын ала баға өтінімдеріне бәсекелестік іріктеу жүргізу, Ресей энергия жүйесінің шекарасында (шекараларында) жеткізудің әртүрлі нүктелерінде нарықтық бағаларды және электр энергиясының (қуатының) тең көлемінің өзара байланысты және оны бір мезгілде жеткізуге байланысты жүйелік шығындардың үлесін анықтау ескерілуі тиіс. Жүйелік шығындар мынадай құрауыштардан қалыптасады:
      5.3.1. БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің арасында Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы (тораптық бағалардың айырмасы) электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде электр энергиясының жүктемелік ысырабы мен жүйелік шектеулердің құнын өтеуге байланысты құрауыш:

      ,
      мұнда:
      – мемлекетаралық беру шеңберінде Ресей Федерациясының энергия жүйесінен ағынның «шығу нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік алдын ала баға ұсыныстарына бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
      – мемлекетаралық беру шеңберінде Ресей Федерациясының      энергиясы жүйесіне электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік алдын ала баға ұсыныстарына бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
      – Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы m айының h сағатында мемлекетаралық беру көлемі
      5.3.2. Электр энергиясының (қуатының) мемлекетаралық берілуін қамтамасыз ететін энергия жүйесі жұмысының режимдерін іске асыру үшін өндіруші қуаттар резервінің болу қажеттілігіне байланысты құрауыш:

      

      мұнда:
      – m айын электр энергиясын мемлекетаралық берудің мәлімделген жоғары сағаттық көлеміне сәйкес келетін ең жоғары қуат
        – тиісті жылға қуатқа бәсекелестік іріктеу жүргізу кезінде жүйелік оператор ескеретін ЕААі резервтеудің      жоспарлы коэффициенті
        – тиісті жылға ЕААі-дегі тұтынушылар үшін бәсекелестік іріктеудің алдын ала бағасы (электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда қағидаларына сәйкес Жүйелік оператор анықтайды)
      ЕАА – еркін ағын аймағы, оған мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде Ресей Федерациясының энергия жүйесінен электр энергиясының «шығу нүктесіне» сәйкеси келетін жеткізу нүктелері жатқызылды.
      Мемлекетаралық беру құнын анықтау кезінде, мемлекетаралық берудің «кіру» және «шығу» нүктелеріне сәйкес келетін еркін ағын аймақтарында (еркін ағын аймақтарының топтарында) қуатты бәсекелестік іріктеу нәтижелері бойынша белгіленген сатып алушыларға арналған жоспарлы бағалар арасындағы айырма да ескеріледі.

      6. Тараптардың заңнамасына сәйкес электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді шарттық ресімдеуге қойылатын талаптар

      6.1. Беларусь Республикасының аумағында
      Беларусь Республикасының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің арасында мемлекетаралық электр энергиясын (қуатын) беру осы Әдіснаманың 1-бөлімі мен 2-бөлімінің 2.4, 2.5, 2.6-тармақтарына сәйкес мемлекеттік берілуге ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемі келісілген жағдайда және Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен электр энергиясын мемлекетаралық беруге арналған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Әрбір шарт бойынша электр энергиясын мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтердің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      СМАБ = Шжелі + Шжүйе.

      6.2. Қазақстан Республикасының аумағында
      Қазақстан Республикасының аумағында БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік нысанда жасалатын электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, электр энергиясын мемлекетаралық беруге арналған шарттарда осындай берудің ерекшеліктері ескеріледі.
      6.3. Ресей Федерациясының аумағында
      Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық жеткізу мынадай шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
      6.3.1. табиғи монополиялардың қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету және Ресей энергия жүйесінің шекарасында (шекараларында) жеткізудің әртүрлі нүктелерінде мемлекетаралық беруді жүзеге асыру үшін мәлімдеген электр энергиясының (қуатының) тең көлемінің өзара байланысты мен оны бір мезгілде жеткізу мақсатында Беларусь Республикасынан немесе Қазақстан Республикасынан уәкілетті ұйыммен жасалған коммерциялық агенттің шарттары.
      Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы БЭК-ге қатысушы мемлекеттердің арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру (алмастыру) құны m айында осындай шарттарда мынадай формула бойынша анықталады:
      
      мұнда:
      – Ресей заңнамасына сәйкес төленетін «ФЖК БЭЖ» ААҚ қызметтерінің құны
      – Ресей заңнамасына сәйкес төленетін «БЭЖ ЖО» ААҚ қызметтерінің құны
      – электр энергиясын мемлекетаралық беруге Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы сүйемелдейтін электр энергиясының (қуатының) көтерме сауда нарығындағы іс-қимылдалға байланысты қызметтің m айындағы құны.

      
      ,
      мұнда:
        – электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығында айналымға жіберілген өзге де тауарлармен және қызметтермен көтерме сауданы ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық оператор қызметінің m айындағы құны;
        – көтерме нарығының сауда жүйесіне қосылу туралы шартта анықталатын талаптар мен міндеттемелерді есептеу жөніндегі кешенді қызметтің m айындағы құны;
        – коммерциялық агентпен жасалатын шарттарда екіжақты тәртіппен анықталатын коммерциялық агенттің шығындары.
      6.3.2. Электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару және электр энергиясын ұлттық электр торабы арқылы беру (орнын ауыстыру) жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттерінің ұйымдары арасында электр энергетикалық жүйелердің қатар жұмысы туралы шарттар (техникалық келісімдер);
      6.3.3. Мемлекетаралық жеткізілім қималары бойынша жоспардағыдан Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында БЭК-ге қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы электр энергиясының орнын ауыстыру кезінде туындайтын нақтылы ағындардың ауытқу шамасын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары.

      7. Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының сағаттық нақты көлемі туралы коммерциялық есепке алу деректерімен алмасуды ұйымдастыру тәртібі

      7.1. Осы Тәртіп мына бөлікте екіжақты өзара іс-қимыл жасаудың негізгі бағыттарын айқындайды:
      - коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін алу;
      - коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін және жеткізу нүктелеріндегі мәндерге дейін коммерциялық есепке алудың көрсетілген деректерін толық есептеудің келісілген әдіснамасын ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы электр берудің мемлекетаралық желілері бойынша (бұдан әрі – ЭБМАЖ) электр энергиясының жедел1 сағаттық ағынын анықтау тәртібі;
      - коммерциялық есепке алу деректерін алмасу және жеткізу нүктелеріндегі мәндерге сәйкестендірілген коммерциялық есепке алу деректерін келісу рәсімдерін айқындайтын тәртіп.
      ЭБМАЖ бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін қалыптастыру және алмасу шарттары мен тәртібі ЭБМАЖ-да есепке алу нүктелері бойынша электр энергиясы ағындарының      сағаттық шамасының деректерімен алмасу туралы екіжақты келісімдерге сәйкес анықталады.
      7.2. Ақпаратты жедел алмасу.
      Тәулік сайын (немесе өзге уақыт аралығында Тараптардың келісімі бойынша) Тараптар мемлекеттерінің тиісті шаруашылық жүргізуші субъектілері ЭБМАЖ бойынша электр энергиясының сағаттық ағындарының шамасын қалыптастырады, алынған деректерді алмасады, тиісті есептеулерді орындайды, деректердің сәйкестігіне бағалау жүргізеді.
      ЭБМАЖ бойынша берілетін электр энергиясының сағаттық ағындарының мәні қамтылған ақпаратты жедел алмасу үшін деректерді берудің келісілген форматтары пайдаланылады.
      7.3. Сағаттық мәндерді жеткізу нүктелеріне есептеу.
      Сағаттық мәндерді жеткізу нүктелеріне есептеу екіжақты Келісімдерде келісілген берілген және алынған электр энергиясының нақты көлемін есептеу әдіснамасына сәйкес жүргізіледі.
_____________________________
1  Жедел сағаттық ағындар деп коммерциялық есепке алу кешендерінің      техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінен (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) ағынға қосылған барлық есепке алу нүктелеріне қатысты алынған коммерциялық есепке алу сағаттық деректері (жарты сағаттық немесе сағаттық) түсініледі.

      8. Тараптардың электр берудің мемлекетаралық желілері бойынша электр энергиясы ағынының нақты сальдосын айқындау тәртібі

      Күнтізбелік айдағы электр энергиясының мемлекетаралық      қимасы арқылы орын ауыстырылатын нақты көлемді анықтайтын осы тәртіп Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті ұйымдарының пайдалануына арналған.
      Тараптар мемлекеттерінің мемлекетаралық қимасы арқылы орын ауыстырылатын электр энергиясы ағынының нақты сальдосы әрбір жеткізу нүктесінде (WСальдо_гран) әрбір күнтізбелік ай үшін электр энергиясының қабылданған (WП1_гран) және/немесе берілген (WО1_гран) мөлшерінің алгебралық сомасы ретінде айқындалады.
      «Қабылдау», «Беру» режимдерінде ЭБМАЖ жұмысына қосылған барлық кедендік шекараға (жеткізу нүктесіне) сәйкестендірілген электр энергиясының күнтізбелік айдағы мәні және сальдо мынадай формулалар бойынша есептеледі:

      
      
      WСальдо_гран = WП1_гран + WО1_гран
      мұнда:
      W(нақҚ1)i – күнтізбелік айдағы i-ші ЭБМАЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде қабылданатын электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағын есебін формулаға ауыстыру үшін мән белгіні есепке ала отырып алынады (ағын бағыты).
      W(нақБ1)i – күнтізбелік айдағы i-ші ЭБМАЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде берілетін электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағын есебін формулаға ауыстыру үшін мән белгіні есепке ала отырып алынады (ағын бағыты).
      R – күнтізбелік ай ішінде жұмысқа енгізілген мемлекетаралық қимадағы ЭБМАЖ мөлшері.

      9. БЭК шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде мемлекетаралық қималар бойынша нақты ағындардың жоспарлы ағымдардан ауытқу көлемді мен құнын есептеу тәртібі

      Мемлекетаралық қималар бойынша нақты жеткізуге мынадай құрауыштар кіреді: электр энергиясының (қуатының) мемлекетаралық беру көлемі, тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері жасайтын коммерциялық шарттардың көлемі, авариялық көмектің көлемі және сальдо-ағынның нақты мәндерінің жоспардағыдан ауытқуына байланысты көлемі.
      Жоспардағыдан нақты сальдо-ағынының сағаттық ауытқу шамасын есептеуді және ауытқу көлемінің олардың бастамасына қарай анықтауды «ФЖК БЭЖ» ААҚ, «Белэнерго» МӨБ, «КЕGOC» АҚ және «БЭЖ ЖО» ААҚ мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
      а) Ресей Федерациясының энергия жүйесі арқылы электр энергиясын (қуатының) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру кезінде электр энергиясын мемлекетаралық беру көлемінің сағаттық шамасы тәуліктік диспетчерлік кестеде есепке алынған тиісті жоспарлы мәндерге теңдей етіп қабылданады.
      б) Есептеу кезеңінің әрбір сағатында коммерциялық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізудің нақты сағаттық көлемі белгіленген тәртіппен келісілген түзетулерді есепке ала отырып, тәуліктік диспетчерлік кестеде ескерілген тиісті жоспарлы мәндерге теңдей етіп қабылданады.
      в) БЭК-ке қатысушы болып табылмайтын мемлекеттердің энергия жүйелерімен қарым-қатынастар шеңберінде реттелетін сағаттық ауытқулар көлемі (сыртқы теңгерімдеу) БЭК шеңберіндегі ауытқу көлемінде ескеріледі. Сыртқы теңгерімдеу көлемін анықтау тәртіб БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің аралас энергия жүйелерінің жүйелік операторларымен (біртұтас ұлттық (жалпыресейлык) электр жейлерін басқару жөніндегі ұйымның қатысуымен) келісіледі.
      г) Авариялық көмек көрсету көлемі авариялық көмек көрсету кезінде ішкі ұлттық нарық субъектілері арасында жасалатын электр энергиясын сатып алу/сату шарттарының талаптарымен анықталады.
      Сағаттық ауытқу көлемі жасалуы 6-бөлімде көзделген Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекетаралық беруді қамтамасыз ететін шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қаржылық реттеуге жатады.
      Электр энергетикалық жүйелердің қатар жұмысы туралы шарттардың (техникалық келісімдердің), оның ішінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелеріндегі жиілікті реттеу және мемлекетаралық қималар бойынша келісілген сальдо-ағындарды ұстау бөлігіндегі талаптарын сақтау қажеттілігіне сүйене отырып, ауытқудың құны электр энергиясының (қуатының) ішкі ұлттық нарықтарының субъектілеріне электр энергиясының (қуатының) ұлттық нарықтағы жүйені теңгерімдеу жөніндегі қатынастарға қатысуы нәтижесінде көтерген негізделген шығындарды өтеуі тиіс.
      Ауытқудың құнын есептеу электр энергетикалық жүйелердің қатар жұмысы туралы шарттарда және БЭК-ге қатысушы мемлекеттер арасындағы электр энергетикасы саласындағы өзара қатынастарды реттейтін өзге шарттарда белгіленген мәндерден аспайтын көлемде энергия жүйелерінің қатар жұмысын техникалық қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын (қуатын) сатып алу/сату көлемін есепке алудың айырықша тәртібі ескеріле отырып жүргізіледі.
      Ауытқуды өтеу мақсатында есепте қолданылатын сатып алынған және сатылған электр энергиясы мен қуаттың сандық және баға параметрлері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылымы ұйымдарының есепті құжаттарымен расталады.
      Шарттар бойынша жеткізілімдердің құнын есептеу кезінде электр энергиясының (қуаттың) көлемін қайта есепке алуға жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады