Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы № 273 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 223 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы № 273 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне Өкілеттік Кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Жұмағұлов                        - Қазақстан Республикасының Білім
Бақытжан Тұрсынұлы                 және ғылым министрі, төрағаның
                                   орынбасары

Мыңбай                           - Қазақстан Республикасы
Дархан Қамзабекұлы                 Президентінің Әкімшілігі Ішкі
                                   саясат бөлімінің меңгерушісі
                                   (келісім бойынша);

мынадай:

«Пірәлиев                        - Қазақстан Республикасы Білім және
Серік Жайлауұлы                    ғылым министрлігінің жауапты
                                   хатшысы».

«Құрманғалиева                   - Қазақстан Республикасы Экономика
Аида Дәденқызы                     және бюджеттік жоспарлау
                                   министрлігі Әлеуметтік сала
                                   шығыстарын жоспарлау
                                   департаментінің директоры»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Пірәлиев                        - Қазақстан Республикасы Білім және
Серік Жайлауұлы                    ғылым министрлігінің «Абай
                                   атындағы Қазақ ұлттық
                                   педагогикалық университеті»
                                   республикалық мемлекеттік
                                   кәсіпорнының ректоры

«Құрманғалиева                   - Қазақстан Республикасының
Аида Дәденқызы                     Денсаулық сақтау вице-министрі»;

      көрсетілген құрамнан Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           K. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады