Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Кеден одағы комиссиясының Хатшылығындағы лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 243 Қаулысы

      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы туралы келісімге, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (Кеден одағының жоғары органы) Үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңесінің «Кеден одағының комиссиясы туралы» 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 5 шешіміне және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 358 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары лауазымына Дәулет Болатұлы Сүтемгеновтің кандидатурасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Кеден одағы комиссиясының бекітуіне ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады