Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы
№ 348 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 20, 228-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев